Түркменстандағы дарбаза газ кратері 53 жылдан бері өшпей жанып жатыр. Бұл жердің сыры неде? Неге «Тозақ қақпасы» деп аталады?
Ашхабадтан 266 шақырым жерде орналасқан Қарақұм шөліндегі 1971 жылы Совет геологтары жер қазып газ іздеп жатқан кезде жер опырлып кетіп осындай кратер пайда болған. Геологтар жерден шыққан газды жағып жібереміз деп от тұтатады. Олар газ бірнеше күнде жанып кетеді деп ойлаған, бірақ ол кратер газы әлі күнге дейін жанып жатыр.
Кейін диаметрі 60 метр, тереңдігі 20 метр шұңқырды халық арасында «Тозақ қақпасы» деп атаған. Кратердің астындағы үңгірден шыққан және газдың жануынан шыққан от бағаналары 15 метр биіктікке жетуі мүмкін. Қазір бұл жер туристер келетін жерге айналды.