Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Жаңартылған eGovmobile мобильдік қосымшасы іске қосылды

11 қыркүйек 2020, Жұма
Категориясы: Қоғам
Қазан айының басынан электрондық үкіметтің жаңартылған eGovmobile мобильдік қосымшасы іске қосылды. Қосымша мемлекеттік қызметтерді алу процесін айтарлықтай жеңілдетті, деп хабарлайды «Азаматтарға арналған үкімет».
Жетілдірілген eGovmobile қолданыстағы электронды - цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) 4 таңбалы PIN - кодқа немесе биометрия құрылғыларына (Face ID, Touch ID) тіркеп қоюға мүмкіндік береді.
Бір рет электронды - цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) PIN - кодқа немесе биометрия құрылғыларына тіркеп алған қолданушы, жүйеге кіру және мемлекеттік қызмет алу кезінде ЭЦҚ таңдап немесе пароль енгізіп әуре болмайды.
Енді азаматтарға ЭЦҚ арқылы емес телефонымыздың бұғатын саусақ ізімен немесе Face ID - мен ашуды үйреніп алдық. Дәл осылай бұл қосымшада да ЭЦҚ - ңызды өзіңіздің биометрияңызға тіркеп алып, мемлекеттік қызмет алу барысында сұрауды өзіңіздің Touch ID немесе Face ID - іңізбен растауға болады.
Оның үстіне, ЭЦҚ - ны мобильді құрылғыларда пайдалану үдерісі жеңілдетілді. Бұған дейін ЭЦҚ смартфонға компьютер арқылы жүктелетін болса, қазір сертификатты қолданушының электронды поштасындағы хаттан бірден ұялы телефонға жүктеп алуға болады.
Сондай - ақ қосымшаның өзінде ЭЦҚ - ны қалай жүктеуге болатыны туралы, авторизациядан өту және т. б. кеңестер бар, әр жаңа қызметке қадамдық нұсқаулық берілген. Осылайша әзірлеушілер – «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ қосымшаны қолданыста барынша қолайлы етуге тырысты.
Айта кету керек, қазіргі уақытта қосымшада 28 қызметтер қолжетімді. Олар: базалық зейнетақы төлемін есептеу мөлшері туралы анықтама, бала тууына байланысты төлемдер және бір жасқа толғанға дейін төленетін жәрдемақы, соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама, жылжымайтын мүліктің жоғы (бары) туралы анықтама және т. б.
Қосымшаны AppStore және PlayMarket - тен жүктеп алуға болады.
1 780
0
1 дауыс
Оқи отырыңыз
Қазтелепорт және Microsoft: Қазақстанның корпоративтік клиенттеріне арналған Azure Stack HUB by Kazteleport бірлескен бұлтты шешімі
Қазтелепорт және Microsoft: Қазақстанның корпоративтік клиенттеріне арналған Azure Stack HUB by Kazteleport бірлескен бұлтты шешімі
Алматы, 25 қаңтар, 2021 ж. – Қазақстанның ірі ақпараттық - коммуникациялық және бұлтты қызметтер провайдері «Қазтелепорт» акционерлік қоғамы - Қазақстан Халық банкінің еншілес ұйымы» және Microsoft компаниясы Қазақстандық клиенттер үшін Azure Stack
Egov - пен уақытыңызды үнемдеңіз!
Egov - пен уақытыңызды үнемдеңіз!
Шұғыл түрде анықтама керек пе? Ал егер сіз жұмыста, жолда, мүмкін Елшілікте виза алуға кезекте тұрсаңыз ше? Мұндай жағдайда ештеңеге алаңдаудың қажеті жоқ.
Жеке куәліктің электрондық нұсқасын eGov mobile мобильді қосымшасы арқылы көрсетуге болады
Жеке куәліктің электрондық нұсқасын eGov mobile мобильді қосымшасы арқылы көрсетуге болады
Жеке куәліктің электрондық түрі құжаттарды рәсімдеу кезінде мысалы, нотариуста жеке куәліктің түпнұсқасын, ауыстыра алады, деп хабарлады"ҰАТ" АҚ.
СДУ - дан дарынды балаларға қолдау: олимпиада нәтижесінде талапкер грант ұтып алады
СДУ - дан дарынды балаларға қолдау: олимпиада нәтижесінде талапкер грант ұтып алады
Биыл Сулейман Демирел университеті мектеп бітіруші түлектерге арналған SPT олимпиадасын ұйымдастырып жатыр. Негізгі мақсаты – еліміздің түкпір - түкпіріндегі дарынды балаларды анықтай отырып, оларға ұлттық бірыңғай тестілеу алдында алдын ала грант
Кредитім жабыла ма, қалай білсем болады?
Кредитім жабыла ма, қалай білсем болады?
Қоғамда несиені мемлекет есебінен жабу жайлы ақпаратты қайдан алатыны жайлы білмейді. Кей қазақстандықтар несиесінің өтелетінін не өтелмейтінін білмей дал болуда.
Kaspi арқылы ақша аударудан қосымша төлем немесе салық алынбайды
Kaspi арқылы ақша аударудан қосымша төлем немесе салық алынбайды
Қаржы министрлігі ақша аударымдарын тексеруге қатысты түсініктеме беріп, алаңдауға еш негіз жоқ екенін айтты НҰР - СҰЛТАН, 14 қараша Қаржы министрлігі қазақстандықтардың ақша аударымдарын тексеруді жоспарлап отырған жоқ.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.