гмо дегеніміз не

0 дауыс
Аспаздық, тағам жасау бөлімінде 09 Қаң, 19 аноним сұрады
гмо дегеніміз не

3 Жауаптар

0 дауыс
09 Қаң, 19 аноним жауап берді
20 Қар, 20 ga_ramuk таңдалды
 
Үздік жауап
Қарапайым тілде түсіндірер болсақ, ГМО бір организмнің гендік кодына екінші генді «қосу» дегенді білдіреді. Бұрындары ауылшаруашылығында өсімдіктерді өсіру барысында түрлі ауру тасымалдайтын құрт-құмырсқа мен арамшөптерден қорғану үшін арнайы химиялық дәрі-дәрмектер пайдаланылатын. Бұл тәжірибе қоршаған ортаның, аграрлық экожүйенің синтетикалық заттармен ластануына әкеп соқты. Аграрлық технологияларды дамыту үшін адамзат жаңа идеяларды ойлап табуға мәжбүр болды.

Алғаш рет ГМО-ны АҚШ ойлап тапқан екен.

Monsanto 100 жылдан бері гендік-модифицерленген организмдерді «дүниеге» әкелді. Тарихқа көз жүгіртсек, 1960 жылы АҚШ пен Вьетнам арасындағы соғыс барысында алып компания Agent Orange атты затты ойлап табады. Бұл организм ауада ату барысында ешқандай кедергі болмау үшін Вьетнам жеріндегі өсімдіктерді түгел жоюға бағытталған. Agent Orange затының құрамында түрлі ісік аурулары мен адам организмінің мутациясын тудыратын диоксин бар. 1961-1971 жылдар аралығында Вьетнам жеріне 72 миллион литр Agent Orange төгілген. Осының салдарынан миллиондаған вьетнамдық мерт болып, АҚШ әскерінің сарбаздары ісік аурулары мен белгісіз мутациялардың сал­дарынан көз жұмды.

ГМО-ға қарсылық

ГМО-мен күрес әлем елдерінде қарқынды түрде жүргізілуде. Табысы ұлғайған халық экологиялық таза азық-түлікті пайдаланғанды жөн санайды. Еуропада азық-түлікте ГМО 0,9 пайыздан, Жапонияда 5 пайыздан, ал АҚШ-та 10 пайыздан артық болмасын деген заң бар Кей мемлекеттер ГМО-дан бас тартып, ГМ-мәдениетінен азат аймақ құруға талпынуда. Бүгінгі күні әлемнің 35 мемлекетінде 1300 ГМО-дан азат аймақ бар. Еуропалық мемлекеттердің гендік-модифицерленген қоспалардан бас тартуына ауылшаруашылығы өнімдерінің генетикалық ластануы, экономикалық шығындар мен ГМ-өнімдерінің адам өміріне қауіп-тілігі түрткі болып отыр. Көршілес Украина да гендік қоспаларға тосқауыл қоюды көздейді. Тіпті «Украина аумағын гендік модифицерленген организмдерден азат деп жариялау туралы» заң жобасы дайындалған. Ал Ресейде кез келген азық-түлікті өндіруші немесе сырттан әкелуші компания құрамындағы ГМО қоспасы жөнінде ақпарат беруге міндетті. ГМО-ны бақылайтын заң Ресейде 10 жыл бойы жүзеге асып келеді. Мамандардың айтуынша, бүгінде Ресейде бірде-бір ГМ-өсімдік коммерциялық мақсатта өндірілмейді. Сондай-ақ елде қауіпсіздікті бақылауға жүргізілген зерттеулер 15 ГМО қоспасы бар өнімді тағам ретінде қолдануға рұқсат беріп отыр. Бүгінде Ресей өнімдеріне «Без ГМО» деген жазуы бар қағаздар жабыстырылған. 2008 жылы БҰҰ мен Әлемдік банк тұңғыш рет гендік модифицерленген технология саласындағы ірі бизнеске тосқауыл қоюды қолға алды.

Ал Қазақстанда...

