Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қыз сыны байқауына таныстыру

02 наурыз 2023, Бейсенбі
Категориясы: Оқушыларға
«Қыз сыны байқауына» Таныстыру

1. Жаңғырып, қайта гүлдеп жаңарды өлкем,
Шуағын шашып қайта, оралды көктем.
Бәйшешек гүлдей болып ару қыздар,
Келіп тұр « Қыз сынына» бүгін көркем.

2. Арнаймын ана әнімді бүгін саған,
Жолдаймын сәлемімді қауым саған.
Қабыл ал бүгін менің сиымды ана,
Жолдаймын өнерімді, ән жыр әсем.

3. Раушан гүл аңқыса егер қалаларда,
Аңқиды жиде иісі ауылымда.
Осы елде тудым мен де өсіп келем,
Ата - анам мен халқымның ортасында.

4. Кетейін мен өзімді таныстырып,
Сыныбымнан шықтым өнер жарыстырып.
Тараған Жалайырдан Естемеспін
Көрейін өнерімді салыстырып.

5. Көктемде жайнап өскен гүлі даланың,
Болашақ үміт артар бір балаңмын.
Ата - анам, халқым маған арнап қойған
Есімім - Ләззат атты қыз боламын.

6. Күтемін сабырлық пен әділдікті,
Үмітім баға алу әділетті.
Құрбылар, қарсыластар мерекеде
Болмасын ешбір реніш көңілдерде.

7. Мереке құтты болсын баршаңызға,
Ашық күн мен тілеймін аспаныма.
Көктемгі күндей болып көңілдерің,
Әрдайым бөленейік қуанышқа.

Алматы облысы, Балқаш ауданы,
«Көкжиде орта мектебінің
математика және информатика пәні мұғалімі
Абитбекова Жанар Санаққызы
48 844
0
  • 80
1 дауыс


Жаңалықтар
Ертеңгілік: Шуағын шашқан - аялы алақан
Ертеңгілік: Шуағын шашқан - аялы алақан
8 – наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Көктемнің шуақты күндерімен қатар келіп жатқан төл мерекелеріңіз құтты болсын!
Таныстыру өлең шумақтары
Таныстыру өлең шумақтары
Қыз - өсіру ата - ана ізгі арманы Алдарыңа үмітпен келіп тұрған, Қазағымның тарихын зерделеген Айтолқын атты қазақтың қызғалдағы
Анама арнап ән саламын
Анама арнап ән саламын
Сыйлайыншы гүлімді Теріп алған даладан Мейрамыңмен құттықтап, Ән айтамын мен саған
Қыз еркем – қылығымен көркем
Қыз еркем – қылығымен көркем
Байқаудың мақсаты: Жастарға сапалы білім беріп қана қоймай, сонымен қатар тәрбие де беру. Адамға ең бірінші білім емес тәрбие керек. Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы.
Гүл көктем, ару көктем
Гүл көктем, ару көктем
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Қарғалы ауылы «Бүлдіршін» шағын орталығының «Балапан» тобының тәрбиешісі Әлтаева Алтынкүл Райханқызы
Балғын ару - 2013
Балғын ару - 2013
Балқаш қаласы, №15 жалпы білім беретін орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі Толеуова Манира Мухаметкалиевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×