Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Жұмыста міндетін өте жақсы орындаған кез келген маман тиісті түрде ынталандырылуы керек.

04 қаңтар 2021, Дүйсенбі
Категориясы: Білім
Жұмыста міндетін өте жақсы орындаған кез келген маман тиісті түрде ынталандырылуы керек. 
Бұл қызметтегі өсу ғана емес, белгілі бір жетістіктер үшін берілетін ақшалай сыйақылар немесе грамоталар мен төсбелгілер болуы мүмкін. 
Тіпті жұмыстың сапалы орындалғаны үшін басшылық тарапынан айтылатын алғыстың өзі үлкен мотивация береді. 
Осы ретте көтермелеу жүйесінің маңызы зор екені белгілі.
Біз марапаттарды тағайындау үдерісінің барынша объективті, ашық және меритократия қағидаттарына толығымен сәйкес болуына ұмтыламыз. 
Осы мақсатта Білім және ғылым министрлігінің ведомстволық наградаларымен марапаттау жүйесіне қатысты жаңа өзгерістерді енгізуге негіз болатын бұйрық дайындадық. 
Бұл министрлік тарапынан ұсынылатын дипломдарға, грамоталарға, төсбелгілер мен алғыс хаттарға қатысты мәселе.  
Әріптестерімнің арасында аталған марапаттарды берудің объективтілігіне қатысты бірнеше рет сұрақтар туындағанын жасырмаймын. 
Осыған байланысты барлық күмәнді жою үшін біз педагогтер, оқу ісінің меңгерушілері, мектеп директорлары, әдіскерлерден тұратын жұмыс тобын құрдық. 
Бұйрыққа енгізілген ұсыныстарды да дәл осы  жұмыс тобы әзірледі. 
Бұл құжаттың бұған дейін қолданыста болған бұйрықтан айырмашылығы айтарлықтай көп. 
Қойылған жаңа талаптардың бірнешеуін атап өтейін:
– жұмыс көрсеткіштерінің нақты тізбесі көрсетіледі;
– көрсеткіштер маңыздылығына қарай әртүрлі балмен бағаланады, бәсекелестік болуы үшін марапат көп балл жинаған адамға беріледі;
– көтермелеудің жаңа түрлері енгізіледі (деңгей бойынша білім беру ісінің үздігі құрмет грамотасы);
– марапаттау реттілікпен беріледі (бірден ең жоғары марапат берілмейді, реттілік сақталуы тиіс);
– марапат алатын тұлғалар бойынша ақпарат цифрландырылуы, есепке алынуы және ашықтық қамтамасыз етілуі тиіс.
Аталған бұйрыққа сәйкес марапаттарды тағайындау тәртібі нақты ретке келтірілген.
Мұның барлығы марапатқа үміткерлерді әділ және ашық іріктеуге, субъективті тәуекелдерді айтарлықтай азайтуға бағытталған. 
Жаңа талаптар еліміздегі педагогтер мен ғалымдарды объективті әрі ашық марапаттау тәртібін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді деп санаймыз.
Үміткерлердің жұмыс ерекшелігін ескере отырып, олардың қандай да бір марапатқа ие болу мүмкіндігін теңестіру үшін біз мектепке дейінгі, бастауыш, орта, орта білімнен кейінгі білім беру, ТжКБ педагогтерін, ЖОО оқытушылары мен ғылыми қызметкерлерді саралау бойынша шешім қабылдадық.
Осылайша, мұғалімдердің немесе ғалымдардың әр жеке санатында бәсекелестік болады.
Жыл сайын біздің бастамамыз бойынша педагогтер мен ғылыми қызметкерлердің нормаланған саны марапатталатын болады. 
Бұл ретте басшылық міндеттерін атқаратын азаматтар саны (директорлар, меңгерушілер және т.б.) 20 пайыздан аспауы тиіс.