Қазақстанда ел аумағында гендік модификацияға ұшыраған азық-түлікті бақылайтын «Гендік инженерия қызметін мемлекеттік бақылау» жөнінде заң жобасы құрылды. Ағымдағы жылдың наурызында аталмыш құжат Мәжілістің қарауына өтті. Заң жобасын Білім және ғылым министрлігі құрды. Әзірге елімізде гендік модификация қызметіне тоқсауыл қоятын заңнама жоқ. Кей мамандардың айтуынша, азық-тұлік қорабында ГМО қоспасы жөнінде ақпарат берілмегендіктен қазақстандықтар гендік өзгеріске ұшыраған өнімді шамадан тыс пайдаланады. Бұған елімізде трансгендік организмдерді анықтайтын арнайы лабораторияның жоқтығы сеп болып отыр. Егер жоғарыда аталған заң жобасы қабылданса, елімізде құрамында ГМО-сы бар балалар тағамы, өндіріске қажетті қоспаларды дайындауға, импорт пен экспортқа түбгейлі тыйым салынады. Қазақстанға тек мемлекеттік тіркеуден өткен ГМО-сы бар азық-түліктер ғана кіргізіледі.
0 дауыс
09 Қаң, 19 аноним жауап берді
Зияны

ГМО организмге түскенде ағзадағы гендердің қасиеттері өзгереді, осы өзгерістердің спектірін алдын ала байқау мүмкін емес. Көптеген ГМО - ның негативті әсерлері бірнеше ұрпақтан кейін байқалады.

Бактерияның ағзаға енуі, ГМО – ның табиғатқа таралу мөлшерін бақылап отыру мүмкін емес. Аллергиялығы, уыттылығы, канцерогендігі, мутагендігі байқалады.
0 дауыс
14 Қаң, 19 Жадыра жауап берді

ГМО (гендік модификацияланған организмдер) – гендік инженерияның табысты жемісіне айналып отыр. Нақтырақ айтсақ ГМО – бір ағзаның геніне бөтен ағзаның генін енгізу арқылы пайда болады. Мысалы, шет елдерден тасымалданатын шие мен қытай қиярына шошқаның гені қосылады екен. Америка 1983 жылы биологиялық қару жасау барысында ең алғашқы гендік модификацияланған өсімдіктерді өндірген. Сосын, гендік модификация 1986 өсімдіктерді үсіп кетуден сақтау үшін пайдаланылған. Бұл ол кездері ғылымдағы үлкен жетістіктердің бірі болатын. 1992 жылы осы әдіспен Қытайда зиянкестер залал келтірмейтін темекі өндірілген. 1994 жылы тасымалдау кезінде бұзылмай сақталатын қызанақтар өндірілді. Содан бастап «ГМО мәдениеттің» дәурені жүре бастады. Оған себепші болған Американдық «Monsanto» фирмасы еді. 2006 жылы 22 елдің 10, 3 млн. фермері 102 млн. гектар жерге ГМ - өсімдіктің сан түрін алған. Мәселен, осы жолмен өсірілген картоп, алма, мақта, жүгерілерге құрт мүлде түспеген.

Білімділер порталының сұрақ жауап бөліміне қош келдіңіздер!

263 сұрақ

265 жауап

10 пікір

49,997 қолданушы

Көп қолданылатын ілмектер

математика тік төртбұрыштың ауданын табу синоним денсаулық педагогика өлең социальная сеть қазақ тілі күзгі бал тақпақ аттестация психология махаббат мерекесі жарнама арқылы ақша табу әлеуметтік желі лексика адам болсан десениз диалект аудан табу формула тамақ ауруы бала құқығын қорғайтын заң екі таңбалы сан таныстыру өлеңі банк несие қаржы валюта теңге білім дыбыстар дауыссыз жер тіркелу қалай адам сценарий сайтқа квадрадтың ауданын табу жауаптары барма әдебиет сақтардың өмір сүрген жылдары аудан дегеніміз не? сақтар . өте тез керек өсиет. грант 2019 грант 2019-2020 толық тізімі грант 2019-2020 күн туралы сұрақ 70 пайыз құйрықты жұлдыз комета жер мен күн қашықтық қолданылу өрісі тар лексика ұлтан мағынасы ұлтан сұлтан өрт сөндіру нөмірі өрт сөндіру номері қауіпсіздік махаббат күні министрлердің тізімі министрлік рамадан 2019 рамазан айы ораза 2019 үй жануарлары мысық гмо спорт олимпиада госакт на землю жер телімі госакт азық түлік тарнс майлар трансмайлар мереке күндері теңдеуді шешу диалект сөздер характеристика ковалентной связи. октетные формулы льюиса. термин теория электронных смещений химическая связь теория направленных валентностей тік төртбұрыш тіктөртбұрыш периметр қазақ әдебиеті зар заман ақындары кекек әдемі есім ұл балаға есім таңдау қыз балаға есім таңдау есім таңдаң елің кім руың кім
...