«Мен кітаппен әлемді ашамын» кітапқұмарлар клубы ашылды

Президент Қ. К. Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысында берген тапсырмасын орындау мақсатында даярланған ҚР БжҒМ - нің "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында облыс мектептерінде ауқымды жұмыстар басталып та кетті. Соның бір айғағы – «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚФ Маңғыстау облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктіліктерін арттыру институтымен бірлікте Ақтау қаласындағы ІТ мектеп - лицейі базасында ашылған кітапқұмарлар клубы. Ағымдағы жылдың мамыр айының 14 - і күні аталмыш білім беру ұйымында клубтың ашылу салтанаты болды. Бүгінгі жиынға бастауыш сынып оқушылары келіпті. Ұйымдастырушы мектеп - лицейдің кітапханашысы Назгүл Утепбаеваның айтуы бойынша клуб жұмысы бастауыш сыныптар, орта буын, жоғары сынып оқушылары үшін арнайы топтарға бөлініп жасақталған екен. Жиынға қатысқан оқушылар өздерінің оқыған көркем шығармаларының мазмұнын айтып, өлеңдерін жатқа айтты. Алдын ала жарияланған конкурс бойынша жүлделі орын алған оқушылар мақтау қағазымен, ақшалай сыйлықпен марапатталды. Білім ұясының директоры Мүберек Ақылбек Сүйінбекұлымен сұхбат барысында ұстаздар көшбасшысының оқушылардың көркем әдебиетке құштарлығын оятудың тиімді жолдарын іздестіріп, сол бағытта қарқынды жұмыстар жасауға бел шешіп кіріскісі келіп отырғандығын байқап, риза болдым. Шәкірттерін ынталандыру мақсатында ақшалай қаржы табу көзін де ойластырыпты. Ал кітапханашы Назгүл болса «алда әлі талай мазмұнды жұмыстар (ақын - жазушылармен кездесу, кітап оқушылар конференциясы, оқырмандар конкурсы т. б.) ұйымдастыруды ойластырып жүрмін» деп қызықты жоспарларының шет жағасымен таныстырып та қойды.
«Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚФ Маңғыстау облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктіліктерін арттыру институтының кітапхана меңгерушісі Аккүріш Өтебаеваның облыс мектептеріндегі кітапханашылармен бірлікте жасап жатқан бұл игілікті істері одан әрі жалғасын тауып, облысымыздағы кітапқұмарлар қатарының артуына оң ықпалын тигізеді деген сенімдеміз. Ақкүріш клуб мүшелеріне осы мектептің түлектері – өзінің балаларының беріп жіберген сыйлық - кітаптарын табыстады. Оқушыларын көркем шығармаға қызықтырудың қыр - сырын жетік білетін қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қоразова Сәнімхан жас оқырмандарға сәттілік тілеп, олардан үлкен үміт күтетіндігін айтып, сенім артты.
«Өмірдің шамшырағын» мәңгі жолдас қылуға бел буған кішкентай кітапқұмарларға жарқын болашақ тілеп, біз де риза болып қайттық. Білім бұлағынан алар рухани нәрлеріңіз мол болғай!!!!
Дүйсенбаева Ақзия Төренқызы,
«Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚФ
Маңғыстау облысы бойынша ПҚ БАИ
директорының оқу - әдістемелік жұмыстар
жөніндегі орынбасары

Оқи отырыңыз
1 - ші QWANT бағдарламалау олимпиадасының нәтижелері: IT Білім Альянсы мен Microsoft Қазақстан бірлескен бастамалары
Білім беру IT Альянсы және Microsoft Қазақстан, 2021 жылы 19 сәуірде өткен Бірінші QWANT бағдарламалау олимпиадасының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі аясында қаржы, технология және IT салаларында мамандар даярлау бағытында әлеуетті ынтымақтастық
СДУ базасында денсаулық, саясат және менеджмент орталығы ашылды
Сулейман Демирель атындағы университет ректоры Қуаныш Ерғалиевтың бастамасымен оқу орнының базасында Денсаулық, саясат және менеджмент орталығы ашылды. Орталықтың жұмысы денсаулық сақтау саласындағы жүйелі мәселелерді кешенді шешуге бағытталған.
«Ұлы дала мұрагерлері» Назарбаев Зияткерлік мектептерінде оқиды
Назарбаев Зияткерлік мектептерінде Тұңғыш Президент күні дәстүрлі «Ұлы дала мұрагерлері» домбырашылар марафонынан бастау алады. NIS - тің барлық YouTube арналарында Құрманғазы мен Дәулеткерейдің, Нұрғиса Тілендиевтің атақты күйлері орындалатын
«Мектепке дейінгі ұйымдар басшыларының біліктілігін арттыру: балаларды ерте дамытуды ұйымдастыру тәжірибесі»
2020 жылдың 30 қыркүйегінде «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ҚР Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институтында «Білім беру үдерісін психологиялық-педагогикалық қолдау» кафедрасының
Сандық білім ресурстары – қашықтықтан оқытуда
«Өрлеу»БАҰО» АҚ Республика бойынша 5 000 сандық білім беру ресурсын жасақтап, «Өрлеу» білім беру каналына жүктеді. Бұл жұмыстарды әр пән бойынша барлық облыстық филиалдар бөліп алды.
Педагогтар Президент Жолдауын талқылады
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының филиалы «Нұр - Сұлтан қаласындағы Халықаралық мектептің» ұстаздары MS Teams платформасы арқылы Президент Қасым - Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс - қимыл кезеңі» атты
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.