Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі «Үздік олимпиадалық мектеп – 2021» деп танылды

18 мам 2021, Сейсенбі
Категориясы: Білім
Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі «Үздік олимпиадалық мектеп – 2021» деп танылды 
Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша Назарбаев Зияткерлік мектептерінің командасы «Үздік олимпиадалық команда – 2021» номинациясында I орын алды. Жоғары көрсеткіштердің арқасында бірден бірнеше Зияткерлік мектеп республиканың үздік олимпиадалық мектептерінің қатарына енді. Оның ішінде Алматы ФМБ NIS I орын, Павлодар ХМБ NIS II орын, III  орынды Ақтөбе ФМБ, Қарағанды ХМБ және Шымкент ХМБ NIS иеленді. 
2021 жылғы республикалық олимпиада 25-30 сәуір аралығында өтті. Алматы қалалық ФМБ NIS оқушылары 6 алтын, 6 күміс және 8 қола медальді жеңіп алды. 

Алтын медаль иегерлері: Камилла Ильясова қазақ тілінен, физикадан Ерсұлтан Пітебай, математикадан Нұрасыл Әбдіразақ, информатика пәнінен Мухамадариф Сахмодин, химиядан Азамат Жақсылықов және биологиядан Ерасыл Мухамедияр
Күміс жүлдеге ие болғандар: математикадан Таир Сатубалдин, Альдинаш Сейтенов пен Асылбек Олжабаев, информатикадан Ернар Садыбеков пен Амир Нуриев, физикадан Артур Николаенко. 

Қола медаль жеңімпаздары:  Аяулым Мұқан – ағылшын тілі, Еликай Атабаева – орыс тілі, Искандер Сагинбек – неміс тілі, Медет Джумадильдаев – информатика, Арсен Нәрік, Тамирлан Бектемисов – математика, Дамир Аленов, Сырымхан Нуриддин – физика
Айта кету керек, республикалық олимпиада 9-11 сынып оқушылары үшін ең ауқымды шара. Қазақстандағы қатысушылар саны бойынша жетекші орын алатын Олимпиада 16 жалпы білім беретін пәндерді қамтиды. Биылғы оқу жылында Республикалық олимпиаданың мектеп кезеңіне 1 миллионға жуық бала қатысты, оның ішінде 91 179 оқушы аудандық кезеңге өтті, облыстық кезеңде 12 521 оқушы жарысты, ал қорытынды кезеңде Қазақстанның барлық өңірлерінен 1557   қатысушы бақтарын сынаған болатын.
1 671
0
0 дауыс
Оқи отырыңыз
Команда NIS названа лучшей олимпийской командой 2021 года
Команда NIS названа лучшей олимпийской командой 2021 года
По итогам Республиканской олимпиады по общеобразовательным предметам команда Назарбаев Интеллектуальных школ заняла I место в номинации «Лучшая олимпийская команда – 2021»
Алматы NIS оқушысын Вальбонн Халықаралық орталығы шақырады
Алматы NIS оқушысын Вальбонн Халықаралық орталығы шақырады
Алматы қаласы, физика - математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12 сынып оқушысы Жания Нұрханова Вальбонн Халықаралық Орталығының 2021 - 2022 дайындық сыныптарына оқуға толық грантқа түсті. Сондай - ақ зияткерге ай сайын шәкіртақы
Нұр - Сұлтан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Эльдар Уркумбаев АҚШ - тың Массачусетс штатындағы Массачусетс технологиялық институтынан шақырту алды.
Нұр - Сұлтан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Эльдар Уркумбаев АҚШ - тың Массачусетс штатындағы Массачусетс технологиялық институтынан шақырту алды.
Университет робототехника мен жасанды интеллект секторлары және ақпараттық технология, физика, химия және математика салаларын оқыту жүйелері бойынша ең таңдаулы болып саналады
NIS желілік олимпиадасы – 2021: сәттілік тұмары ақ бата, рухы қазақ Евгений Югай, үш Аружан мен Алматыдағы физика - математика бағытындағы мектептің абсолютті жеңісі
NIS желілік олимпиадасы – 2021: сәттілік тұмары ақ бата, рухы қазақ Евгений Югай, үш Аружан мен Алматыдағы физика - математика бағытындағы мектептің абсолютті жеңісі
Алматы қаласындағы физика - математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі – 2021 жылғы желілік олимпиадада NIS - тің абсолютті чемпионы атанды.
Бүгін «Туған елге тағзым - 2020» өлкетану - зерттеу экспедициясы қатысушыларының жобалары мен шығармашылық жұмыстарының қашықтықтан өткізілген желілік байқаудың жабылу салтанаты өтті.
Бүгін «Туған елге тағзым - 2020» өлкетану - зерттеу экспедициясы қатысушыларының жобалары мен шығармашылық жұмыстарының қашықтықтан өткізілген желілік байқаудың жабылу салтанаты өтті.
Туған өлкені танып білуге, оқушылардың бойында туған елдің ерекшелігі мен оның қыр - сырын ұғынуға, патриоттық сезімді арттыруға бағытталған жобаның онлайн режимінде өтуі қатысушылар үшін кедергі болмады.
Тоғызқұмалақ: ойында дәстүр мен зият тоғысты
Тоғызқұмалақ: ойында дәстүр мен зият тоғысты
Бүгін тоғызқұмалақтан Назарбаев Зияткерлік мектептері арасындағы желілік спартакиаданың жеңімпаздары анықталды. Алғаш рет ежелгі ойынның жанкүйерлері өз қарсыластарымен онлайн форматта, PlayOk платформасында кездесті.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.