«Бір сурет – бір келі жем: «Мейірімді суреттер» баспанадағы жануарларға көмектеседі»

6 cәуір 2026 ж. – Қазақстанда үй жануарларына деген жауапты қарым-қатынасты қалыптастыруға бағытталған «Мейірімді суреттер» атты республикалық балалар шығармашылығы байқауы басталды. Жоба Nestlé компаниясының Қазақстандағы өкілдігі мен үй жануарларына күтім жасау саласындағы сарапшы Purina бренді бірлесіп жүзеге асыратын «Біз — сенің досыңбыз» атты Purina білім беру бағдарламасы аясында өткізілуде. Бағдарламаға Алматы қаласы Білім басқармасының Білім берудегі жаңа технологиялардың қалалық ғылыми-әдістемелік орталығы мен Астана қаласы әкімдігінің Әдістемелік орталығы қолдау көрсетеді.

Байқаудың мақсаты — балалар шығармашылығы мен қайырымдылықты ұштастыру: қатысуға жіберілген әрбір сурет үшін компания үйсіз жануарларға арналған баспаналарға иттер мен мысықтарға арналған бір килограмм жем береді. Осылайша, балалардың жұмыстары қамқорлықты қажет ететін жануарларға көрсетілетін нақты көмекке айналады.
«Мейірімді суреттер» байқауы – біздің білім беру миссиямыздың маңызды бөлігі. Балалар өз жұмыстары арқылы тек шығармашылық қабілеттерін дамытып қана қоймай, көмекке мұқтаж жандарға (сөзбен емес, іспен) нақты қамқорлық жасауға атсалысады, қоршаған әлемге жауапкершілікпен қарауды үйренеді. Балалық шақта алған бұл тәжірибе олардың тұлға ретінде қалыптасуына әсер етіп, болашақта мейірімді әрі сенімді ересек адам болып өсуіне негіз болады деп сенеміз», – деп атап өтті Nestlé компаниясының Еуразиядағы білім беру бағдарламалары бөлімінің жетекшісі, педагогика ғылымдарының кандидаты Александра Макеева.

Байқауға 6 мен 11 жас аралығындағы балалар қатыса алады. Жас суретшілер өз суреттері арқылы үй жануарлары немесе асырап алғысы келетін жануарлар туралы баяндауы тиіс. Ол үшін кез келген көркемдік техниканы – қарындаштан бастап аппликацияға дейін қолдануға болады, содан кейін жұмысты бағдарламаның https://pet-school.kz/ сайтына жүктеу қажет.
Байқау мерзімі:

«Біз адамдар мен үй жануарлары бірге болғанда, олардың өмірі жақсара түсетініне сенеміз. Және осы миссияның артында нақты іс-әрекеттер тұр. «Мейірімді суреттер» байқауы дәл осыны мақсат етеді: «бір сурет – бір келі жем» формуласы балаларға өз идеяларының күші бар екенін және тіпті кішкентай қадамдардың өзі көмекке мұқтаж жандарға нақты пайда әкелетінін айқын көрсетеді», – деп пікір білдірді Purina-ның Еуразия өңіріндегі үй жануарларына арналған жем санатын дамыту жөніндегі менеджері Александр Каменский.
Жиналған жемнің барлығы Қазақстандағы серіктес баспаналарға жіберіледі. Осылайша, жоба мектептегі сабақ пен баланың салған суретінен бастап, үйсіз жануардың алдындағы толы тамаққа дейінгі «мейірімділік тізбегін» құрайды.
Байқау туралы толығырақ білу, ережелермен танысу және жұмысты жүктеу жобаның ресми сайтында қолжетімді: https://pet-school.kz/

- Жұмыстарды қабылдау: 2026 жылғы 3-23 сәуір аралығында онлайн форматта өтеді.
- Дауыс беру: таңдаулы суреттерге қолдау көрсетуге болатын ашық онлайн-дауыс беру.
- Қорытынды: жеңімпаздар 2026 жылғы 12 мамырға дейін жарияланады. Ең үздік жұмыс авторлары жеңімпаздың құрмет грамоталарымен және естелік сыйлықтармен марапатталады.

