Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Келесі оқу жылынан бастап мектептер бес күнге көшеді, сенбі мұғалімдер үшін демалыс күн болады

07 қыркүйек 2022, Сәрсенбі
Категориясы: Білім
Келесі оқу жылынан бастап мектептер бес күнге көшеді, сенбі мұғалімдер үшін демалыс күн болады
Келесі оқу жылынан бастап мектептер үш ауысымда оқитын мектептерді қоспағанда, бес күндік жұмыс форматына көшеді. Бұл Оқу - ағарту министрлігінің оқу жүктемесін азайту, оқу жылын созу және оқу жүктемесін біркелкі қайта бөлу туралы шешімдерінің арқасында мүмкін болды. Бұл туралы бүгін «Білімді ұлт: терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» атты республикалық тамыз конференциясының пленарлы отырысында Оқу - ағарту министрі Асхат Аймағамбетов хабарлады.
«Келесі оқу жылынан бастап үш ауысымда оқитын мектептерден басқа барлық мектеп бес күндік жұмыс кестесіне көшуі тиіс. Бұл тек кем дегенде 1, 5 млн мектеп оқушысы үшін қосымша 36 күн демалыс ғана емес. Бұл шешім директорларға, директорлар орынбасарлары мен мұғалімдерге қатысты болады, енді олар қосымша 36 күн демалады. Мұғалімдер сенбі күні демалып, балаларын қасында болып, өзін - өзі дамытумен айналысуы керек деп есептейміз. Әріптестердің мұндай шешім «демалыс күндерін қысқартуға әсер ете ме?» деген сауалы туындауы мүмкін. Осы ретте 56 күндік демалыстың өзгеріссіз қалатынын атап өткім келеді. Бұл шешім жалақыға да әсер етпейді», - деді Оқу - ағарту министрі Асхат Аймағамбетов.
Сондай - ақ министр Президенттің қолдауының арқасында мұғалімдерді міндетіне сай келмейтін жұмыстардан, мысалы, үй - үйді аралау, бұқаралық іс - шараларға қатысу және т. б. жұмыстан босату шаралары қолға алынғанын, бұл бағыттағы жұмыстар әлі жалғасатынын жеткізді. Мектептер заңды түрде әкімдіктердің қарамағында екенін атап өтейік. Десе де министрлік педагогтерді құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бағытында ауқымды жұмыстар жүргізіп жатыр.
«Бұйрығымызға сәйкес, мұғалімдер күніне екі құжатты, яғни электронды журнал мен сабақ жоспарын ғана толтыруы керек. Мұғалімдерді қолдау бойынша жұмыс өз жалғасын таба береді», - деді министр.
Асхат Аймағамбетов өз сөзінде былтырғы оқу жылын қорытындылап, 2022 - 2023 оқу жылының жаңа бағыттарын атады.
Атап айтқанда, Асхат Аймағамбетов алдағы оқу жылындағы жаңалықтарға тоқталды. Ол тілдерді кезең - кезеңімен оқыту туралы айтты: биылдан бастап бірінші сынып оқушылары ана тілін, екінші сыныптан орыс тілін, үшінші сыныптан бастап ағылшын тілін үйренеді.
4 тамызда Педагогтердің республикалық тамыз конференциясы басталған болатын. Осы уақыт ішінде 39 панельдік сессия өткізіліп, олар Facebook, Instagram және YouTube парақшаларында көрсетілді. Оларға 400 мыңнан астам педагог қатысты. Оқу жылы қарсаңында тәжірибелі ұстаздар, білім саласының мамандары, ата - аналар мен министрлік өкілдері білім сапасын арттыру мәселелерін талқылап, өзара пікір алмасты.
Пленарлы отырыс соңында үздік ұстаздар Оқу - ағарту министрлігінің Құрмет грамоталарымен, медальдарымен және ведомстволық наградаларымен марапатталды.
3 603
0
2 дауыс
Оқи отырыңыз
Оқу жылын ұзарту жөніндегі ұсыныстар туралы
Оқу жылын ұзарту жөніндегі ұсыныстар туралы
Осыған дейін 2021 жылғы тамыз кеңесінің қорытындысы бойынша министрлік Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру академиясына оқушылардың жүктемесін азайту шараларына қатысты, тиімді оқу жылының ұзақтығын анықтау, білім беру ұйымдарында еңбекақы
Президент тапсырмасы шеңберінде 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап педагогтердің жалақысы тағы 25% өседі
Президент тапсырмасы шеңберінде 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап педагогтердің жалақысы тағы 25% өседі
Президент тапсырмасы шеңберінде 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап педагогтердің жалақысы тағы 25% өседі. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтып берді.
Жаңа оқу жылының басталуы қарсаңында мектеп формасы туралы
Жаңа оқу жылының басталуы қарсаңында мектеп формасы туралы
Пандемияға дейін мектеп формасын кию міндетті болды. Бірақ өткен жылы барлық жағдайларды ескере отырып, біз оқушыларға мектепке тек мектеп формасында ғана емес, сонымен қатар классикалық стильдегі киімде де келуге мүмкіндік беретін шешім қабылдадық.
Есептілікті азайту
Есептілікті азайту
Мұғалімдерді көптеген есептіліктен арылту үшін заңды негіздер пайда болды. Орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері толтыруға міндетті құжаттардың нақты тізбесі белгіленді.
ІІІ тоқсаннан бастап бітіруші сынып оқушылары аралас форматта оқитын болады
ІІІ тоқсаннан бастап бітіруші сынып оқушылары аралас форматта оқитын болады
Ведомствоаралық комиссияның шешімі бойынша III тоқсаннан бастап 9 және 11 (12) сынып оқушылары аралас форматта оқитын болады. Бұл сыныптарда математика, қазақ тілі, орыс тілі, шет тілі, физика, химия, биология, алгебра, геометрия, тарих және т.б.
Президент педагог мәртебесі туралы заңға қол қойды
Президент педагог мәртебесі туралы заңға қол қойды
Қазақстан президенті Қасым - Жомарт Тоқаев педагог мәртебесі туралы заңға қол қойды. "Мемлекет басшысы "Педагог мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды", - деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.