Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Білім сапасын арттырудың негізгі шарты-жаңа иновациялық технологиаларды қолдану

26 қаңтар 2023, Бейсенбі
Категориясы: Білім
Білім сапасын арттырудың негізгі шарты - жаңа иновациялық технологиаларды қолдану

Білім сапасын арттыру жолындағы мақсат: пән бойынша ғылыми - әдістемелік зерттеулер жүргізу, оның нәтижесін талдау, ғылыми методикалық жұмыстарды дамытуды оқытудың тиімді әдістерін табу, дамыта оқыту: анализ, синтез, болжау әдістерін сабақ беруде жиі қолдану.
Білім сапасын арттырудың басты шарты олар: оқыту теориясының дамытылуы мен практикада орынды қолданылуы, оқыту программасы мен оқулықтардың, оқу құралдарының сапасын қамтамасыз ету, мектептің оқу - материалдық базасын жақсарту, мектептерді қажетті көрнекі және техникалық оқу құралдарымен толық жабдықтау, мұғалімнің әдістемелік шеберлігі, мектеп басшыларының мектепішілік ісін дұрыс ұйымдастыра білуі, ата - аналардың және басқа да қоғамдық ұйымдардың осы мақсатта жүйелі жұмыс жүргізе білуі.
Оқушылардың білім сапасын арттыру, ең алдымен мұғалімнің кәсіби шеберлігіне, оқушылардың оқу іс - әрекетін педагогикалық сауатты ұйымдастыра білуіне байланысты. Оқыту теориясы қаншалықты дамытылғанымен, оқу бағдарламасы қаншалықты жетілдіргенімен, оқулық пен оқу құралдарының сапасы барынша жақсартылғанымен, мектеп керекті оқу құралдарымен керегінше жабдықталғанымен, оқу процесінде осының баршасына жан бітіріп, іске қосатын, оларды оқушылардың бақылау, байқау, зерттеу, оқу, үйрету тағы сол сияқты іс - әрекеттер объектісіне айналдыратын кілт - мұғалімде.
Балалардың білім сапасын арттыруда мұғалім бала дамуының мынадай негізгі белгілерін: дербестігін, проблемалық ситуация, шығармашылық таным әрекетін, диалектикалық ойлауы, жаңа иновациялық технологиаларды қолдануы т. б. қадағалап, балалар мен жеке, дара жұмыстар жүргізеді. Білімнің жаңа мазмұнын жүзеге асыру үшін жаңа технологиялар қажет – ақ. Жаңалықты меңгеру мен жүзеге асыруда дұрыс түсінбеушілік ұйымдастырушыға әртүрлі кедергі жасайтыны белгілі. Сондай педагогикалық технологиялардың бірі оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту.
Сын тұрғысынан ойлау — өз алдына сұрақтарға жауап іздеп, жан - жақты пікірлесіп, талдау жасап отыру. Бала санасын сол тақырыпқа байланысты ояту, ой шақыру, ойын тұжырымдау, қасындағы балармен пікірлесу, топтасу. Сын тұрғысынан ойлау – сынау емес, шындалған ойлау. Жас балалардың да бұл жұмысы дұрыс ұйымдастырылған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз.
Мектептің білім сапасын арттыруда педагогтың жауапкершілігі зор болса, заман талабы педагогтан кәсіби білімді, білік пен дағдыны, мақсат қоюшылықты игеруге деген қызығушылық және білім беру қызметінде ынталылық, педагогикалық және әлеуметтік педагогика мен психологияның негіздерін қолдана білу қабілетін талап етеді.
Мектебімізде білім сапасын арттыру, болашақ білімді азамат қалыптастыруда, мұғалімнің кәсіптік шеберлігін, құзырлығын арттыруда мектеп жұмысының, әдістемелік жұмыстың ұжымдық, топтық, жеке, белсенді түрлері мен әдістері кеңінен қолданылуда. Сонымен қатар озат тәжірибелер бойынша іс - тәжірибе тарату жұмыстары, шығармашылық есептер беру, әдістемелік айлықтар, оқушылардың ғылыми жұмыстары, әдістемелік сипаттағы семинарлар, конференциялар өз жалғастарын табуда.
