Педагогика ғылмы екі мағына береді:
- Біріншіден — білімнің ғылыми аумағы, ғылым;
- Екіншіден — өнер, қолөнер, педагогикалық іс-әрекет аумағы.
Педагогика атауының түп-төркіні гректің «пайдос » — бала және «аго » — жетектеу деген сөздерінен шыққан. «Пайдагогос » сөзін тура мағынасында аударса, «бала жетектеуші» деген ұғымды білдіреді. Яғни, баланы өмірге жетектеу, оқыту, оны тәрбиелеу, жан мен тәннің дамуына бағыттау дегенді білдіреді.