Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Жаңа жағдайдағы білім беру⠀

23 желтоқсан 2020, Сәрсенбі
Категориясы: Білім
Жаңа жағдайдағы білім беру
Назарбаев Зияткерлік мектептері Ыбырай Алтынсариннің мерейтойына арналған жобаны бастауда.⠀
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойына арналған «Жаңа жағдайдағы білім беру» жобасын жүзеге асыру қолға алынды.⠀
Мерейтойлық бағдарламаның басты жаңалығы белгілі ұстаздар тәжірибелерімен бөлісетін Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық шеберлік онлайн алаңының ашылуы болып отыр. Алғашқы боп Білім және ғылым министрлігі «Ы. Алтынсарин» төсбелгілерінің иегерлері шақырылады. Назарбаев Зияткерлік мектептері жүйесінде 80 - нен астам адам жоғары педагогикалық марапат иегерлері. Олар елордадағы физика - математика бағытындағы Зияткерлік мектептің математика пәні мұғалімі Гүлнар Апеева, Нұр - Сұлтан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің тарих пәні мұғалімі Сәуле Ахметова, Өскемендегі NIS - тің биология пәні мұғалімі Татьяна Джежеря, Шымкенттегі химия - биология бағытындағы Зияткерлік мектептің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Шолпан Жайлаубекова, Павлодар қаласындағы Зияткерлік мектеп директорының орынбасары Ирина Бабич және өзге де мұғалімдер.⠀
Кәсіби диалог пен кездесу орнына айналатын NIS - тің онлайн алаңына еліміздегі жалпы білім беретін мектептерден тәжірибелі мұғалімдер қосылады деп жоспарлануда. ⠀
Қазақтың ұлы педагогінің шығармашылығы мен ағартушылық қызметіне арналған тақырыптық симпозиум Назарбаев Зияткерлік мектептерінің жыл сайынғы халықаралық ғылыми - практикалық конференциясында ашылмақ. Дәстүрлі тамыз конференциясындағы табысты тәжірибелер панорамасы да Ыбырай Алтынсариннің мерейтойы шеңберінде өтетін болады. ⠀
«Дөңгелек үстелдер» сериясы заманауи білім берудегі басты трендтер – еңбек нарығындағы жаңа талаптарға, жаппай стандарттаудан жаппай бірегейлікке көшуге, жасанды интеллект дәуірінде ұстаздардың алмаспайтындығына, табысты білім беру жүйесіндегі бағалау мен өзге де сұрақтарға арналады. ⠀

Жаңа жағдайдағы білім берудің миссиясын анықтайтын басым бағыттар бойынша талдамалық мақалалар топтамасы әзірленуде, – балаларға игілікті орта құру, мұғалімдердің кәсіби дамуы, бейакадемиялық үлгерім, функционалдық сауаттылықты қалыптастыру, сандық аборигендердің киберқауіпсіздігі, covid generation үшін мега тәуекелдер. ⠀
Мерейтойлық бағдарлама аясында елімізде үлкен қызығушылық тудырған «Ұлылықтың жолында ұстаз тұрар» жобасы да өз жалғасын табатын болады.⠀
Назарбаев Зияткерлік мектептерінде Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына арналған алғашқы шаралар легі қаңтар айында бастау алмақ.
2 293
0
0 дауыс
Оқи отырыңыз
«Global Teacher Prize» жаһандық сыйлығының амбассадоры, NIS мұғалімі Динара Бейсембаева ауыл мектебіне қолдау көрсетті
«Global Teacher Prize» жаһандық сыйлығының амбассадоры, NIS мұғалімі Динара Бейсембаева ауыл мектебіне қолдау көрсетті
«Global Teacher Prize» жаһандық сыйлығының амбассадоры, NIS мұғалімі Динара Бейсембаева Қарағанды облысының Нұра ауданындағы ауыл мектебіне қолдау көрсетті.
«Ұлы дала мұрагерлері»: NIS оқушыларын белгілі қазақстандықтар мен робот София құттықтады
«Ұлы дала мұрагерлері»: NIS оқушыларын белгілі қазақстандықтар мен робот София құттықтады
Назарбаев Зияткерлік мектептерінде «Туған елге тағзым – 2020». өлкетану - зерттеу экспедициясының қорытындысы жарияланған дәстүрлі «Ұлы дала мұрагерлері» форумы өз мәресіне жетті.
Бүгін «Туған елге тағзым - 2020» өлкетану - зерттеу экспедициясы қатысушыларының жобалары мен шығармашылық жұмыстарының қашықтықтан өткізілген желілік байқаудың жабылу салтанаты өтті.
Бүгін «Туған елге тағзым - 2020» өлкетану - зерттеу экспедициясы қатысушыларының жобалары мен шығармашылық жұмыстарының қашықтықтан өткізілген желілік байқаудың жабылу салтанаты өтті.
Туған өлкені танып білуге, оқушылардың бойында туған елдің ерекшелігі мен оның қыр - сырын ұғынуға, патриоттық сезімді арттыруға бағытталған жобаның онлайн режимінде өтуі қатысушылар үшін кедергі болмады.
NIS Педагогикалық шеберлік орталығы білім берудегі әлемдік тәжірибелердің үздік ондығына енді
NIS Педагогикалық шеберлік орталығы білім берудегі әлемдік тәжірибелердің үздік ондығына енді
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының Педагогикалық шеберлік орталығы әлем мұғалімдерінің кәсіби дамуын жоғарылатудағы айрықша жетістіктері үшін әлемдік тәжірибелердің үздік ондығына енді.
Ұлылықтың жолында ұстаз тұрар
Ұлылықтың жолында ұстаз тұрар
Оқу жылының алғашқы күнінде «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының барлық интернет платформаларында ұстаздарға арналған — «Ұлылықтың жолында ұстаз тұрар» атты жаңа жоба бастау алды.
Педагогтар Президент Жолдауын талқылады
Педагогтар Президент Жолдауын талқылады
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының филиалы «Нұр - Сұлтан қаласындағы Халықаралық мектептің» ұстаздары MS Teams платформасы арқылы Президент Қасым - Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс - қимыл кезеңі» атты
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.