Қарапайым тілде түсіндірер болсақ, ГМО бір организмнің гендік кодына екінші генді «қосу» дегенді білдіреді. Бұрындары ауылшаруашылығында өсімдіктерді өсіру барысында түрлі ауру тасымалдайтын құрт-құмырсқа мен арамшөптерден қорғану үшін арнайы химиялық дәрі-дәрмектер пайдаланылатын. Бұл тәжірибе қоршаған ортаның, аграрлық экожүйенің синтетикалық заттармен ластануына әкеп соқты. Аграрлық технологияларды дамыту үшін адамзат жаңа идеяларды ойлап табуға мәжбүр болды.
Алғаш рет ГМО-ны АҚШ ойлап тапқан екен.
Monsanto 100 жылдан бері гендік-модифицерленген организмдерді «дүниеге» әкелді. Тарихқа көз жүгіртсек, 1960 жылы АҚШ пен Вьетнам арасындағы соғыс барысында алып компания Agent Orange атты затты ойлап табады. Бұл организм ауада ату барысында ешқандай кедергі болмау үшін Вьетнам жеріндегі өсімдіктерді түгел жоюға бағытталған. Agent Orange затының құрамында түрлі ісік аурулары мен адам организмінің мутациясын тудыратын диоксин бар. 1961-1971 жылдар аралығында Вьетнам жеріне 72 миллион литр Agent Orange төгілген. Осының салдарынан миллиондаған вьетнамдық мерт болып, АҚШ әскерінің сарбаздары ісік аурулары мен белгісіз мутациялардың салдарынан көз жұмды.
ГМО-ға қарсылық
ГМО-мен күрес әлем елдерінде қарқынды түрде жүргізілуде. Табысы ұлғайған халық экологиялық таза азық-түлікті пайдаланғанды жөн санайды. Еуропада азық-түлікте ГМО 0,9 пайыздан, Жапонияда 5 пайыздан, ал АҚШ-та 10 пайыздан артық болмасын деген заң бар Кей мемлекеттер ГМО-дан бас тартып, ГМ-мәдениетінен азат аймақ құруға талпынуда. Бүгінгі күні әлемнің 35 мемлекетінде 1300 ГМО-дан азат аймақ бар. Еуропалық мемлекеттердің гендік-модифицерленген қоспалардан бас тартуына ауылшаруашылығы өнімдерінің генетикалық ластануы, экономикалық шығындар мен ГМ-өнімдерінің адам өміріне қауіп-тілігі түрткі болып отыр. Көршілес Украина да гендік қоспаларға тосқауыл қоюды көздейді. Тіпті «Украина аумағын гендік модифицерленген организмдерден азат деп жариялау туралы» заң жобасы дайындалған. Ал Ресейде кез келген азық-түлікті өндіруші немесе сырттан әкелуші компания құрамындағы ГМО қоспасы жөнінде ақпарат беруге міндетті. ГМО-ны бақылайтын заң Ресейде 10 жыл бойы жүзеге асып келеді. Мамандардың айтуынша, бүгінде Ресейде бірде-бір ГМ-өсімдік коммерциялық мақсатта өндірілмейді. Сондай-ақ елде қауіпсіздікті бақылауға жүргізілген зерттеулер 15 ГМО қоспасы бар өнімді тағам ретінде қолдануға рұқсат беріп отыр. Бүгінде Ресей өнімдеріне «Без ГМО» деген жазуы бар қағаздар жабыстырылған. 2008 жылы БҰҰ мен Әлемдік банк тұңғыш рет гендік модифицерленген технология саласындағы ірі бизнеске тосқауыл қоюды қолға алды.
Ал Қазақстанда...
Қазақстанда ел аумағында гендік модификацияға ұшыраған азық-түлікті бақылайтын «Гендік инженерия қызметін мемлекеттік бақылау» жөнінде заң жобасы құрылды. Ағымдағы жылдың наурызында аталмыш құжат Мәжілістің қарауына өтті. Заң жобасын Білім және ғылым министрлігі құрды. Әзірге елімізде гендік модификация қызметіне тоқсауыл қоятын заңнама жоқ. Кей мамандардың айтуынша, азық-тұлік қорабында ГМО қоспасы жөнінде ақпарат берілмегендіктен қазақстандықтар гендік өзгеріске ұшыраған өнімді шамадан тыс пайдаланады. Бұған елімізде трансгендік организмдерді анықтайтын арнайы лабораторияның жоқтығы сеп болып отыр. Егер жоғарыда аталған заң жобасы қабылданса, елімізде құрамында ГМО-сы бар балалар тағамы, өндіріске қажетті қоспаларды дайындауға, импорт пен экспортқа түбгейлі тыйым салынады. Қазақстанға тек мемлекеттік тіркеуден өткен ГМО-сы бар азық-түліктер ғана кіргізіледі.