Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Президент тапсырмасы шеңберінде 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап педагогтердің жалақысы тағы 25% өседі

26 тамыз 2021, Бейсенбі
Категориясы: Білім
Президент тапсырмасы шеңберінде 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап педагогтердің жалақысы тағы 25% өседі. 
Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтып берді.

«Биыл Президент тапсырмасымен педагогтердің жалақысы 25 пайызға ұлғайтылды. Сонымен бірге 2021 жылы да 1 қаңтардан бастап, педагогтер айлығы тағы 25 пайызға көбейеді. Біз мұнда тек қана мектеп мұғалімдерін айтып отырған жоқпыз, балабақша педагогтері, қосымша білім беру, колледждер мен жоғары оқу орындарының мамандары да мемлекеттік қолдау шараларымен қамтылып, еңбекақылары көбейіп жатыр», - деді А. Аймағамбетов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте. 

Өз сөзінде министр педагогтерге берілетін түрлі қосымша төлемдер бар екенін еске салды. «Біліктілік санатына қарай еңбекақының 30 - дан 50 пайызға дейінгі көлемін қосымша алуға болады. Өз ісінің шебері болса, ай сайын еңбекақыға қосымша 50 пайыз төлем алып отыруға болады. Пәнді ағылшын тілінде жүргізгені үшін, дәптер тексергені үшін, сынып жетекшілігі үшін төленеді. 

Биыл алғаш рет әріптестеріміз магистрлік дәрежесі үшін 27 мың теңге көлемінде қосымша төлем ала бастады», - деп түсіндірді Білім министрі. Сонымен бірге, 2020 жылғы 1 қыркүйектен бастап мемлекеттік жоғары оқу орындары оқытушыларының жалақысы тағы 20%- ға, ұлттық ЖОО оқытушыларының жалақысы 28%- ға ұлғайған.
2 077
0
0 дауыс
Оқи отырыңыз
БҒМ педагогтерге ескертеді: ақылы конкурстарда берілетін марапаттар аттестаттау кезінде ескерілмейді
БҒМ педагогтерге ескертеді: ақылы конкурстарда берілетін марапаттар аттестаттау кезінде ескерілмейді
Қазақстанда кейбір жеке тұлғалар педагогтерге арналған жалған наградаларды жасап, оларды оңды-солды сатып жатыр. Күмәнді ақылы конкурстарға қатысу нәтижесінде алынған наградалар мен дипломдар педагогтерді аттестаттаудан өткізу кезінде ескерілмейді.
Педагогтер жалақысының өсуі және стипендияның ұлғаюы
Педагогтер жалақысының өсуі және стипендияның ұлғаюы
Президент тапсырмасы шеңберінде 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап педагогтердің жалақысы тағы 25%-ға өседі.
«Әл - Фарабидің педагогикалық мұрасы: бастау және қазіргі заман» тақырыбында Республикалық форум
«Әл - Фарабидің педагогикалық мұрасы: бастау және қазіргі заман» тақырыбында Республикалық форум
2020 жылдың 30 қазаны күні «Өрлеу» БАҰО» АҚФ ҚР ББЖ ҚБАРИ «Әл - Фарабидің педагогикалық мұрасы: бастау және қазіргі заман» тақырыбында Республикалық форум (on - line) өткізеді.
Педагогтар Президент Жолдауын талқылады
Педагогтар Президент Жолдауын талқылады
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының филиалы «Нұр - Сұлтан қаласындағы Халықаралық мектептің» ұстаздары MS Teams платформасы арқылы Президент Қасым - Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс - қимыл кезеңі» атты
Президент педагог мәртебесі туралы заңға қол қойды
Президент педагог мәртебесі туралы заңға қол қойды
Қазақстан президенті Қасым - Жомарт Тоқаев педагог мәртебесі туралы заңға қол қойды. "Мемлекет басшысы "Педагог мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды", - деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Kaspi арқылы ақша аударудан қосымша төлем немесе салық алынбайды
Kaspi арқылы ақша аударудан қосымша төлем немесе салық алынбайды
Қаржы министрлігі ақша аударымдарын тексеруге қатысты түсініктеме беріп, алаңдауға еш негіз жоқ екенін айтты НҰР - СҰЛТАН, 14 қараша Қаржы министрлігі қазақстандықтардың ақша аударымдарын тексеруді жоспарлап отырған жоқ.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.