Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Оқушылардың орта буынға бейімделу кезеңде өтетін жұмыс бағдарламасы

27 қазан 2012, Сенбі
Категориясы: Әдістемелік көмек
Жылдан жылға оқушылардың бастауыш сыныптан орта буынға бейімделу кезеңі өзекті мәселе болып туындайды. Оқушылар мектепке, мұғалім талабына, сыныптастарына үйренсе де, бейімделу проблемасы бар. Олар қайтадан жаңа әлеуметтік жағдайға үйренеді, жаңа сынып жетекшісі, пән мұғалімдері, жаңа пән. Әр мұғалім өз талабын қояды. Бұл кез бастапқы жеткіншек шақ, бала ағзасында физиологиялық өзгерістер өтіп, ол да із қалтырады.
Сондықтан бейімделуге дайындық жұмысты төртіншіде бастап, бесінші сыныпта жалғастыру қажет.
Мақсаты: Оқушыларға бейімделу кезеңінде психологиялық сүйемелдеу арқылы көмек жасау.

Міндеттері:
1. Танымдық процестерін, қарым - қатынасын, өзіне деген көзқарасын, тәртібін 4 - ші сыныпта бақылау.
2. Орта буындағы сыныпта оқушыға қажет қасиеттермен таныстыру.
3. Орта буынға ауысуға дайын екендіктеріне сенімділіктерін арттыру.
4. Жұмыс жасауға жақсы көңіл - күй орнату.
5. Мұғалімдерге, ата - аналарына бесінші сыныпқа бейімделу ерекшеліктері, үлкендер қандай көмек бере алатыны туралы кеңес беру.
6. Оқушыларға сабақ арқылы бейімделуге көмек беру.
7. Бейімделу деңгейін қазан айында және оқу жылдың аяғында зерттеу.
8. Өткізген жұмыстарға анализ жасау.

Іс - шаралардың жоспары.
1. Танысу. - 1 сабақ. (наурыздың 1 - ші аптасы).
4 сыныппен танысу, сабақта не істелінеді, мақсатын, кездесіп отыру.
2. Диагностикалық минимум. - 1 сабақ. (наурыздың 2 - ші аптасы. )
Өзіне деген көзқарасы. Өз - өзін бағалау Лонг әдістемесі. Зейін деңгейі. Ақыл - ойының жұмыс істеу қабілеті. Ақыл - ойының даму деңгейі. Замбицявичене тесті. Мотивация ерекшелігі. Лусканова әдістемесі.
3. Дамыту сабақтар. – Аптасына 1 рет.
4. Ата - аналар жиналысы. Кеңес беру.
5. Психолого - педагогикалық ойын. Алда 5 - інші сынып.
6. Психолого - педагогикалық ойын. Ақ жол. (қыркүйекте)
7. Пән мұғалімдерімен таныстыру, кабинеттердің орналасуы, топта бірігіп жұмыс істеу.
8. Семинар мұғалімдермен. 2 - 3 - ші аптада. Оқушылардың бейімделуі, жас ерекшелігі туралы кеңес беру.
9. Ата - аналар жиналысы. Кеңес беру.
10. Бейімдеу сабақтары. - Аптасына 1 рет.
11. Диагностикалық минимум. - Мектепте мазасыздану. Филлипс тесті.
12. Бақылау диагностикасы. – Сәуірде.
Өзін - өзі бағалау. Мазасыздану, мотивациясы.
Мұғалімдерге дәріс.

Тақырыбы: Бесінші сыныпқа бейімделуге көмек.
Мақсаты: 5 - ші сыныпқа орта буынға бейімделуге мұғалімдердің көмек беру мотивациясын дамыту, кездесетін қиындықтарды талдау, дезадаптацияның алдын алу.

Сабақ жабдықтары:
1. Сұрақтар оқушыларға қойылатын бірыңғай талаптар бойынша.
2. Жадынама. «Бағалау қауіпсіздік техникасының ережесі».
3. Қасиеттер жазылған үлестірме қағаз.
4. Люшер тесті. 8 түсті үлестірме қағаз.
5. Оқушылардың мұғалімдерді эмоционалдық қабылдау кестесі.

Сабақ барысы.
I. Кіріспе сөз.
- Бүгін біз семинар - тренинг «Бесінші сыныпқа бейімделуге көмек» өткізуге
жиналдық. Осы семинарда өздеріңізге қажетті, күнделікті жұмыста қолданатын кеңес аласыздар деп сенеміз.
II. Қатысушыларды сергіту.
Біз шеңбер жасап отырдық. Күнделікті отырыстан айырмашылығы бар екенін білеміз. Осындай отырыстың жақсы, жаман жағын атап шығайық шеңбер бойымен.

