Қазақстан мектеп оқушылары арасында өз бақшасын өсіруге бағытталған экологиялық байқау басталды

Қазақстанда бастауыш сынып оқушыларына арналған «Өз бағыңды өсір» атты республикалық байқау басталды. Бұл бастама «Салауатты тамақтану мектебі» бағдарламасы аясында өткізілуде. Аталған бағдарламаны Nestlé компаниясы елімізде 2013 жылдан бері жаһандық Nestlé for Healthier Kids бастамасының бір бөлігі ретінде жүзеге асырып келеді.
Бағдарлама балалардың бойында ерте жастан пайдалы әдеттерді қалыптастыруға – өз денсаулығына күтіммен қарауға және қоршаған ортаға жанашыр болуға бағытталған.

Байқауға 1-4 сынып оқушылары мен олардың ұстаздары қатыса алады. Оқушылар қоршаған ортаны қорғау тақырыбында арнайы эко-плакаттар сызып, өз идеяларын ұсынады. Жұмыстар www.prav-pit.kz сайтына жүктеліп, екі кезең бойынша бағаланады. Алдымен сайт оқырмандары дауыс берсе («лайк» басу), кейін кәсіби мамандардан (нутрициологтар, экологтар мен ұстаздар) құралған қазылар алқасы үздіктерді анықтайды.
«Біздің мақсатымыз – балаларға тек теориялық білім беру емес, олардың әрбір әрекеті табиғатқа қалай әсер ететінін іс жүзінде көрсету. Бала бір нәрсені өз қолымен жасап, талқылаған кезде ғана ол білім есте қалып, жеке тәжірибеге ұласады. Болашақта пайдалы әдетке айналатын қасиеттер осылай қалыптаспақ», – деді Nestlé-нің Еуразия өңіріндегі басшысы Максим Щетин.

Байқау қорытындысы бойынша ең белсенді қатысушыларға сыйлықтар мен жеңімпаз сыныптардың мектептеріне егілетін ағаш көшеттері беріледі. Осылайша, ұйымдастырушылар байқаудың жас қатысушыларына маңызды ойды жеткізгісі келеді: тіпті баланың өзі бүгіннен бастап болашаққа қамқорлық жасауға өз үлесін қоса алады. Байқау 2026 жылдың 30 сәуіріне дейін жалғасады.

Жоба авторларының айтуынша, мұндай бастамалар балалармен маңызды тақырыптарда оларға түсінікті әрі қызықты тілде сөйлесуге мүмкіндік береді. Тіпті кішкентай қадамның өзі еліміздегі экологиялық мәдениеттің өсуіне үлкен септігін тигізбек.
Байқау туралы толық мәлімет алып, қатысу үшін мына сайтқа өтіңіз: www.prav-pit.kz.

Оқи отырыңыз
Қазақстанда «Салауатты тамақтану мектебі» бағдарламасы аясында «Дені сау және бақытты ұрпақ тәрбиелейміз» атты фотосуреттер байқауы басталды
11 желтоқсан 2024 жыл , Алматы – Nestlé компаниясының қолдауымен жүзеге асырылатын «Салауатты тамақтану мектебі» бағдарламасы («Nestlé for Healthier Kids» жаһандық бастамасының бөлігі) аясында «Дені сау және бақытты ұрпақ тәрбиелейміз» атты ауқымды
«Дені сау балалар» планетаға көмектеседі: Астанада республикалық экологиялық байқаудың қорытындысы шығарылды
Елордалық оқушылар бүгін нағыз емен аллеясын отырғызды. Бұл «Өз бағыңды өсір» республикалық байқауының жеңімпаздарына ұйымдастырушылардың басты сыйы болды.
Оқушылар мен ата-аналарға арналған «Салауатты бастама» челленджі Қазақстанда басталды!
22 қыркүйектен бастап «Nestlé. Денi сау баламен» Салауатты бастама» атты отбасылық челлендж басталады. Ол күнделікті тұрмыстық істерді жағымды дәстүрге айналдыруға арналған қарапайым идеяларды ұсынады.
Nestlé-мен салауатты бастама: үш елдің отбасылары күзгі челендждің финалын атап өтті
Алматы қаласы еліміздің, Өзбекстанның және Ресейдің отбасыларын тоғыстырған, «Nestlé-мен салауатты бастама. Салауатты балалар» атты ауқымды күзгі марафонның қорытындысына арналған халықаралық телемосттың салтанатты орталығына айналды.
Nestlé компаниясы METRO халықаралық көтерме сауда желісімен бірлесіп Алматыда екінші сынып оқушылары үшін білім беру шеберлік сабағын ұйымдастырады
15 қаңтарда Қазақстандағы Nestlé компаниясы METRO Cash & Carry халықаралық көтерме сауда желісімен бірлесіп Алматыда екінші сынып оқушылары үшін білім беру шеберлік сабағын ұйымдастырады.
Астанада екінші сынып оқушыларына арналған мектеп бағдарламасы аясында пайдалы тағам дайындау бойынша шеберлік сыныбы өтті
№56 мектепте Қазақстанда 10 жыл бойы іске асырылып келе жатқан «Салауатты тамақтану мектебі» білім беру бағдарламасы аясында аспаздық шеберлік сыныбы өтті, онда екінші сынып оқушылары пайдалы тағам дайындады, сондай - ақ дәмді және пайдалы тағам
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.