Торттың кремі

0 дауыс
Аспаздық, тағам жасау бөлімінде 03 Жел, 20 аноним сұрады
Торттың кремін жасау керек

1 Жауап

0 дауыс
06 Жел, 20 ga_ramuk (4,990 бал) жауап берді
Тортқа арналған ең қарапайым крем түрлері

✅ 1. Классикалық крем

- 500 мл сүт

- 200 гр қант

- 1 шай қасық ванилин

- 50 гр ұн

- 4 шт жұмыртқа сарысы

Алдымен жұмыртқа сарысымен қантты шайқап, оған ұнды, ванилин қосып тағы шайқап аламыз.

Сүтті бөлек ыдысқа құйып, қайнағанға дейін отта ұстаймыз. Оттан алып, жұмыртқа қоспасының үстіне құямыз. Шыққан қоспаны отқа қойып, қою болғанға дейін қайнатамыз. Дайын!

✅ 2. Әмбебап майлы крем

- 200 гр сары май

- 4 жұмыртқа

- 200 гр қант

- 100 гр қант пудрасы

- ванилин

Құрғақ қазанға жұмыртқа мен қантты шайқап аламыз. Отқа қойып жылыта бастаймыз. Үнемі араластырып тұрамыз. Қою қоспа шығады. Оттан алып үстелге қоямыз. Қоспа суығанға дейін араластырамыз. Бөлек ыдысқа Сары маймен қант пудрасын шайқаймыз. Соған жұмыртқа қоспасын және ванилин қосамыз. Жақсылап араластырамыз. Дайын!

✅ 3. Крем сгущенкадан

- 200 гр сары май

- 100 гр сгущенка

- 2 жұмыртқа сарысы

- ванилин

Езіліп тұрған сары майды сгущенкамен шайқаймыз. Шайқап тұрып, бір бірден жұмыртқаны қосамыз. Соңында ванилин қосамыз. Дайын!

✅ 4. Оңай крем

- 1 банка сгущенка

- 200 гр сары май

Езіліп тұрған майды сгущенкамен жақсылап шайқаймыз. Дайын!

✅ 5. Жарма ұнтағынан крем

- 1/2 стакан сүт

- 1 ас қасық жарма ұнтағы

- 1 шай қасық қант

- 1/2 шай қасық сары май

- 1 жұмыртқа сарысы

- ванилин

Сүтті ванилинмен бір қайнатып аламыз. Жарма ұнтағын азғана сумен араластырып, қайнаған сүтке қосып, баяу отта қайнатамыз.

Жұмыртқа, қант, сары майды жақсылап шайқап аламыз. Жұмыртқа қоспасына аздап жылы жарма ботқасын қосып, тағы да жақсылап шайқаймыз. Дайын!

✅ 6. Сыр - крем "Маскарпоне"

- 200 гр сүзбе (творог)

- 200 мл кілегей(сливки)

Сүзбені ситодан өткізіп, майдалаймыз. Оған суық кілегейді құямыз. Миксермен крем шыққанға дейін жақсылап араластырамыз. Дайын!

✅ 7. Қайнатылған крем

- 2 жұмыртқа

- 200 гр қант

- ванилин

- 300 мл сүт

- 2 шай қасық еріген сары май

- 2 шай қасық ұн

Кастрюлде ұн мен жұмыртқаны шайқаймыз.

Басқа кастрюлде сүт пен қантты әрдайым араластырып тұрып қайнатамыз.

Сүтті жұмыртқа қоспасына құйып, қасықпен араластырамыз.

Шыққан кремді баяу отқа қойып, қою болғанға дейін араластырып тұрған күйде ұстаймыз. Тек қайнап кетуіне жол бермеңіз.

Кремді оттан түсіріп, ванилин мен Сары майды қосып, жақсылап араластырамыз. Тез суытуға тырысыңыз. Мұзға немесе суық суға салу керек. Дайын!

✅ 8. Бесминуттык крем

- 250 гр сары май

- 200 гр қант пудрасы

- 100 мл сүт

- ванилин

Сүтті қайнатып, шамамен 36 - 38 градуска дейін суытамыз. Барлық қажетті заттарды араластырып, крем шыққанға дейін шайқаймыз. (Кремді миксермен, болмаса қолмен шайканыз. Басқа нәрсемен шайқаманыз.) Дайын!
Білімділер порталының сұрақ жауап бөліміне қош келдіңіздер!

256 сұрақ

265 жауап

10 пікір

46,519 қолданушы

Көп қолданылатын ілмектер

математика тік төртбұрыштың ауданын табу денсаулық синоним педагогика өлең социальная сеть қазақ тілі тақпақ аттестация психология махаббат мерекесі жарнама арқылы ақша табу әлеуметтік желі лексика адам болсан десениз диалект аудан табу формула тамақ ауруы бала құқығын қорғайтын заң екі таңбалы сан таныстыру өлеңі күзгі бал банк несие қаржы валюта теңге білім дыбыстар дауыссыз жер тіркелу қалай адам сценарий сайтқа квадрадтың ауданын табу жауаптары барма әдебиет сақтардың өмір сүрген жылдары аудан дегеніміз не? сақтар . өте тез керек өсиет. грант 2019 грант 2019-2020 толық тізімі грант 2019-2020 күн туралы сұрақ 70 пайыз құйрықты жұлдыз комета жер мен күн қашықтық қолданылу өрісі тар лексика ұлтан мағынасы ұлтан сұлтан өрт сөндіру нөмірі өрт сөндіру номері қауіпсіздік махаббат күні министрлердің тізімі министрлік рамадан 2019 рамазан айы ораза 2019 үй жануарлары мысық гмо спорт олимпиада госакт на землю жер телімі госакт азық түлік тарнс майлар трансмайлар мереке күндері теңдеуді шешу диалект сөздер характеристика ковалентной связи. октетные формулы льюиса. термин теория электронных смещений химическая связь теория направленных валентностей тік төртбұрыш тіктөртбұрыш периметр қазақ әдебиеті зар заман ақындары кекек әдемі есім ұл балаға есім таңдау қыз балаға есім таңдау есім таңдаң елің кім руың кім
...