Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

NIS желілік олимпиадасы – 2021: сәттілік тұмары ақ бата, рухы қазақ Евгений Югай, үш Аружан мен Алматыдағы физика - математика бағытындағы мектептің абсолютті жеңісі

09 наурыз 2021, Сейсенбі
Категориясы: Білім
NIS желілік олимпиадасы – 2021: сәттілік тұмары ақ бата, рухы қазақ Евгений Югай, үш Аружан мен Алматыдағы физика - математика бағытындағы мектептің абсолютті жеңісі
Алматы қаласындағы физика - математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі – 2021 жылғы желілік олимпиадада NIS - тің абсолютті чемпионы атанды. Жас білімпаздар екі мәрте жаратылыстану - математикалық және қоғамдық - гуманитарлық бағыттағы «Үздік олимпиадалық команда» атағына лайық деп танылды. Аталмыыш мектептің оқушылары 13 бірінші орынға қол жеткізген: математиктер Арсен Нәрік, Альдинаш Сейтенов, Таир Сатубалдин, информатиктер Амир Нуриев, Олжас Мусалимов, Мухаммадариф Сахмолдин, Медет Джумадильдаев, физиктер Дамир Аленов, Ерсултан Пітебай, Сырымхан Нуриддин, филологтар Еликай Атабаева, Аяулым Мұқан, Искандер Сагинбек.
Назарбаев Зияткерлік меткептерінің желілік олимпиадасы алғаш рет қашықтан форматында өтті. Онлайн мәреге химия, биология, информатика, физика, математика, география, тарих, құқық негіздері пәндерінен, қазақ, орыс, ағылшын, француз, неміс тілдерінен білімдерін сарапқа салған 700 - ден астам оқушы қосылды.
Осынау күрделі уақыт пен орын алған жағдайларға қарамастан, біз олимпиадашылар өзімізді көрсетуге және жетістікке қол жеткізуге мүмкіндік алғанымызға қуаныштымыз, – дейді елордадағы физика - математика бағытындағы Зияткерлік мектептің оқушысы Егор Кожин.
Беделді әділ қазылар алқасының құрамында әр жылдары республикалық және халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары атанған, бүгінде әйгілі ЖОО - лардың табысты студенттеріне айналған Дияр Туленов, Даниил Мельниченко, Әбілмансұр Мүжүбаев пен NIS - тің өзге де түлектері бар. Қазақстанның үздік университеттерінің оқытушыларымен бірге олар республикалық олимпиадада NIS - тің намысын қорғайтын өрендердің есімдерін анықтады.
Көпшілігі үшін бүгінде желілік олимпиада – білім деңгейін көрсетуге ғана емес, ғылымның әр саласындағы соңғы жаңалықтар мен трендтер жайында сөз қозғалғанда өзге мектептердің оқушыларымен пікір алмасуға арналған табысты алаң.
Көптеген оқушылар аға буынның, ата - әжелері мен ата - аналарының жауапты бәйге алдында берген баталары айрықша тұмарға айнлғанын атап өтті. Тараздағы NIS оқушысы Жангерей Бекбулат ата - әжесінің ақ батасы бойына үнемі күш беретінін айтады:
– Осындай жауапты жарыс алдында үйдегі үлкендердің қолдауы маған үлкен жігер мен сенімділік сыйлайды және жауапкершілікті талап етеді.
Ұлты кәріс, рухы қазақ Евгений Югай елордалық физика - математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі командасының мүшесі.
Қазақ тілі мен әдебиеті секциясы – орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгерген, корей тілін үйреніп жүрген Евгенийдің саналы таңдауы. 6 жасынан бастап қазақша сөйлей бастаған Евгений мемлекеттік тілді үйренуге ерекше ықылас, асқан қызығушылық танытады.
Зерделі де зерек, мақсатшыл Евгений қазақ жазушыларының шығармаларымен түпнұсқада танысқанды ұнатады, Ұлы Дала тарихы мен мәдениеті туралы кітаптарды көп оқиды.
Евгений айтылған ой мен әрбір сөз астарына үңіліп, үнемі әдеби тілде сөйлеуге тырысады. Тілді жетік меңгеру үшін күш пен уақытын аямайды, үздіксіз жаттығып, сөйлесуге қызықты орта іздейді. Қазақ тілді сайттарды оқиды, әлеуметтік желілердегі достарының жазбаларына қазақша жауап береді, теледидардан түрлі бағдарламаларды мемлекеттік тілде көруге тырысады:
– Қазақ тілін білу – менің Отан алдындағы парызым деп санаймын.
