Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Педагогтар Президент Жолдауын талқылады

12 қыркүйек 2020, Сенбі
Категориясы: Білім
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының филиалы «Нұр - Сұлтан қаласындағы Халықаралық мектептің» ұстаздары MS Teams платформасы арқылы Президент Қасым - Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс - қимыл кезеңі» атты Жолдауындағы негізгі бағыттарды талқылауға арналған онлайн жиын өткізді. Пікіралмасуға негізделген жиынға білім ордасының әкімшілігі мен 160 - қа жуық мұғалім қатысты.
Мектеп ұжымы мемлекет басшысының Қазақстан халқына жасаған жаңа жолдауын зор ықыласпен қабылдап, ел өміріне серпіліс беретін келелі өзгерістердің, халықтың өмір сүру сапасын арттырып, əлеуметтік жағдайын жақсартуға арналған шаралардың бастамасы екендігіне сенім білдірді. Педагогтар Президент Жолдауындағы негізгі қағидалар туралы ой қозғап, өз пікірлерін ортаға салды. Әсіресе, көпшіліктің көкейінде жүрген 2020 жылдың сын - қатерлеріне төтеп беру, қашықтан білім беру жағдайындағы оқыту, ұстаз мәртебесінің артуы, жастарға деген мемлекеттік қамқорлық, қоршаған ортаны қорғау және экологиялық даму секілді мәселелер қызу талқыға түсті.
Алғашқы боп сөз алған дизайн пәнінің мұғалімі Фариза Мейрамбек еліміз үшін маңызды жолдауда мемлекет басшысы Қасым - Жомарт Тоқаев өткенімізді таразы басына саралай отырып, келешекке нәтижелі істермен қадам басу керек екендігімізді нақты көрсеткенін атап өтті:


– Президент Жолдауы – еліміздің ілгері дамуына, бүгінгідей қиын кезеңде сеніммен қадам басуға мүмкіндік беретін маңызды бағдарламалық құжат. Мемлекет басшысы Жолдауында экономика халықтың əлеуметтік жағдайын жақсартуға, халықтың сұранысын қанағаттандыруға бағытталуы керек екенін баса айтып, үкімет пен мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмалар жүктеді.
Бастауыш сынып мұғалімі Данагуль Бейсенбаева Жолдаудағы маңызды тұстардың бірі – мемлекеттік басқарудың жаңа үлгісіне тоқталды. Мұғалімнің айтуынша, Президенттің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» моделі заңның үстемдігін, адам мен азаматтың құқықтарының сақталуын толықтай қамтамасыз етеді.
Президент өз Жолдауында білім беру саласын да айналып өтпеді. Төрткүл дүниені жайлаған қауіпті дерт салдарынын бүгінде білім де, ғылым да онлайн форматқа көшіп отыр. Осыған орай Қасым - Жомарт Тоқаев оқу үдерісі үшін қажетті барлық функциялары бар бірыңғай онлайн білім беру платформасын шұғыл әзірлеуді тапсырды. Бұл жөнінде Халықаралық мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қайырбек Сабырханов ой бөлісті:
– Қашықтан оқыту жүйесі технологияның дамуына, ақпараттық технологияны жақсы меңгеруге жол ашатыны сөзсіз. Мемлекет басшысы балалар сапалы білім алып, мектептегідей еркін болулары үшін барлық жағдайды қарастыратынын айтты. Жолдауда білім мен ғылымды дамытуды ең басты мақсат етіп қоя отырып, білім саласын көтеруді, жыл сайын бөлінетін гранттардың санын көбейтуді міндеттеді. Президенттің бұл шешіміне, «Жас ғалым» жобасы аясында зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін 1000 грант бөлуді тапсыруы дәлел.
Онлайн жиын барысында сөз сөйлеушілер жолдауда көрсетілген міндеттер бойынша өз ойларымен бөлісіп, оның қарапайым халық үшін тиімді тұстарына тоқталды.
