Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Ақтөбелік зияткер таэквондодан Қазақстан чемпионатының жеңімпазы атанды

14 қазан 2021, Бейсенбі
Категориясы: Спорт
Ақтөбелік зияткер таэквондодан Қазақстан чемпионатының жеңімпазы атанды
Ақтөбе қаласындағы физика - математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектептің 9 - сынып оқушысы Әлішер Есеналин таэквондодан спорт мектептері арасындағы өткен Қазақстан чемпионатының күміс медалін қанжығасына байлады. Еліміздің барлық өңірінен 1200 спортшы қатысқан.
Додянгқа 65 кг. салмақта шыққан Әлішер жартылай финалда қарсыласын 21: 1 есебімен уақытынан бұрын ойсырата жеңді. Осылайша, ол ақтық сайысқа сенімді кіріп, спорт мектептері арасында Қазақстанның 2 дүркін жүлдегері атанды. Бүгінде тоғызыншы сынып оқушысы WT таэквондодан қызыл белбеу иегері. Ол жекпе - жектің бұл түрімен 9 жасынан бастап айналысады, оның жетістіктер қоржынында 15 - тен астам медаль бар. WT таэквондо олимпиадалық спорт түрі болғандықтан, Әлішер болашағын кәсіби спортпен байланыстырғысы келеді.
Таэквондо жақсыға тәрбиелейді, дене мен жан үйлесімділігіне үйретеді. Анам мені дәл осы спортқа баруымды қалады, бірақ мен қызығушылық танытып, осы жекпе - жекпен қарқынды айналысатынымды білмедім. Жаттығулар енді менің өмірімнің ажырамас бөлігіндей. Таеквондо шыдамдылықты шындайды, төзімділік маған Зияткерлік мектептегі сабақтарда көмектеседі, – дейді Әлішер.

Ученик nis актобе стал призером чемпионата Казахстана по таэквондо
Ученик 9 - класса НИШ г. Актобе Алишер Есиналин стал серебряным призером чемпионата Казахстана среди спортивных школ по таэквондо, где приняли участие 1200 спортсменов со всех регионов РК.
Интеллектуал, вышедший на додянг в весовой категории 65 кг, в полуфинале досрочно победил соперника со счетом 21: 1. Таким образом он уверенно вышел на финальный бой и стал 2х кратным призёром среди спортивных школ Республики. Сегодня девятиклассник обладатель красного пояса по таэквондо WT. Он занимается данным видом боевого искусства с 9 лет, в его копилке более 15 медалей. Поскольку таэквондо WT является Олимпийским видом спорта, Алишер хочет связать будущее с профессиональным спортом.
Таэквондо носит хороший воспитательный характер, учит гармонии души и тела. Моя мама когда - то записала меня на эту секцию, но я не подозревал, что так увлекусь и буду упорно заниматься боевым искусством. Тренировки сейчас уже как неотъемлемая часть моей жизни. Таэквондо тренирует выносливость, тем самым помогает мне на уроках в Интеллектуальной школе, – признается Алишер.
3 224
0
0 дауыс
Оқи отырыңыз
NIS оқушысы шахматтан ҚР Чемпионатында алтыннан алқа тақты
NIS оқушысы шахматтан ҚР Чемпионатында алтыннан алқа тақты
Нұр - Сұлтан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 7 - сынып оқушысы Бексұлтан Молдағали Шымкент қаласында өткен шахматтан ҚР Чемпионатында классикалық бөлімі бойынша қатысып, жеңімпаз атанды.
Алматылық NIS оқушысы әлемнің 4 жетекші университетіне шақырту алды
Алматылық NIS оқушысы әлемнің 4 жетекші университетіне шақырту алды
Алматы қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12 сынып оқушысы Мұхаммед - Әли Қанатбек Фордем университетінен, Дрексель университетінен, Гонконг баптист университетінен және Британ Колумбия университетінен шақырту алды. Сондай - ақ, Бабсон
NIS қоржынында «Елбасы медалі»
NIS қоржынында «Елбасы медалі»
Нұр - Сұлтан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 8 - сынып оқушысы Камила Шайпранова «Елбасы медалінің» иегері атанды.
Елордадағы Халықаралық Бакалавриат мектеп командасы киберспорттан Қазақстан Чемпионы атанды
Елордадағы Халықаралық Бакалавриат мектеп командасы киберспорттан Қазақстан Чемпионы атанды
NIS IB «PRESTIGE ESPORTS» киберспорт командасы NIS мектептері арасындағы CS: GO (Counter - Strike: Global Offensive) сайысы бойынша Қазақстанның Чемпиондары атанды!
NIS оқушысы «жүзден жүйрік» бағдарламасының жеңімпазы атанды
NIS оқушысы «жүзден жүйрік» бағдарламасының жеңімпазы атанды
Нұр - Сұлтан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10В сынып оқушысы Абилова Аружан Қазақстан ұлттық телеарнасының «Жүзден жүйрік» бағдарламасына қатысып, жеңiмпаз атанды.
Тоғызқұмалақ: ойында дәстүр мен зият тоғысты
Тоғызқұмалақ: ойында дәстүр мен зият тоғысты
Бүгін тоғызқұмалақтан Назарбаев Зияткерлік мектептері арасындағы желілік спартакиаданың жеңімпаздары анықталды. Алғаш рет ежелгі ойынның жанкүйерлері өз қарсыластарымен онлайн форматта, PlayOk платформасында кездесті.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.