Антеридий (гр. antheros - гүлденген) - кейбір балдырлардың, саңырауқұлақтардың және мүктердің, сушырмауықтың, қырықбуынның, қырыққұлақтардың аталық жыныс мүшесі. Шар тәрізді немесе сопақша пішінді. Жоғарғы сатыдағы өсімдіктерде антеридияда спермагенді жасушалар дамиды– олар козғалмалы сперматозоидтарға бастама береді.