Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ғылым мен инновациялық жұмыстың басты бағыты – халықаралық жарияланымдар

28 қаңтар 2026, Сәрсенбі
Категориясы: Ғылыми жұмыс

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы» кафедрасында 2025 жылдың қазан айында оқыту-профессор құрамының ғылыми әлеуетін арттыруға арналған халықаралық жарияланымдар базасы туралы ғылыми семинар ұйымдастырылған болатын.

Семинар барысында кафедра меңгерушісінің ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары ретінде «Ғылыми құзыреттілікті арттыру бағытында Scopus, ORCID және Google Scholar платформаларымен жұмыс» тақырыбында баяндамамыз ұсынылды. Аталған баяндама «Ғылым мен инновациялық жұмыстардың басты мәселелері: пәнаралық зерттеулердегі тілдік дайындықтың рөлі» атты университеттің тұрақты даму мақсаты (9-ТДМ) негізінде жасалды. 

Семинар барысында презентация арқылы, халықаралық базалармен жұмыс жасау туралы мазмұнды ақпараттық семинар оқылды. Бұл кафедра оқытушыларының кәсіби құзіреттілігін арттыруға, Scopus және Web of Science секілді әлемнің мықты баспаларынан ғалымдарымызға ғылыми мақалаларын жариялап, университеттің ғылым-инновациялық жұмыстарының дамуына белсене қатысуын дамыту негізінде жасалдыШетелдік студенттердің тілдік дайындығын қалыптастыру үшін халықаралық тіл үйретудегі озық методикалық үлгілермен танысу үшін аталған платформалар зор маңызға ие. Әрі оқытушы-профессор құрамының жарияланым белсенділігін арттыру, ғылыми еңбектердің көрінісін кеңейту және халықаралық ғылыми кеңістікпен ықпалдастық орнатуда жол көрсетуге септігін тигізеді. Бұл бағыттағы жұмыстар болашақта дамыса университеттің ғылыми беделінің артуына, еліміздегі ғылымның дамуына қосылған айтарлықтай үлес болар еді. 

Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру кафедрасының оқытушысы, ғылыми жұмыстар бойынша кафедра меңгерушісінің орынбасары 

Айгүл Асенова Халдарқызы

19
0
  • 0
0 дауыс

Жаңалықтар
Әл-Фараби университеті - тіл меңгертуде озық орында
Әл-Фараби университеті - тіл меңгертуде озық орында
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті, Шетелдіктердің тілдік және білім беру дайындығы кафедрасына биыл 40 жыл толды.
Әл-Фараби кітапханасы - білімнің қазынасы
Әл-Фараби кітапханасы - білімнің қазынасы
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 1934 жылы құрылуымен бірге ғылыми кітапханасы да ашылған болатын. Ректордың 2014 жылғы 26 маусымдағы № 281 бұйрығы негізінде ғылыми кітапхананың атауы «Әл-Фараби атындағы кітапхана» болып өзгертілді.
Əлеуметтік жұмыс мамандығы - заман талабы
Əлеуметтік жұмыс мамандығы - заман талабы
Жастардың адамгершілік - рухани құндылықтарын дамыту, оларды патриоттық тәрбиеге, ұлттық сана сезімді оятуға баулу, білім алу және қоғамдық жұмыстарға белсене қатысу біліктілігін арттыру - бүгінгі қоғамның басты міндеттерінің бірі болып отыр.
Мектептердегі әдістемелік бірлестіктердің қызметін ұйымдастыру және жоспарлау
Мектептердегі әдістемелік бірлестіктердің қызметін ұйымдастыру және жоспарлау
Әдістемелік жұмыс – бұл ғылым мен педагогикалық озат тәжірибе жетістіктеріне және оқу - тәрбие жұмысының нақтылы жағдайына сүйене жүргізілген, өзара байланысты іс - әрекеттер мен шаралар жүйесі, ол әрбір мұғалім мен тәрбиешінің біліктілігін, кәсіби
Куспанова Сауле Ұмбетқалиқызы
Куспанова Сауле Ұмбетқалиқызы
ТҮЙІНДЕМЕ Аты - жөні: Куспанова Сауле Ұмбетқалиқызы Мекен - жайы: Ақтөбе қаласы. Телефон: 56 - 69 - 33, 8 - 701 - 378 - 97 - 52 Туған жылы, күні: 12. 05. 1965 Туған жері: Орал облысы Жанұя жағдайы: жанұялы, үш баласы бар Білімі: жоғары, Қостанай
Әдістемелік жұмыстар туралы
Әдістемелік жұмыстар туралы
Әдістемелік жұмыс – бұл ғылым мен педагогикалық озат тәжірибе жетістіктеріне және оқу - тәрбие жұмысының нақтылы жағдайына сүйене жүргізілген, өзара байланысты іс - әрекеттер мен шаралар жүйесі,
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×