Тараз қаласындағы Зияткерлік мектептен үш Аружан – Аружан Жақсылық, Аружан Досходжаева, Аружан Нұрманова ағылшын тілі секциясында бас қосты. Есімдерінен бөлек оларды ағылшын тіліне деген қызығушылықтары біріктіріп отыр. Оған дәлел оқушы қыздардың IELTS емтиханынан жоғары нәтиже көрсетуі – Аружан Досходжаева мен Аружан Нұрманова 7, 0 баллдан жинаған. Ал Аружан Жақсылық аталған пән бойынша зерттеу жұмыстарымен айналысуға ден қойған. Аружанның «Волейбол ойынында «жеңіске жету алгоритмінің» математикалық есептеулері» атты ерекше жобасы оқушылар арасындағы республикалық ғылыми - зерттеу жұмыстары байқауында 1 - орынды иеленген.
NIS - тің 2021 жылғы желілік олимпиадасы тарихи шараға айналып үлгерді. Ендігі кезекте жас білімпаздарды жаңа белес – республикалық олимпиада күтуде.
2 012
0
0 дауыс
Оқи отырыңыз
Сетевая олимпиада NIS – 2021: ак бата как талисман, казах по духу Евгений Югай, три Аружан и абсолютная победа алматинской школы физико - математического направления
Сетевая олимпиада NIS – 2021: ак бата как талисман, казах по духу Евгений Югай, три Аружан и абсолютная победа алматинской школы физико - математического направления
Назарбаев Интеллектуальная школа физико - математического направления города Алматы стала абсолютным чемпионом NIS в сетевой олимпиаде 2021 года.
Жаңа жағдайдағы білім беру⠀
Жаңа жағдайдағы білім беру⠀
Назарбаев Зияткерлік мектептері Ыбырай Алтынсариннің мерейтойына арналған жобаны бастауда.⠀ «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойына арналған «Жаңа жағдайдағы білім беру» жобасын жүзеге
«Ұлы дала мұрагерлері»: NIS оқушыларын белгілі қазақстандықтар мен робот София құттықтады
«Ұлы дала мұрагерлері»: NIS оқушыларын белгілі қазақстандықтар мен робот София құттықтады
Назарбаев Зияткерлік мектептерінде «Туған елге тағзым – 2020». өлкетану - зерттеу экспедициясының қорытындысы жарияланған дәстүрлі «Ұлы дала мұрагерлері» форумы өз мәресіне жетті.
Бүгін «Туған елге тағзым - 2020» өлкетану - зерттеу экспедициясы қатысушыларының жобалары мен шығармашылық жұмыстарының қашықтықтан өткізілген желілік байқаудың жабылу салтанаты өтті.
Бүгін «Туған елге тағзым - 2020» өлкетану - зерттеу экспедициясы қатысушыларының жобалары мен шығармашылық жұмыстарының қашықтықтан өткізілген желілік байқаудың жабылу салтанаты өтті.
Туған өлкені танып білуге, оқушылардың бойында туған елдің ерекшелігі мен оның қыр - сырын ұғынуға, патриоттық сезімді арттыруға бағытталған жобаның онлайн режимінде өтуі қатысушылар үшін кедергі болмады.
Назарбаев Зияткерлік мектептерінің отбасылық жобалары: Голдберг машинасынан Нобель сыйлығына дейін
Назарбаев Зияткерлік мектептерінің отбасылық жобалары: Голдберг машинасынан Нобель сыйлығына дейін
Назарбаев Зияткерлік мектептерінде Голдберг машиналарын құрастыру бойынша инженерлік шығармашылық желілік байқаудың нәтижелері белгілі болды.
Тоғызқұмалақ: ойында дәстүр мен зият тоғысты
Тоғызқұмалақ: ойында дәстүр мен зият тоғысты
Бүгін тоғызқұмалақтан Назарбаев Зияткерлік мектептері арасындағы желілік спартакиаданың жеңімпаздары анықталды. Алғаш рет ежелгі ойынның жанкүйерлері өз қарсыластарымен онлайн форматта, PlayOk платформасында кездесті.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.