Мұғалімнің рефлексиялық күнделігі белгілі бір оқиға жайлы өзіндік жеке ойтолғаулар, сезімдер мен әсерлер жазылатын жеке адамның күнделігі іспеттес жүргізіледі. Ерекшелігі мұнда мұғалімге тән кәсіби мәселелер жазылады. Сыныпта орын алған оқиғалар жайлы рефлексия жасап, олардың туындау себебін анықтауға тиімділігі көп.