Қазір әлемде 9 елде ядролық қару бар. Ол мемлекеттер:
АҚШ
Ресей
Британия
Франция
Пәкістан
КХДР
Қытай
Үндістан
Израил
Екінші дүниежүзілік соғыс ядролық жарысты бастап берді. 1945 жыл АҚШ «Гаджет» деген бомбасын сынады да артынша «Малыш» деген бомбасын Жапонияның Херосима және Нагасакига тастады. Америкадан қалып бара жатырмыз деп Совет Одағы да өзінің алғашқы РДС-1 атом бомбасын Қазақстан жерінде 1949 жыл Семей полигонында сынап көрді. Семейде +400 ядролық сынақ жасалған. Қазақстан жерінде 1400 астам ядролық қару болған. Тәуелсіздік алған соң барлық қаруды Ресейге өткізіп бердік. 1991 жылы Н. Назарбаев Семей полигонын жапты.
1995 жылы толығымен ядролық қарудан ада елге айналды. Ядролық қару қаупін мына ақпараттан түсіне аласыз:
1 бомба жарылса 55-60 км жерде ештеңе қалмайды, 70-80 мың адам қаза болады.
Ядролық қару жаппай қырып — жою құралы ретінде қысқа мерзім ішінде әкімшілік орталықтарды, өнеркәсіп және әскери нысандарды, әскерлер тобын, флот күштерін талқандау, қоршаған ортаны радиоактивтік ластандыру, жаппай бүлдіру, суға батыру, т. б. мақсаттар үшін қолданылады. Ядролық қару адамдарға күшті моральдық және психологиялық әсер етеді. Оның қуаттылығы тротилдік эквивалентпен бағаланады. Қазіргі заманғы бұл қарудың қуаты ондаған тротилден бірнеше ондаған млн. тротилге дейін жетеді.