Алты құрлықты өзіне сыйдыратын мұхит

Тынық мұхиты жер бетінің 32 пайызын алып жатқан алып мұхит. Әлемдегі алты құрлық осы мұхитқа сиып кетеді. Оның көлемі оңтүстіктен солтүстігіне дейін 15800 км, ал шығыстан батысына дейін 19500 км дейін созылып жатыр. Бұл қашықтықты ұшақпен еңсеретін болсақ 20 сағат кететін еді.

Тынық мұхитында ең терең Мариана шұңғымасы орналасқан, оның тереңдігі 11022 м. Тынық мұхиттың ауданы — 178,6 млн. км. Оның айдынына жер шарындағы барлық материктерін сыйғызуға болады.

Тынық мұхиттағы судың көлемі 710 млн. км3-ге тең, бұл Дүниежүзілік мұхит суының 53%-ын құрайды. Мұхиттағы орташа тереңдік 4 мың метрге жуық. Тынық мұхит — ең жылы мұхиттың бірі болып есептеледі, суының орташа температурасы +19,5°С. Тынық мұхитында аралдар өте көп кездеседі, олардың жалпы саны 10 мыңнан асады.

Географиядан тест 7 сұрақ біліміңізді тексеріп көріңіз.

Пікір қосу

Сіздің email мекен-жайыңыз жарияланбайды. Міндетті жолдар *

Жоғары шығу