Білім сапасын арттыру бағытындағы бағдарламада:
 • ШО пен МАД топтарын оқу - әдістемелік және ақпараттық - техникалық құралдармен жабдықтау;
• бастауыш сынып кабинеттерін жаңа үлгіде жасақтап, әр пән бойынша көрнекіліктермен толықтыру;
• дарынды оқушылардың жұмысын жолға қою, әрбір оқушыны дарындылыққа жетелеу;
• ШО, МАД және орта буын мен негізгі саты арасындағы сабақтастықтың жүргізілу формаларын әрбір мұғалімге міндеттеу;
• барлық оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету;
• педагог мамандардың сабақ беру шеберлігін арттыру мақсатында біліктілігін арттыру үшін қайта даярлау курстарын енгізу;
• оқушыларды ойлау білуге және әртүрлі проблемаларды өздігінен шеше білуге тәрбиелеу;
• гуманитарлық таным білімге негізделген сөздік қорларын көбейту;
• сабақ үрдісінде жаңа технологияларды қолдану;
• пәндерді тереңдетіп оқытатын сыныптар ашу;
• математика пәндері бойынша сағат санын көбейту;
 Сондай - ақ өзім сабақ беретін информатика пәнінде қазіргі заманға сай сапалы білім беруге ақпараттық - коммуникациялық технологияларды өте тиімді қолданамын. АКТ оқушыларға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беріп, мұғалімдерге сабақ беруде көмектесетін маңызды құрал болып отыр. АКТ құралдарына:
Теледидар бағдарламалары
Сандық теледидар
Интернет
Ұтқыр қондырғылар
Компьтер/ ноутбуктар
Сандық бейнені қолдану. Түсірілген бейнені редакциялауға мүмкіндік беретін және жеңіл қолданыста болатын Windows MovieMaker бағдарламалық жасақтама. Бұл бағдарламалық жасақтама оқушылардың ұшқыр қиялдарының шарықтауына мүмкіндік берді.
Аудио және подкастинг. Подкастинг балаларға өз жұмысы мен жаңалықтарын Интернеттегі өте үлкен аудиториямен бөлісудің керемет тәсілі. Ол радиоқойылымға ұқсас, бірақ тікелей эфирден шығарудың орнына подкаст жазылады және кез келген уақытта тыңдай алатындай етіп Интернет арқылы тыңдай алады. Подкаст жасаудың балалар үшін берері мол:
Өз жұмысын көрсету үшін оларға мыңдаған адамнан тұратын аудиторияны құрайды
Сауатты дағдыларын дамытуға көмектеседі ( сценарий, сұхбат жазу) әрі балаға сөйлеу машықтарын іс жүзінде қолдануға мүмкіндік береді, сондай - ақ АКТ - ні қолдану жөнінде белгілі бір дағдыларды үйренеді
Подкасттар интерактивті бола алатындықтан аудитория өз пікірлерін білдіре алады, бұл балаларға өз жұмыстары туралы бағалы кері байланыс алуға мүмкіндік береді.
Подкастқа мектеп жаңалықтарын, балалар жұмыстарын, өлеңдерін, сұхбат, музыкаларын қосуға болады.
Активстудио бағдарламасы. Интерактивті тақтада активстудио бағдарламасы арқылы өткен әрбір сабақ қызықты да тиімді болып өтеді. Ол оқушылардың қызығушылығын ғана оятып қоймай, сондай - ақ ойлау қабілеттерін шындай түседі. Сергіту сәтінде интерактивті тақтада көрнекі жазылған ребус, жұмбақ, басқатырғыштарды шешу арқылы, ақыл - ойын, ынтасын, зейінін дамытуға болады. Тақырыпты пысықтау үшін оқушыларға әр түрлі тапсырмалар, тақырыптық тесттерді қолданамын. Бұдан шығатын нәтиже: сөздік қорын толықтырылады, жүйелі ойлау дағдысы дамиды.
Презентация жасау бағдарламасы. Microsoft Power Point бағдарламасы арқылы оқушылар өздерінің ізденіс жұмыстарына презентация жасап, оны көпшілік аудиторияда қорғауға үлкен мүмкіндік береді. Презентацияны оқушы өз шығармашылық деңгелеріне қарай жасайды: суреттер қойып, музыкамен сүйемелдеуге де болады. Бұл бағдарлама арқылы оқушы өзінің шығармашылық ойларын жүзеге асыра алады. Шығармашылық — өте күрделі психологиялық үдеріс. Ол іс - әрекеттің түрі болғандықтан, тек адамға ғана тән. Шығармашылық әрекеттер орындау арқылы өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытады. Қазіргі таңда білімді интеграциялау, оның ғылыми деңгейін көтеру баланың таңымдық қабілетіне орай дағдыларын жан - жақты қалыптастыру өзекті мәселеге айналып отыр.
