Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Банктен несие (кредит) алу дұрыс па?

11 қыркүйек 2020, Жұма
Категориясы: Қаржы
БАНКТЕН НЕСИЕ (КРЕДИТ) АЛУ ДҰРЫС ПА?
Банктен несие аламын деген ойыңыз бар ма? Пайызға ақша алу дұрыс па деп ойланып жүрсеңіз осы мақаланы оқыңыз.
Көптеген сарапшылардың пікірінше, несиені елде тұрақты экономикалық жағдай болған кезде ғана алу керек. Сондықтан қазір несие алу үшін ең қолайлы уақыт емес. Несие алу туралы шешім қабылдар алдында өз мүмкіндігіне шынайы көзбен қарап алу керек.
ИПОТЕКАЛЫҚ НЕСИЕ АЛУ
Ипотекаға үй алу жыл сайын қолжетімді болып келеді, себебі ипотекалық несие бойынша пайыздар жыл сайын төмендеуде. Әлеуметтік бағдарламалардың арқасында өмір сүру деңгейі орташа және төмен азаматтарға ипотека алуға мүмкіндіктері бар.
Артықшылықтары:
– пәтерді толық сатып алатын мүмкіндік болмаған жағдайға қарамастан, үй алу мүмкіндігі.
– жалдап тұратын пәтерге үйге қаржы төлегенше, болашақта өзіңдікі болып қалатын пәтерге ақша төлеу.
Кемшіліктері:
– кредит ұзақ уақытқа беріледі, сондықтан көптеген жылдар бойы қаражатты үнемдеуге тура келеді. Мүмкіндігінше ипотеканы ұзақ мерзімге алмауға тырысу керек.
– несиені төлеуге мүмкіндік болмаған жағдайда, банк пәтерді аукционға салады. Сіз тек үйсіз ғана қалмайсыз, сонымен қатар пәтерге салынған инвестициялардан да айырыласыз.
ТОЙҒА НЕСИЕ АЛУ
Той – әр адамның өмірінде ерекше орын алатын оқиға. Бірақ соңғы жылдары оны жасау үшін несие алу керек па деген халық арасында дау жүріп жатыр.
Артықшылықтары:
– үйлену тойы сіз армандағандай болады.
– қалыңдық тойға өзі қалаған көйлегін кие алады.
– жастар ұнаған мейрамхананы жалдап, тойға жақсы тамада, оператор, фотограф және т. б. шақырып, келген қонақтардың алдында ұятқа қалмайды.
Кемшіліктері:
– неке қиған жас жұбайлардың 30% – ы бір жылдың ішінде айырылысып кетеді. Бұл жағдайда сіз несиені ажырасқаннан кейін де төлеуге мәжбүр боласыз.
– отбасылық өміріңіз қарыз төлеуден басталады. Ақшаны әрдайым үнемдеуге тура келеді.
– туған туыстар тойға жинап берген ақша мейрамхананың шығындарын жабуға ғана жетеді.
Сонымен, банктен кредит алған дұрыс па?
Кез келген кредит жауапкершілікті талап етеді. Қандай тәуекелге бара жатқаныңызды түсуіңіз керек. Адамдар екіге бөлінеді, біріншілері өз табыстарына сәйкес өмір сүреді, ал екіншілері несиеге қымбат автокөлік, әр түрлі техника және т. б. заттар алады. Бірақ екіншілерінің бақыты көп уақытқа созылмайды. Банктен несиені алған дұрыс па деген сұрақты әр адам өз - өзіне қоюы керек.
2 182
0
1 дауыс
Оқи отырыңыз
Жұмыста міндетін өте жақсы орындаған кез келген маман тиісті түрде ынталандырылуы керек.
Жұмыста міндетін өте жақсы орындаған кез келген маман тиісті түрде ынталандырылуы керек.
Бұл қызметтегі өсу ғана емес, белгілі бір жетістіктер үшін берілетін ақшалай сыйақылар немесе грамоталар мен төсбелгілер болуы мүмкін. Тіпті жұмыстың сапалы орындалғаны үшін басшылық тарапынан айтылатын алғыстың өзі үлкен мотивация береді.
БҒМ педагогтерге ескертеді: ақылы конкурстарда берілетін марапаттар аттестаттау кезінде ескерілмейді
БҒМ педагогтерге ескертеді: ақылы конкурстарда берілетін марапаттар аттестаттау кезінде ескерілмейді
Қазақстанда кейбір жеке тұлғалар педагогтерге арналған жалған наградаларды жасап, оларды оңды-солды сатып жатыр. Күмәнді ақылы конкурстарға қатысу нәтижесінде алынған наградалар мен дипломдар педагогтерді аттестаттаудан өткізу кезінде ескерілмейді.
Сабақтан тыс уақыттағы жеке консультациялар бойынша сұрақтар
Сабақтан тыс уақыттағы жеке консультациялар бойынша сұрақтар
Мұғалімдер мен ата-аналардың пікірін ескере отырып, кезекші сыныптардағы дәстүрлі форматта оқуға мүмкіндігі жоқ оқушыларға мұғалімдердің қалауы бойынша жеке консультациялар өткізу мүмкіндігі туралы шешім қабылданды.
Қандай бизнес ашуға болады? Бизнес - идеялар
Қандай бизнес ашуға болады? Бизнес - идеялар
Жеке бизнес ашу – бұл тек табыс көзі ғана емес, ол адамды материалдық тұрғыдан тәуелсіз етеді. Бірақ қандай шағын бизнеспен айналысуға болады? Бұл сұраққа біз жауап беруге тырысамыз.
Кредитім жабыла ма, қалай білсем болады?
Кредитім жабыла ма, қалай білсем болады?
Қоғамда несиені мемлекет есебінен жабу жайлы ақпаратты қайдан алатыны жайлы білмейді. Кей қазақстандықтар несиесінің өтелетінін не өтелмейтінін білмей дал болуда.
2020 жылдың 1 қаңтарында Қазақстанда салық әмины енгізіледі
2020 жылдың 1 қаңтарында Қазақстанда салық әмины енгізіледі
2020 жылдың 1 қаңтарында Қазақстанда бірыңғай деректемелерден төлемдерді қабылдау және өңдеу бойынша салық әмиян — сервисі іске қосылады. Жаңа механизм туралы Қаржы вице - министрі Руслан Еңсебаев мәлімдеді.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.