«Біз адамдар мен үй жануарлары бірге болғанда, олардың өмірі жақсара түсетініне сенеміз. Және осы миссияның артында нақты іс-әрекеттер тұр. «Мейірімді суреттер» байқауы дәл осыны мақсат етеді: «бір сурет – бір келі жем» формуласы балаларға өз идеяларының күші бар екенін және тіпті кішкентай қадамдардың өзі көмекке мұқтаж жандарға нақты пайда әкелетінін айқын көрсетеді», – деп пікір білдірді Purina-ның Еуразия өңіріндегі үй жануарларына арналған жем санатын дамыту жөніндегі менеджері Александр Каменский.
Жиналған жемнің барлығы Қазақстандағы серіктес баспаналарға жіберіледі. Осылайша, жоба мектептегі сабақ пен баланың салған суретінен бастап, үйсіз жануардың алдындағы толы тамаққа дейінгі «мейірімділік тізбегін» құрайды.
Байқау туралы толығырақ білу, ережелермен танысу және жұмысты жүктеу жобаның ресми сайтында қолжетімді: https://pet-school.kz/
Оқи отырыңыз
«Дені сау балалар» планетаға көмектеседі: Астанада республикалық экологиялық байқаудың қорытындысы шығарылды
Елордалық оқушылар бүгін нағыз емен аллеясын отырғызды. Бұл «Өз бағыңды өсір» республикалық байқауының жеңімпаздарына ұйымдастырушылардың басты сыйы болды.
Nestlé компаниясы METRO халықаралық көтерме сауда желісімен бірлесіп Алматыда екінші сынып оқушылары үшін білім беру шеберлік сабағын ұйымдастырады
15 қаңтарда Қазақстандағы Nestlé компаниясы METRO Cash & Carry халықаралық көтерме сауда желісімен бірлесіп Алматыда екінші сынып оқушылары үшін білім беру шеберлік сабағын ұйымдастырады.
Алматы қаласындағы педагогтар конференциясы: Қазақстан салауатты ұрпақты қалай тәрбиелеуде
5 қараша 2025, Алматы қ. – Алматыда Nestlé for Healthier Kids жаһандық бастамасының бір бөлігі болып табылатын «Салауатты тамақтану мектебі» бағдарламасына арналған халықаралық конференция өтті.
Оқушылар мен ата-аналарға арналған «Салауатты бастама» челленджі Қазақстанда басталды!
22 қыркүйектен бастап «Nestlé. Денi сау баламен» Салауатты бастама» атты отбасылық челлендж басталады. Ол күнделікті тұрмыстық істерді жағымды дәстүрге айналдыруға арналған қарапайым идеяларды ұсынады.
Астанада екінші сынып оқушыларына арналған мектеп бағдарламасы аясында пайдалы тағам дайындау бойынша шеберлік сыныбы өтті
№56 мектепте Қазақстанда 10 жыл бойы іске асырылып келе жатқан «Салауатты тамақтану мектебі» білім беру бағдарламасы аясында аспаздық шеберлік сыныбы өтті, онда екінші сынып оқушылары пайдалы тағам дайындады, сондай - ақ дәмді және пайдалы тағам
Қазақстанда «Салауатты тамақтану мектебі» бағдарламасы аясында «Дені сау және бақытты ұрпақ тәрбиелейміз» атты фотосуреттер байқауы басталды
11 желтоқсан 2024 жыл , Алматы – Nestlé компаниясының қолдауымен жүзеге асырылатын «Салауатты тамақтану мектебі» бағдарламасы («Nestlé for Healthier Kids» жаһандық бастамасының бөлігі) аясында «Дені сау және бақытты ұрпақ тәрбиелейміз» атты ауқымды
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.