III. Еске түсіру.
- Өздеріңіздің бастауыш сыныптан орта буынға ауысу кезеңді еске түсіріңіздерші. Қандай қиыншылықтар еске түседі?
Мұғалімдер атап шығады: кабинеттерді табу, мұғалімдердің әр түрлі талаптары, мұғалімдердің әр түрлі эмоционалдық қабылдауы.

IV. Бірыңғай талаптар.
Мұғалімдерге сұрақтар.
- Дәптерді толтыру, орындалған жұмыстарды жазу талаптары. Неше тор, неше жол қалтыру қажет?
- Қазақ тілін бермейтін мұғалімдерге дәптердегі қателіктерін түзеп, оған сол үшін бағасын төмендеткен дұрыс па?
- Сынып кезекшісі нені орындауы міндетті?
- Сонымен мұғалімдердің қоятын талаптары әр түрлі. Қалай ойлайсыздар әр түрлі талаптар алған оқушы осындай сәтте нені сезінеді? Мазасызданған, қобалжыған оқушыға қандай көмек беру болады? Осыған біз не істей аламыз?

V. Ассоциация.
өзіне сенімді өзіне сенімсіз шындық
көнушілік ашулы қайсарлық
біреуге тәуелді белсенді мінезі ашық
Түсті төртбұрыштар осы қасиеттердің жанына ілінеді.
- Енді біз бесінші сыныптың ассоциациясын ілеміз. Балалар сіздерді қалай қабылдайды екенін көріңіздер.
Егер сіздер жақсы немесе жаман эмоционалдық қарым - қатынас деңгейінде болсаңыздар нені сезінесіздер.
Балалар қара түспен мұғалімді көрсетпес үшін не істеу керек?

VI. Басқаға ауысу.
– Енді сіздердің қажу деңгейлеріңізді анықтайық. Егер жоғары болса - отырып иықтарыңызды түсіріңіз, орташа болса - тұрып қолды төмен түсіріңіз, аз ғана болса тұрып қол көтеріңіз. Сәл ғана болса қалай көрсетесіз? Рахмет, орындарыңызға отыруға болады.

VII. Жұмыс орындау динамикасы.
Сергіту сәті оқушының қажығаның азайтады бірақ орта буында оны орындауға уақыт шектеулі деп назар онша аударылмайды.
Жұмыс орындау механизмінің циклі.
3 - 5 минут – дайындық
15 - 20 минут – оптимум
20 - шы минуттан кейін қажу
Табиғи биоритммен қажуды сабақта қалай реттеп отырасыз?

VIII. Баға қою қауіпсіздік ережесі.
Екі немесе үш баға жеткілікті жазалау. Ата - анасынан жазалауды талап етпеңіз, бала үде өзің жақсы сезіну керек.
Орындаушыны мақтаңыз, сын беріңіз орындалғанына, өзіне емес.
Мақтауға аянбаңыз. Балаға шамасы жететін талаптар біртіндеп қойыңыз.

IX. Қорытынды жасау.
«Мен және біз»
Бесінші сынып оқушыларының әлеуметтік дағдыларын дамыту тренинг - сабақтар.
Ата - аналарға жадынама
• Балаңызға өзіңіз мектепте оқығаныңыз туралы әңгімелеп көңілін көтеріңіз.
• Сабақ үлгерімі, тәртібі, басқалармен қарым - қатынасы туралы үнемі мұғалімдермен әңгімелесіп отырыңыз.
• Сабақ үлгерімінің бағасын өзіңіздің жазалау немесе мақтаумен байланыстырмаңыз.
• Өз балаңыз оқитын мектептің ерекшелігін, бағдарламасын біліңіз.
• Үй жұмысын орындауға көмектесіңіз, бірақ өзіңіз орындамаңыз.
• Мектепте нені оқытатынына баланың қызығушылығын арттыруға көмектесіңіз.
• Мектеп өмірінде өзгеріс болып жатқанда, үйде бірқалыпты, жайбарақат атмосфера орнатуға тырысыңыз.

Сабақ 1 Танысу
Мақсаты: Тренинг ережесімен танысу, бір - бірімен қарым - қатынас жасау әдістерін талдау.

