Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Қазақстанда аудандық және облыстық олимпиадалар басталды: алғаш рет электронды форматта өтеді

16 ақпан 2022, Сәрсенбі
Категориясы: Білім
Қазақстанда аудандық және облыстық олимпиадалар басталды: алғаш рет электронды форматта өтеді.
Биыл зияткерлік жарыстар алғаш рет электронды форматта өтіп жатыр. Жаңашылдық олимпиадалардың өтуінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған. Оған 291 ауданнан (қаладан) шамамен 100 мың оқушы қатысады.
Олимпиаданың екінші кезеңі 22 ақпанға дейін жалғасады, үшіншісі - облыстық кезең 2022 жылдың 28 ақпаны мен 5 наурыз аралығында өтеді.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада прокторинг жүйесін пайдалана отырып, «Oqylyq» платформасы арқылы өтеді. Оқушыларға тапсырмаларды алу үшін жауап бланкісі, жеке логин және пароль беріледі. Олимпиада «1 компьютер – 1 оқушы – 1 камера» принципі бойынша өткізіледі. Бұл ретте жарыстардың бейнежазбасы және тікелей көрсетілімі жүргізіледі.
Аудандық (қалалық) кезеңнің жеңімпаздары Республикалық олимпиаданың келесі облыстық кезеңіне қатысады.
Өткен жылы қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиадаларда жеңімпаз атанып, Қазақстанның қоржынына 26 медаль әкелді.
Мемлекет басшысы дарынды балаларды қолдау бойынша тиісті шаралар қабылдауды тапсырды. Министрлік ҰБТ тапсырмай-ақ біржолғы сыйлықақылар мен білім беру гранттарын төлеуді ұсынды. Алтын медаль иегерлері 1500 АЕК, күміс медаль – 1000 АЕК, қола медаль – 500 АЕК көлемінде сыйақы алады. Сондай-ақ жеңімпаздарды дайындаған педагог-жаттықтырушыларға да сыйлықтар қарастырылған.
1 128
0
0 дауыс
Оқи отырыңыз
Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі «Үздік олимпиадалық мектеп – 2021» деп танылды
Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі «Үздік олимпиадалық мектеп – 2021» деп танылды
Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша Назарбаев Зияткерлік мектептерінің командасы «Үздік олимпиадалық команда – 2021» номинациясында I орын алды.
CASPIAN STARTUP – 2021 «Жаңаратын энергия көздері»
CASPIAN STARTUP – 2021 «Жаңаратын энергия көздері»
Үшінші CASPIAN STARTUP пандемияға байланысты құрамдас форматта өтеді, тіркелу мен іріктеу кезеңдері онлайн форматта ұйымдастырылып, он үздік финалистер өз жобаларын әділ қазы алқаларының алдында қорғайды деп жоспарлануда.
БҒМ педагогтерге ескертеді: ақылы конкурстарда берілетін марапаттар аттестаттау кезінде ескерілмейді
БҒМ педагогтерге ескертеді: ақылы конкурстарда берілетін марапаттар аттестаттау кезінде ескерілмейді
Қазақстанда кейбір жеке тұлғалар педагогтерге арналған жалған наградаларды жасап, оларды оңды-солды сатып жатыр. Күмәнді ақылы конкурстарға қатысу нәтижесінде алынған наградалар мен дипломдар педагогтерді аттестаттаудан өткізу кезінде ескерілмейді.
ІІІ тоқсаннан бастап бітіруші сынып оқушылары аралас форматта оқитын болады
ІІІ тоқсаннан бастап бітіруші сынып оқушылары аралас форматта оқитын болады
Ведомствоаралық комиссияның шешімі бойынша III тоқсаннан бастап 9 және 11 (12) сынып оқушылары аралас форматта оқитын болады. Бұл сыныптарда математика, қазақ тілі, орыс тілі, шет тілі, физика, химия, биология, алгебра, геометрия, тарих және т.б.
«Әл - Фарабидің педагогикалық мұрасы: бастау және қазіргі заман» тақырыбында Республикалық форум
«Әл - Фарабидің педагогикалық мұрасы: бастау және қазіргі заман» тақырыбында Республикалық форум
2020 жылдың 30 қазаны күні «Өрлеу» БАҰО» АҚФ ҚР ББЖ ҚБАРИ «Әл - Фарабидің педагогикалық мұрасы: бастау және қазіргі заман» тақырыбында Республикалық форум (on - line) өткізеді.
СДУ - дан дарынды балаларға қолдау: олимпиада нәтижесінде талапкер грант ұтып алады
СДУ - дан дарынды балаларға қолдау: олимпиада нәтижесінде талапкер грант ұтып алады
Биыл Сулейман Демирел университеті мектеп бітіруші түлектерге арналған SPT олимпиадасын ұйымдастырып жатыр. Негізгі мақсаты – еліміздің түкпір - түкпіріндегі дарынды балаларды анықтай отырып, оларға ұлттық бірыңғай тестілеу алдында алдын ала грант
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.