Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Halyk Academy жобасы кеңеюде

21 сәуір 2021, Сәрсенбі
Категориясы: Қоғам
Halyk Academy жобасы кеңеюде:
Halyk Bank қолдауымен ХАТУ және ҚБТУ университеттерінде IT мамандарын даярлау бойынша жаңа оқу зертханалары мен оқыту бағдарламалары ашылды
2021 жылғы 19 сәуір, Алматы қаласы. Клиенттердің қажеттілігі үшін жоғары технологиялық цифрлы сервистерді дамыта отырып, Halyk Bank ел ауқымында мықты кадр резервін құруға мүдделі және белсенді жұмыс істеуде. Өткен жұмада Қазақстан - Британ техникалық университетінде Halyk Academy зертханасы мен коворкинг аймағының ресми ашылуы өтті. Осылайша, Halyk Bank ҚБТУ - мен бірлесіп бастаманы іске қосты, оған сәйкес ЖОО базасында еліміздің ірі Банкі үшін білікті мамандар дайындалатын болады.
Академия базасында Microsoft корпорациясының "Azure" бұлтты платформасы арқылы бағдарламалау тілдері мен технологияларға қол жеткізу мүмкіндігі беріледі. Бұлтты зертхана университет оқытушылары мен студенттеріне кез келген практикалық сабақтар мен зертханалық жұмыстарды жүргізуге, IT - жобаларды әзірлеуге, курстар немесе кәсіптік оқыту жүргізуге, жоғары технологиялық бұлтты платформаның қауіпсіз ортасында кез - келген масштабтағы хакатондар мен демонстрациялар өткізуге мүмкіндік береді.
Антон Мусин, Halyk Bank басқарма төрағасының бірінші орынбасары: "Финтех - бұл тез өзгеретін технологиялар мен техникалық жабдықтардың арқасында үнемі және қарқынды дамып келе жатқан бизнес саласы. Тиісінше, жақсы оқытылған, дайындалған, жоғары білікті кадрлар қажет, олар жоғары оқу орындарын бітіріп, өндірістік және технологиялық процеске оңай енеді. Halyk Bank болашаққа қарайды. Сондықтан Halyk Academy жобасын белсенді дамытуда. Біз материалдық - техникалық базаны дамытуға, ҚБТУ және ХАТУ сияқты жоғары оқу орындарының студенттерін даярлау мен білім беруге қосқан үлесі нәтижесінде алдыңғы қатарлы банктік технологиялармен жұмыс істеудің практикалық дағдылары бар сауатты мамандар алуға мүмкіндік беретініне сенімдіміз. Бұл ұзақ мерзімді жоба, ол банкке де, жоғары оқу орындарына да, ең алдымен, өз идеялары мен инновацияларын нақты стартаптарға, ал банк индустриясы үшін неғұрлым ауқымды IT - жобаларға іске асыруға бірегей мүмкіндік алатын студенттерге қызықты".
Болашақта Halyk Bank ҚБТУ оқу бағдарламасының бір немесе бірнеше тректерінің бірлескен әзірлеушісі болуды жоспарлап отыр. Қазірдің өзінде оқыту бағдарламасына нарықта сұранысқа ие ең трендтік технологиялар мен бағдарламалау тілдері енгізілген.
Кенжебек Ибрашев, ҚБТУ ректоры (Басқарма Төрағасы): "Кез келген университеттің негізгі міндеті - нарыққа қажетті мамандарды дайындау. Жоғары білімнің маңызды бағытының бірі студенттердің университет зертханаларында және компаниялардағы тағылымдамаларда алатын практикалық тәжірибесі. Halyk Academy білім мен бизнесті біріктірудің жақсы үлгісі болады. Оқу зертханасы мен коворкинг студенттерге қажетті практикалық дағдыларды дарытуға және оларды Банктің технологиялық стэкімен таныстыруға арналған. Бұл студенттерге жұмыс ортасына тезірек интеграциялануға және оқу кезеңінде барлық қажетті технологиялармен танысуға, сондай - ақ одан әрі тағылымдамадан өтуге және жұмысқа орналасуға мүмкіндік береді. Қазіргі заманғы зертханалар осылай көрінуі керек. Halyk Bank - пен біраз уақыт бұрын пайда болған Halyk Academy құру идеясы қазір шындыққа айналуда. Көптеген басқа IT жобалар сияқты - бұл идея біздің техникалық Альма матердің дәстүрінен бастау алады. Біз ұзақ мерзімді ынтымақтастық жолының басында тұрмыз және осы Академия одан ары дами түсетініне сенімдімін.
Нұрлан Жәнібек, Microsoft корпорациясының Қазақстандағы және ТМД елдеріндегі білім беру секторымен жұмыс жөніндегі басшысы: "Қазақстандағы жоғары білім беру жүйесімен өзара іс - қимылдың басым бағыты біз үшін нарықтың қажеттілігінен туындаған барлық мүдделі әріптестер арасында табысты синергияны құру. Жобаның әрбір қатысушысының индустриялық құзыреттерін ескере отырып, өзара іс - қимылдың осы моделі банк пен нарық үшін экономиканың цифрлы трансформациясының сын - қатерлеріне дайын сұранысқа ие, бәсекеге қабілетті және сертификатталған IT - мамандарын ұсынады. Halyk Bank, ҚБТУ университеті және Microsoft - тың бірлескен күш - жігерінің арқасында біз жоғары оқу орнының әрбір студентіне және банкке көп жетістікке жетуге көмектесетін бірегей және болашағы бар жобаны іске қостық".
