Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

СДУ мен Erasmus+серіктестігі аясында инновациялық IT-зертхана іске қосылды

14 желтоқсан 2020, Дүйсенбі
Категориясы: Білім
СДУ мен Erasmus+серіктестігі аясында инновациялық IT - зертхана іске қосылды

Сулейман Демирел атындағы университеттің "Инженерия және жаратылыстану ғылымдары" факультетінің базасында магистранттарға, докторанттарға және жас зерттеушілерге бағытталған ACESYRI (Advanced Centre for PhD Students and Young Researchers in Informatics) зертханасы ашылды. Зертхананың салтанатты ашылуына инженерлік факультетінің командасымен бірге СДУ ректоры - Қуаныш Ерғалиев қатысты.
- Бұл біздің университеттің Erasmus + халықаралық бағдарламасының жоғары оқу орындарының Концорциумымен стратегиялық ынтымақтастық аясындағы серіктестік жоба. Бүгінгі күні біздің университетпен қатар консорциум құрамында - Қазақстанның 7 жоғары оқу орны, Еуропаның 3 оқу орны және 2 қазақстандық қауымдастық бар. Жоба Erasmus + бағдарламасының қолдауымен жүзеге асырылды. Зертхананы ашудың негізгі мақсаты - сыртқы серіктестерді PhD студенттерімен және біздің университеттің басшыларымен байланыстыру, сонымен қатар магистранттар мен докторанттар арасында зерттеушілердің жас әлеуетін дамыту үшін жағдай жасау. Бұл қазақстандық және шетелдік жоғары оқу орындарымен өзара әрекеттесу, кең тәжірибе және сараптамалық пікір алмасу үшін бірегей платформаға айналары сөзсіз, - деп мәлімдеді СДУ "Инженерия және жаратылыстану ғылымдары" факультетінің деканы Андрей Богданчиков.
Сонымен қатар жобаның ресми сайты мен https://sdu. edu. kz/advanced - centre - for - phd - students - and - young - researchers - in - informatics/ орталықтандырылған портал іске қосылды. Зертхана компьютерлермен, заманауи телекоммуникациялық жүйемен және әлемнің кез - келген нүктесіндегі аудиториямен онлайн форматта өзара қарым - қатынас жасауға мүмкіндік беретін қажетті базамен толық жабдықталған. Шара барысында қатысушыларға зертхананың барлық техникалық мүмкіндіктері көрсетіліп, алғашқы онлайн қосылулар сыналды. СДУ ректоры Қуаныш Ерғалиев жаңа зертхананың мүмкіндіктерін жоғары бағалап, инженерлік факультеттің командасына табыс және стратегиялық мақсаттардың орындалуын тіледі.
- Бұл біздің университетіміздің жас зерттеушілері үшін белгісіздік және тез өзгеру жағдайында әлемдік сарапшылармен тиімді өзара әрекеттесуге мүмкіндік беретін өте маңызды алаң. Жобаның серіктестеріне және Еуропада ғана емес, одан тыс жерлерде де адами және әлеуметтік капиталды дамытуға жәрдемдесудің тиімді құралы болып табылатын Erasmus+ халықаралық бағдарламасына шексіз алғысымды білдіремін, - деп түйіндеді Қуаныш Ерғалиев.

1 039
0
0 дауыс
Оқи отырыңыз
National Geographic Qazaqstan NIS оқушыларының ғылыми ізденістеріне қолдау көрсетпек
National Geographic Qazaqstan NIS оқушыларының ғылыми ізденістеріне қолдау көрсетпек
NIS оқушылары, ұстаздары мен ата - аналары кезекті «Даналық бейсенбіні» әйгілі «National Geographic» журналының еліміздегі өкілдерімен жүздесуге арнады.
Microsoft Қазақстан және Алматы қ. білім басқармасы қаладағы білім беруді цифрлық трансформациялау саласындағы ықтимал ынтымақтастық туралы уағдаласты
Microsoft Қазақстан және Алматы қ. білім басқармасы қаладағы білім беруді цифрлық трансформациялау саласындағы ықтимал ынтымақтастық туралы уағдаласты
Алматы, 12 қаңтар, 2021 ж. – 4 желтоқсан 2020 ж. Microsoft Қазақстан және Алматы қ. білім басқармасының «Білім берудегі жаңа технологиялардың қалалық ғылыми әдістемелік орталығы» қаланы цифрлық трансформациялау мақсатындағы ынтымақтастық
NIS Қорқыт Ата атындағы университетке қандай қолдау көрсетпек?
NIS Қорқыт Ата атындағы университетке қандай қолдау көрсетпек?
Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі өңірдегі Қорқыт Ата атындағы мемлекеттік университетімен ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды.
Инновационная IT - лаборатория запущена в рамках партнерства СДУ с Erasmus+
Инновационная IT - лаборатория запущена в рамках партнерства СДУ с Erasmus+
Лаборатория ACeSYRI (Advanced Centre for PhD Students and Young Researchers in Informatics), направленная на магистрантов, докторантов и молодых исследователей открылась на базе факультета «Инженерии и естественных наук» Университета имени Сулеймана
Әлем сарапшылары пандемия кезінде білім беру үрдісінде жаңа тәсілдерді ұсынуда
Әлем сарапшылары пандемия кезінде білім беру үрдісінде жаңа тәсілдерді ұсынуда
Қыркүйектің 24 - 25 аралығында Сулейман Демирел университетінің ұйымдастыруымен “Мәдени көпірлер салу жөніндегі 9 - шы халықаралық конференциясы” (ICBCB) өз жұмысын бастады.
СДУ - дан дарынды балаларға қолдау: олимпиада нәтижесінде талапкер грант ұтып алады
СДУ - дан дарынды балаларға қолдау: олимпиада нәтижесінде талапкер грант ұтып алады
Биыл Сулейман Демирел университеті мектеп бітіруші түлектерге арналған SPT олимпиадасын ұйымдастырып жатыр. Негізгі мақсаты – еліміздің түкпір - түкпіріндегі дарынды балаларды анықтай отырып, оларға ұлттық бірыңғай тестілеу алдында алдын ала грант
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.