Сан есім - заттың санын, мөлшерін, ретін білдіреді. Қанша? Неше? Нешеу? Нешінші деген сұрақтарға жауап береді.
Сан есімдер құрамына қарай дара сан есім және күрделі сан есім болып бөлінеді.
Бір түбірден құралған негізгі және туынды сан есім дара сан есім деп аталады.
Мысалы, он, екі, бес, мың, жүз, отыз – негізі сан есімдер;
ондаған, мыңдаған, алтыншы, екеу, жетеу – туынды сан есімдер.
Екі немесе одан да көп түбірдің тіркесінен немесе қосарлануынан жасалған сан есім күрделі сан есім деп аталады.
Мысалы, екі мың он үш, жиырма бес, бес - алты, үш - үштен т. б.
Сөздердің қосарлану мен қайталануы арқылы жасалған күрделі сан есімдер дефис (-) арқылы жазылады. Мысалы, қырық - елу, алпыс - жетпіс