Сабақ барысы
Кіріспе
Жаттығу. Аты және қасиеті. Допты кезекпен бір - біріне лақтырып өзің де айтып шығады.
Бізге ереже қажет. Талдау.
Оқушылар сабаққа неге келеді?
Сабақта тәртіп ережесі бар ма?
Негізгі бөлім.
Ойын менің мекен жайым. Барлығы бір уақытта өз адресін айтады, әр біреуі оны естісе екен деп қатты айтады. Жүргізуші біреудің адресін сұрайды. Бірінші ереже бір - бірін тыңдау.
Екінші - басқаға кедергі жасамау.
Дұрыс немесе қате жауап жоқ. Бір - бірін ренжітпеу.
Сен өзіне сенімді боласың егер саған кедергі жасамаса.
Басқаға кедергі жасамайтындай қылып барлығын істеуге болады. Сенімді болуға болады, сені ешкім ренжітпесе.
Қорытынды.
Менің көңіл - күйімнің түсі.
Қоштасу ритуалын келісіп орындау.

Сабақ 2. 5 - інші сынып деген не?
Мақсаты: Бейімделу себептерін алдын алу.
Сабақ барысы
Кіріспе
Жаттығу Ұжыммен санау. Бір - бірімен келіспей санау.
Жаттығу Кім...
Тәттіні жақсы көреді
Кімде мысық бар
Кім футбол жақсы көреді т. б.
Сәлемдесу рәсімін тандап алу.
Сурет Мектеп жол 1 - 11 сыныпқа дейін. Талдау жасау. Маған бастауыш мектепте ең жақсы есімде қалған. Шеңбер бойынша әңгімелейді.
Мен 5 - інші сыныптан күтемін.
Негізгі бөлім.
Мектеп жолының негізгі бөлімі 5 - 9 аралығында.
Ойын. Комплимент.

Сабақ 3 Біз және біздің жақын жандар.
Мақсаты: Қоршағандар ең негізгі көмекшілер екенін түсіну
Сабақ барысы
Кіріспе
Ойын Алтыншы. Ассоциация.
Саған басқалар қандай көмек көрсете алады, сен ше?
Талдау. Шеңбер ішінде Мен деген жазу, 2 - отбасы, 3 - достар, 4 - мұғалімдер. Қорғаушы, тірек болатын қайсысы? Жақын жандар.
Өздерің басқаға қандай көмек бере аласыздар?
Мен істей аламын. Менің автопортретім күн сәулесінде. Сурет салу.
Жаттығу. Менің көңіл - күйім түстермен.

Сабақ 4. Біз және біздің көңіл - күйіміз.
Мақсаты: Өз көңіл - күйін реттей білу.
Сабақ барысы
Кіріспе. Ойын. Қандай санды айтамын сонша адам тұрындар.
Жағдаяттар. Орындағың келмейтін істі орындау
Егер біреу оған кемшіліктерін айтса.
Себепсіз кінәлау
Уәдесін орындамаса т. б.
Түстермен көрсету.
Негізгі бөлім
Адамға көңілсіз
23 988
0
  • 80
2 дауыс


Жаңалықтар
Балабақшаға бейімдеу
Балабақшаға бейімдеу
Бейімделу деген жаңа қоршаған ортаға үйрену. Балабақша балаға, әрине, жаңа, әлі таныс емес кеңістік, жанашылық қарым - қатынас. Баланың балабақшаға бейімделуі өзінің психо - физиологиялық және тұлғалық ерекшеліктеріне, отбасылық қарым -
1 сынып оқушыларының мектепке бейімделу мәселесі
1 сынып оқушыларының мектепке бейімделу мәселесі
Ата - аналарға баланың мектепке бейімделуінің психологиялық ерекшеліктері, бала тәрбиесіндегі отбасы қарым - қатынасының рөлі, ата - ана ескеруге тиісті жағдайлар жөнінде түсінік беру арқылы ата - аналардың психологиялық біліктілігін арттыру, мектеп
1 сынып оқушыларының мектепке бейімделуі жөніндегі есебі
1 сынып оқушыларының мектепке бейімделуі жөніндегі есебі
Қазіргі заманда 6 жасар балаларды мектепке оқытуға дайындау өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Алты жасар баланың алғаш рет мектепке келуі — балаға да және оның ата - анасына да өте жауапкершілікті кезең болып саналады.
Бейімделу кезінде балаға қалай көмектесу керек
Бейімделу кезінде балаға қалай көмектесу керек
«Баланың балабақшаға бейімделу кезінде балаға қалай көмектесу керек» (тәрбиешілерге арналған ақыл - кеңестер, ұсыныстар)
Бейімделу кезеңін психологиялық қолдау (ата-аналар жиналысы)
Бейімделу кезеңін психологиялық қолдау (ата-аналар жиналысы)
ШҚО, Риддер қаласы, "№ 14 орта мектебі" КММ педагог-психологы Нуриманова Лаура Алибековна
Орта факторлары, оған бейімделу және тіршілік формалары
Орта факторлары, оған бейімделу және тіршілік формалары
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы №34 орта мектептің биология пәнінің мұғалімі Алгазина Роза Каскабаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×