Жануарларға қамқор болуды бала кезден үйрету: Алматыда Purina «Біз сенің достарыңбыз» бағдарламасы қорытындыланды

• Алматы мен Астанада 3000-нан астам бала үй жануарларына жауапкершілікпен қарауға арналған «Біз – сенің достарыңбыз» білім беру бағдарламасына қатысып жатыр
• Балалар арасындағы сурет байқауының қорытындысы бойынша Purina бренді жануарларға арналған баспаналарға 7000 килограмм жем жолдап, бастапқыда жоспарланған көмек көлемін 40 есеге арттырмақ.
2026 жыл, 14 мамыр – Алматыда Purina «Біз – сенің достарыңбыз» білім беру бағдарламасының қорытындылары таныстырылды. Бағдарлама балаларға ерте жастан бастап үй жануарларына қамқормен әрі жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға бағытталған.
Бағдарламаны Қазақстандағы Nestlé компаниясы және үй жануарларын азықтандыру мен күту саласындағы сарапшы Purina бренді Алматы қаласы Білім басқармасының Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығымен және Астана қаласы әкімдігінің Әдістемелік орталығымен серіктестікте жүзеге асыруда. Жоба серіктестері - Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті мен Қазақстанның Ұлттық ветеринарлық палатасы.
«Біз – сенің достарыңбыз» бағдарламасы – қоғамда үй жануарларына жауапкершілікпен қарауды ілгерілетуге бағытталған Purina брендінің жаһандық бастамасының бір бөлігі. Жоба 2025 жылдан бастап Алматы және Астана қалаларындағы мектептер мен балабақшаларда жүзеге асырылып келеді. Бағдарламаға 6–8 жас аралығындағы 3000-нан астам бала қатысуда.
Интерактивті әрі қызықты сабақтар арқылы балалар үй жануарларына күтім жасаудың негіздерімен, олардың адам өміріндегі рөлімен және жануарлармен қауіпсіз қарым-қатынас жасау ережелерімен танысады. Сабақтар Purina бренді әзірлеп, мектептерге ұсынған түрлі-түсті жұмыс дәптерлері арқылы өткізіледі.
Бағдарлама аясында қосымша шығармашылық белсенділіктер де ұйымдастырылады. Соның бірі – «Мейірімді суреттер» байқауы. Байқау шарттарына сәйкес балалар өз үй жануарының суретін салады, ал Purina әрбір суретті баспаналардағы панасыз жануарларға арналған бір килограмм азыққа «айналдырады». Бағдарламаның www.pet-school.kz сайтында 160-тан астам жұмыс жүктелді. Қатысушылардың белсенділігінен шабыт алған бренд көмектің көлемін едәуір кеңейтіп, Алматы мен Астанадағы бес баспанаға 7000 килограмм жем жіберу туралы шешім қабылдады. Бұл - байқау шарттарында бастапқыда қарастырылған көмек көлемінен 40 есе көп.
Алматы қаласы Білім басқармасының Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының бөлім басшысы Татьяна Ежова:
«“Біз – сенің достарыңбыз” бағдарламасы балаларға ерте жастан бастап жануарларға жанашырлықпен қарауды үйретеді. Ойын және шығармашылық форматтары арқылы балаларда эмпатия, жануарлардың қажеттіліктерін түсіну және адамның олардың өміріндегі рөлін сезіну қабілеті дамиды. Бастаманың балаларды, ұстаздар мен ата-аналарды біріктіретіні ерекше маңызды», – деп атап өтті.
Ал Purina компаниясының Еуразия өңірі бойынша үй жануарларына арналған азық санатын дамыту жөніндегі менеджері Александр Каменский:
«Балалардың өз әрекеттерінің жануарларға нақты пайда әкелетінін көруі біз үшін аса маңызды. Әрбір сурет тек шығармашылық жұмыс емес, сонымен қатар панасыз қалған жануарларға көрсетілген нақты көмек. Бұл балаларға тіпті шағын әрекеттердің де біреудің өмірін жақсы жаққа өзгерте алатынын түсінуге көмектеседі», – деді.
Бұл бастама ұзақ мерзімді жарқын өзгерістер қамқорлық мәдениетін бала кезден қалыптастырудан басталатынын көрсетеді.
Іс-шара Алматы қаласындағы №91 балабақша базасында өтті. Аталған балабақша бағдарлама жүзеге асырылатын алаңдардың бірі ретінде балалардың жануарларға қамқорлықпен қарауын дамытуға бағытталған бастамаларды белсенді қолдайды.

Оқи отырыңыз
«Бір сурет – бір келі жем: «Мейірімді суреттер» баспанадағы жануарларға көмектеседі»
Қазақстанда үй жануарларына деген жауапты қарым-қатынасты қалыптастыруға бағытталған «Мейірімді суреттер» атты республикалық балалар шығармашылығы байқауы басталды
Nestlé компаниясы METRO халықаралық көтерме сауда желісімен бірлесіп Алматыда екінші сынып оқушылары үшін білім беру шеберлік сабағын ұйымдастырады
15 қаңтарда Қазақстандағы Nestlé компаниясы METRO Cash & Carry халықаралық көтерме сауда желісімен бірлесіп Алматыда екінші сынып оқушылары үшін білім беру шеберлік сабағын ұйымдастырады.
«Дені сау балалар» планетаға көмектеседі: Астанада республикалық экологиялық байқаудың қорытындысы шығарылды
Елордалық оқушылар бүгін нағыз емен аллеясын отырғызды. Бұл «Өз бағыңды өсір» республикалық байқауының жеңімпаздарына ұйымдастырушылардың басты сыйы болды.
Алматы қаласындағы педагогтар конференциясы: Қазақстан салауатты ұрпақты қалай тәрбиелеуде
5 қараша 2025, Алматы қ. – Алматыда Nestlé for Healthier Kids жаһандық бастамасының бір бөлігі болып табылатын «Салауатты тамақтану мектебі» бағдарламасына арналған халықаралық конференция өтті.
Астанада екінші сынып оқушыларына арналған мектеп бағдарламасы аясында пайдалы тағам дайындау бойынша шеберлік сыныбы өтті
№56 мектепте Қазақстанда 10 жыл бойы іске асырылып келе жатқан «Салауатты тамақтану мектебі» білім беру бағдарламасы аясында аспаздық шеберлік сыныбы өтті, онда екінші сынып оқушылары пайдалы тағам дайындады, сондай - ақ дәмді және пайдалы тағам
Қазақстан мектеп оқушылары арасында өз бақшасын өсіруге бағытталған экологиялық байқау басталды
Қазақстанда бастауыш сынып оқушыларына арналған «Өз бағыңды өсір» атты республикалық байқау басталды. Бұл бастама «Салауатты тамақтану мектебі» бағдарламасы аясында өткізілуде.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.