әдеп кодексі

0 дауыс
Заң бөлімінде 13 Қаз, 21 аноним сұрады

1 Жауап

0 дауыс
12 Қар, 21 ga_ramuk (4,990 бал) жауап берді

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі
(Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары)

1. Жалпы ережелер

1. Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қояды.
Қоғам мемлекеттік қызметші өзінің барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін өзі жүзеге асыратын кәсіби қызметіне жұмсайды, өзінің Отаны – Қазақстан Республикасына қалтқысыз әрі адал қызмет етеді деп сенеді.
Мемлекеттік қызметшілер өз қызметінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатын жақтауға және оны дәйекті түрде жүзеге асыруға тиіс.

2. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің осы әдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) (бұдан әрі – Кодекс) Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының заңдарына, жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне қойылатын жалпы қабылданған талаптарды, сондай-ақ олардың мінез-құлқының негізгі стандарттарын белгілейді.
Кодекс халықтың мемлекеттік органдарға сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға және мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алуға бағытталған.

3. Мемлекеттік органдардың басшылары, орталық атқарушы органдарда – орталық атқарушы органдардың жауапты хатшылары немесе белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органдардың жауапты хатшыларының өкілеттіктері жүктелген лауазымды адамдар, ал орталық атқарушы органдардың жауапты хатшылары немесе аталған лауазымды адамдар болмаған жағдайда – орталық атқарушы органдардың басшылары осы Кодекс талаптарының орындалуын, осы Кодекстің мәтінін мемлекеттік органдардың ғимараттарында баршаға көрінетіндей жерде орналастыруды қамтамасыз етеді.

4. Мемлекеттік қызметші мемлекеттік қызметке тұрғаннан кейін үш күн мерзімде осы Кодекстің мәтінімен жазбаша нысанда таныстырылуға тиіс.

https://rkastana.gov.kz/kz/page/eticheskiy-kodeks-gos_sluzhashchih-rk

Білімділер порталының сұрақ жауап бөліміне қош келдіңіздер!

263 сұрақ

265 жауап

10 пікір

49,690 қолданушы

Көп қолданылатын ілмектер

математика тік төртбұрыштың ауданын табу синоним денсаулық педагогика өлең социальная сеть қазақ тілі күзгі бал тақпақ аттестация психология махаббат мерекесі жарнама арқылы ақша табу әлеуметтік желі лексика адам болсан десениз диалект аудан табу формула тамақ ауруы бала құқығын қорғайтын заң екі таңбалы сан таныстыру өлеңі банк несие қаржы валюта теңге білім дыбыстар дауыссыз жер тіркелу қалай адам сценарий сайтқа квадрадтың ауданын табу жауаптары барма әдебиет сақтардың өмір сүрген жылдары аудан дегеніміз не? сақтар . өте тез керек өсиет. грант 2019 грант 2019-2020 толық тізімі грант 2019-2020 күн туралы сұрақ 70 пайыз құйрықты жұлдыз комета жер мен күн қашықтық қолданылу өрісі тар лексика ұлтан мағынасы ұлтан сұлтан өрт сөндіру нөмірі өрт сөндіру номері қауіпсіздік махаббат күні министрлердің тізімі министрлік рамадан 2019 рамазан айы ораза 2019 үй жануарлары мысық гмо спорт олимпиада госакт на землю жер телімі госакт азық түлік тарнс майлар трансмайлар мереке күндері теңдеуді шешу диалект сөздер характеристика ковалентной связи. октетные формулы льюиса. термин теория электронных смещений химическая связь теория направленных валентностей тік төртбұрыш тіктөртбұрыш периметр қазақ әдебиеті зар заман ақындары кекек әдемі есім ұл балаға есім таңдау қыз балаға есім таңдау есім таңдаң елің кім руың кім
...