Қазақстандағы ең биік сарқырама

0 дауыс
Ана тілі бөлімінде 27 Мам, 21 аноним сұрады
Ең биік Сарқырама

1 Жауап

0 дауыс
12 Қар, 21 ga_ramuk (4,990 бал) жауап берді
Бұрханбұлақ - Қазақстандағы ең биік сарқырама. Оның биіктігі - 114 метр, төртінші каскадын қосып есептегенде 168 метрге жетеді. Сарқырама Алматы облысы Ескелді ауданының аумағында орналасқан. Алайда облыстың да, ауданның да ресми сайтында сарқырама туралы мәлімет жоқ.
Бұрханбұлақ суы Жетісу (Жоңғар) Алатауындағы Қора шатқалындағы Қора өзеніне қосылады. Алматыдан - 420 км, Алматы облысының орталығы Талдықорған қаласынан 120 км қашықтықта орналасқан сарқырамаға апаратын көлік жолының шамамен 40 километрдейі қара жолдан тұрады. Қапал бұрылысынан кейінгі жолдың 20 километрдей бөлігі күрделі, ал алты километрдей бөлігі тауды қиялай өтетін серпантинмен жалғасады. Бұл тұстан тек жол талғамайтын көліктер ғана жүре алады. Алайда Бұрханбұлақ сарқырамасына Текелі қаласынан жаяу баратындар да бар. Текелі мен Бұрханбұлақ арасы - 52 километр.
Білімділер порталының сұрақ жауап бөліміне қош келдіңіздер!

256 сұрақ

265 жауап

10 пікір

46,545 қолданушы

Көп қолданылатын ілмектер

математика тік төртбұрыштың ауданын табу денсаулық синоним педагогика өлең социальная сеть қазақ тілі тақпақ аттестация психология махаббат мерекесі жарнама арқылы ақша табу әлеуметтік желі лексика адам болсан десениз диалект аудан табу формула тамақ ауруы бала құқығын қорғайтын заң екі таңбалы сан таныстыру өлеңі күзгі бал банк несие қаржы валюта теңге білім дыбыстар дауыссыз жер тіркелу қалай адам сценарий сайтқа квадрадтың ауданын табу жауаптары барма әдебиет сақтардың өмір сүрген жылдары аудан дегеніміз не? сақтар . өте тез керек өсиет. грант 2019 грант 2019-2020 толық тізімі грант 2019-2020 күн туралы сұрақ 70 пайыз құйрықты жұлдыз комета жер мен күн қашықтық қолданылу өрісі тар лексика ұлтан мағынасы ұлтан сұлтан өрт сөндіру нөмірі өрт сөндіру номері қауіпсіздік махаббат күні министрлердің тізімі министрлік рамадан 2019 рамазан айы ораза 2019 үй жануарлары мысық гмо спорт олимпиада госакт на землю жер телімі госакт азық түлік тарнс майлар трансмайлар мереке күндері теңдеуді шешу диалект сөздер характеристика ковалентной связи. октетные формулы льюиса. термин теория электронных смещений химическая связь теория направленных валентностей тік төртбұрыш тіктөртбұрыш периметр қазақ әдебиеті зар заман ақындары кекек әдемі есім ұл балаға есім таңдау қыз балаға есім таңдау есім таңдаң елің кім руың кім
...