Марапаттау рәсімдері «Тәуелсіздік күні», «Білім күні», «Мұғалімдер күні», «Ғылым қызметкерлері күні» мерекелеріне орайластырылады.
Сондай-ақ жұмыс тобы 25 жылдан астам уақыт бойы ұстаздық еткен әріптестерімізді  «Мамандығына адалдығы үшін» төсбелгісімен марапаттауды ұсынды. 
Жылдар бойы адал еңбек еткен сала ардагерлерін марапаттау маңызды деп санаймыз. 
Жұмыс тобының пікірінше, ширек ғасыр жұмыс істеген сала мамандары марапаттың осы түрін алу үшін ешқандай құжат тапсырмаса да болады.
Марапаттарды алудың нақты жүйелігі енгізіледі. 
Әр марапаттың жеке сәйкестендіру коды болады. Ол 12 саннан құралады және марапаттау жылын, мереке күнін, марапатталған адам жұмыс істейтін саланы, көтермелеу түрін және реттік нөмірін көрсететін бес бөлімнен тұрады.
Енді барлық марапатталушылар бойынша министрдің бұйрығы шығады. 
Ол бұйрық міндетті түрде Көтермелеудің біріңғай электронды есебінде сақталып, министрліктің интернет-ресурсында жарияланады.
1 409
0
1 дауыс
Оқи отырыңыз
БҒМ педагогтерге ескертеді: ақылы конкурстарда берілетін марапаттар аттестаттау кезінде ескерілмейді
БҒМ педагогтерге ескертеді: ақылы конкурстарда берілетін марапаттар аттестаттау кезінде ескерілмейді
Қазақстанда кейбір жеке тұлғалар педагогтерге арналған жалған наградаларды жасап, оларды оңды-солды сатып жатыр. Күмәнді ақылы конкурстарға қатысу нәтижесінде алынған наградалар мен дипломдар педагогтерді аттестаттаудан өткізу кезінде ескерілмейді.
Egov - пен уақытыңызды үнемдеңіз!
Egov - пен уақытыңызды үнемдеңіз!
Шұғыл түрде анықтама керек пе? Ал егер сіз жұмыста, жолда, мүмкін Елшілікте виза алуға кезекте тұрсаңыз ше? Мұндай жағдайда ештеңеге алаңдаудың қажеті жоқ.
Қандай бизнес ашуға болады? Бизнес - идеялар
Қандай бизнес ашуға болады? Бизнес - идеялар
Жеке бизнес ашу – бұл тек табыс көзі ғана емес, ол адамды материалдық тұрғыдан тәуелсіз етеді. Бірақ қандай шағын бизнеспен айналысуға болады? Бұл сұраққа біз жауап беруге тырысамыз.
Кредитім жабыла ма, қалай білсем болады?
Кредитім жабыла ма, қалай білсем болады?
Қоғамда несиені мемлекет есебінен жабу жайлы ақпаратты қайдан алатыны жайлы білмейді. Кей қазақстандықтар несиесінің өтелетінін не өтелмейтінін білмей дал болуда.
Kaspi арқылы ақша аударудан қосымша төлем немесе салық алынбайды
Kaspi арқылы ақша аударудан қосымша төлем немесе салық алынбайды
Қаржы министрлігі ақша аударымдарын тексеруге қатысты түсініктеме беріп, алаңдауға еш негіз жоқ екенін айтты НҰР - СҰЛТАН, 14 қараша Қаржы министрлігі қазақстандықтардың ақша аударымдарын тексеруді жоспарлап отырған жоқ.
2020 жылдың 1 қаңтарында Қазақстанда салық әмины енгізіледі
2020 жылдың 1 қаңтарында Қазақстанда салық әмины енгізіледі
2020 жылдың 1 қаңтарында Қазақстанда бірыңғай деректемелерден төлемдерді қабылдау және өңдеу бойынша салық әмиян — сервисі іске қосылады. Жаңа механизм туралы Қаржы вице - министрі Руслан Еңсебаев мәлімдеді.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.