Әлеуметтік желіде ақша табу үшін, қызықты, сапалы контент ұсынып, каналға адам тарту қажет. Адамдар көптеп кіре бастаған кезде жарнама қойып, содан табыс табуға болады. Бірақ бүгін канал ашып, ертең табыс табамын дегендер шатасады. Себебі бірден каналға адам жиналмайды, екіншіден жарнама берушілер де бірден келмейді. Сондықтан ақша табамын деп емес, адамдарға пайдалы іс жасаймын деп ашу керек каналды. Әрине келе-келе табыс та келеді өз жолымен.