Сапалы білімді қамтамасыз етуде қазіргі қолданылып жатқан әдіс - амалдар өте мол, оқушылардың қызығушылығын арттыруда жаңа технологиялар да артуда, тек әр ұстаз, өз оқушыларына ыңғайлысын қолдана білуден ұтады. Мектепте барлық пәндерді оқытуда қолданылған шығармашылық тапсырмалар, оқушылар өздері ізденеді, ұстазға деген құрметі артады, әр тақырыптың мәні ашылып, талданады, пәнге деген қызығушылықтары да арта түседі деп ойлаймын.

Жамбыл облысы, Шу ауданы,
Абай ауылы, Абай атындағы орта мектебі
Кулажанова Жазира Ермекқызы
Директордың оқу - ісі жөніндегі орынбасары
Информатика пәні мұғалімі
1 521
0
0 дауыс
Оқи отырыңыз
Мұғалімдерді конкурс арқылы жұмысқа қабылдаудың жаңа жүйесі
Мұғалімдерді конкурс арқылы жұмысқа қабылдаудың жаңа жүйесі
Осыған дейін мұғалімдерді конкурс арқылы жұмысқа қабылдаудың жаңа жүйесі жайында пост жариялағанмын. Ондағы талаптардың бірі - педагог қызметіне алғаш кіріскелі тұрған мамандарға міндетті біліктілік тестілеуден өту.
Ауыл мектебі – даму мүмкіндіктері мен болашағы
Ауыл мектебі – даму мүмкіндіктері мен болашағы
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы жаңа оқу жылы қарсаңында «Ауыл мектебі» жобасына қатысушы 15 мектеп педагогтеріне онлайн форматта «Ауыл мектебі – даму мүмкіндіктері мен болашағы» атты тамыз кеңесінің секциялық отырысын
СДУ базасында денсаулық, саясат және менеджмент орталығы ашылды
СДУ базасында денсаулық, саясат және менеджмент орталығы ашылды
Сулейман Демирель атындағы университет ректоры Қуаныш Ерғалиевтың бастамасымен оқу орнының базасында Денсаулық, саясат және менеджмент орталығы ашылды. Орталықтың жұмысы денсаулық сақтау саласындағы жүйелі мәселелерді кешенді шешуге бағытталған.
Қазақ тілі Microsoft Teams платформасында қолжетімді болды
Қазақ тілі Microsoft Teams платформасында қолжетімді болды
Microsoft Teams онлайн-білім коллаборациясы үшін платформа барлық пайдаланушылар үшін қазақ тілінде қолжетімді болды, әсіресе бұл мүмкіндік білім беру ұйымдарында сұранысқа ие.
Microsoft Қазақстан және Алматы қ. білім басқармасы қаладағы білім беруді цифрлық трансформациялау саласындағы ықтимал ынтымақтастық туралы уағдаласты
Microsoft Қазақстан және Алматы қ. білім басқармасы қаладағы білім беруді цифрлық трансформациялау саласындағы ықтимал ынтымақтастық туралы уағдаласты
Алматы, 12 қаңтар, 2021 ж. – 4 желтоқсан 2020 ж. Microsoft Қазақстан және Алматы қ. білім басқармасының «Білім берудегі жаңа технологиялардың қалалық ғылыми әдістемелік орталығы» қаланы цифрлық трансформациялау мақсатындағы ынтымақтастық
Назарбаев Зияткерлік мектептері ЮНИСЕФ - пен бірлестікте әзірлеген балалардың игілігі жолындағы бірегей жобаны аяқтады
Назарбаев Зияткерлік мектептері ЮНИСЕФ - пен бірлестікте әзірлеген балалардың игілігі жолындағы бірегей жобаны аяқтады
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында балаларға игілікті және достас орта құруға арналған ЮНИСЕФ - пен бірлестіктегі жоба өз мәресіне жетті. Мектептердегі зорлық - зомблықтың алдын - алу бойынша стандартты операциялық
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.