– Жолдауда айтылған міндеттерді орындап, айқын мақсаттарды жүзеге асыру әрқайсымызға үлкен жауапкершілік жүктейді. Президенттің міндеттеген әрбір тапсырмасы мен шешімі ой саларлықтай. Білім мазмұнын жаңарту бойынша жасалып жатқан реформаларға қолдау көрсетіп, өзгерістердің оң нәтиже беретініне сенім білдіруіміз керек, - дейді тарих пәнінің мұғалімі Толқын Қуандықова.
– Еліміз үшін айтарлықтай маңызды мәселелердің қатарында коршаған ортаны және экологиялық даму мәселесі тұр. Президент өркениетті әлем жұртшылығы зер салып, айналысып жатқан бұл мәселеден біздің шет қалуымызға болмайтынын жеткізді. Біз бұл мәселені шешуге мектеп жобалары шеңберінде экологиялық науқандар жүргізу арқылы үлес қосатын боламыз, - деді мектеп директорының даму жөніндегі орынбасары Жаңбыржан Бекболатов.
Жиын соңында Халықаралық мектеп ұжымы айтылған бағыттардың әрқайсысы аса маңызды болып табылатынын ескеріп, мемлекет басшысының Жолдауына бірауыздан қолдау білдірді. Президентіміздің игі бастамалары мен идеяларын қолдайтындықтарын және Жолдаудағы міндеттерді орындауға үлес қосатындықтарын жеткізді.
2 926
0
1 дауыс
Оқи отырыңыз
«Тәуелсіздік бәрінен қымбат»: танымдық тағылым
«Тәуелсіздік бәрінен қымбат»: танымдық тағылым
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым - Жомарт Тоқаевтың «Egemen Qazaqstan» газетіне жарияланған «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласы – еліміздегі саяси­ оқиғалардың ең маңыздысы ретінде қа­былданатын тарихи бағдарламалық құжат болып
Жаңа жағдайдағы білім беру⠀
Жаңа жағдайдағы білім беру⠀
Назарбаев Зияткерлік мектептері Ыбырай Алтынсариннің мерейтойына арналған жобаны бастауда.⠀ «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойына арналған «Жаңа жағдайдағы білім беру» жобасын жүзеге
Назарбаев Зияткерлік мектептері ЮНИСЕФ - пен бірлестікте әзірлеген балалардың игілігі жолындағы бірегей жобаны аяқтады
Назарбаев Зияткерлік мектептері ЮНИСЕФ - пен бірлестікте әзірлеген балалардың игілігі жолындағы бірегей жобаны аяқтады
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында балаларға игілікті және достас орта құруға арналған ЮНИСЕФ - пен бірлестіктегі жоба өз мәресіне жетті. Мектептердегі зорлық - зомблықтың алдын - алу бойынша стандартты операциялық
NIS Педагогикалық шеберлік орталығы білім берудегі әлемдік тәжірибелердің үздік ондығына енді
NIS Педагогикалық шеберлік орталығы білім берудегі әлемдік тәжірибелердің үздік ондығына енді
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының Педагогикалық шеберлік орталығы әлем мұғалімдерінің кәсіби дамуын жоғарылатудағы айрықша жетістіктері үшін әлемдік тәжірибелердің үздік ондығына енді.
Ұлылықтың жолында ұстаз тұрар
Ұлылықтың жолында ұстаз тұрар
Оқу жылының алғашқы күнінде «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының барлық интернет платформаларында ұстаздарға арналған — «Ұлылықтың жолында ұстаз тұрар» атты жаңа жоба бастау алды.
Президент педагог мәртебесі туралы заңға қол қойды
Президент педагог мәртебесі туралы заңға қол қойды
Қазақстан президенті Қасым - Жомарт Тоқаев педагог мәртебесі туралы заңға қол қойды. "Мемлекет басшысы "Педагог мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды", - деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.