Алдағы уақытта жоба дарынды жастарды Орталық Азияның ірі қаржы институты - Halyk Bank - те тағылымдамадан өтумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл үшін Halyk Bank - те бірнеше жылдан бері HalykStar тағылымдама бағдарламасы табысты жұмыс істеп келеді.
Halyk Academy Halyk Bank пен бірнеше қазақстандық жоғары оқу орындарының (ҚБТУ және ХАТУ) бірлескен жобасы бейіндік технологияларды дамыту перспективаларын ескере отырып, оңай жаңартылатын теңдестірілген икемді және мобильді оқыту бағдарламасын құруға мүмкіндік береді. Жоба: Halyk Bank біліктілік талаптарына сәйкес келетін кандидаттардың тұрақты легін ұйымдастыруға; тағылымдама бағдарламаларын (онлайн - ассесменттер, кандидаттарды бағалау үшін тестілеу) ұдайы жетілдіруге; Банктің басымдықтарына сәйкес бизнес - кейстерді пысықтау үшін университеттер базасында R&D орталықтарын ашу үшін негіз жасауға мүмкіндік береді; университеттердің оқу бағдарламаларына банк технологияларының стектерін енгізу, жоғары оқу орындарының оқу бағдарламаларын Банктің басымдықтарына бейімдеу; білім беру мен банк индустриясы арасындағы қашықтықты айтарлықтай қысқарту.
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ PR - қызметі
Тел.+7 727 330 17 19, | pr@halykbank. kz | www. halykbank. kz
2 103
0
0 дауыс
Оқи отырыңыз
Проект Halyk Academy расширяется
Проект Halyk Academy расширяется
19 апреля 2021 г., г. Алматы. Развивая высокотехнологичные цифровые сервисы для нужд своих клиентов, Halyk Bank заинтересован и активно работает над созданием сильного кадрового резерва в масштабах станы.
1 - ші QWANT бағдарламалау олимпиадасының нәтижелері: IT Білім Альянсы мен Microsoft Қазақстан бірлескен бастамалары
1 - ші QWANT бағдарламалау олимпиадасының нәтижелері: IT Білім Альянсы мен Microsoft Қазақстан бірлескен бастамалары
Білім беру IT Альянсы және Microsoft Қазақстан, 2021 жылы 19 сәуірде өткен Бірінші QWANT бағдарламалау олимпиадасының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі аясында қаржы, технология және IT салаларында мамандар даярлау бағытында әлеуетті ынтымақтастық
Halyk Bank совместно с университетом АО «МУИТ» запустил учебные лаборатории и обучающие программы для подготовки профильных IT специалистов в рамках проекта Halyk Academy
Halyk Bank совместно с университетом АО «МУИТ» запустил учебные лаборатории и обучающие программы для подготовки профильных IT специалистов в рамках проекта Halyk Academy
Развитие высокотехнологичных цифровых сервисов – является приоритетной задачей Halyk Bank и наличие квалифицированных кадров – важное условие для ее реализации.
Halyk Bank «ХАТУ» АҚ университетімен бірлесіп, Halyk Academy жобасы шеңберінде мамандандырылған ІТ-мамандарды даярлау бойынша оқу зертханалары мен оқу бағдарламаларын іске қосты
Halyk Bank «ХАТУ» АҚ университетімен бірлесіп, Halyk Academy жобасы шеңберінде мамандандырылған ІТ-мамандарды даярлау бойынша оқу зертханалары мен оқу бағдарламаларын іске қосты
2021 жылғы 2 6 ақпан, Алматы қ. - Halyk Bank үшін жоғары технологиялық цифрлық қызметтерді дамыту басымдықты міндет болып табылады және оны жүзеге асыру үшін білікті кадрлардың болуы маңызды.
Қазтелепорт және Microsoft: Қазақстанның корпоративтік клиенттеріне арналған Azure Stack HUB by Kazteleport бірлескен бұлтты шешімі
Қазтелепорт және Microsoft: Қазақстанның корпоративтік клиенттеріне арналған Azure Stack HUB by Kazteleport бірлескен бұлтты шешімі
Алматы, 25 қаңтар, 2021 ж. – Қазақстанның ірі ақпараттық - коммуникациялық және бұлтты қызметтер провайдері «Қазтелепорт» акционерлік қоғамы - Қазақстан Халық банкінің еншілес ұйымы» және Microsoft компаниясы Қазақстандық клиенттер үшін Azure Stack
СДУ мен Erasmus+серіктестігі аясында инновациялық IT-зертхана іске қосылды
СДУ мен Erasmus+серіктестігі аясында инновациялық IT-зертхана іске қосылды
Сулейман Демирел атындағы университеттің "Инженерия және жаратылыстану ғылымдары" факультетінің базасында магистранттарға, докторанттарға және жас зерттеушілерге бағытталған ACESYRI (Advanced Centre for PhD Students and Young Researchers in
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.