Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Кәсіптік орта оқу орындарында ағылшын тілін оқытудағы интербелсенді әдіс - тәсілдер

21 қаңтар 2016, Бейсенбі
Категориясы: Әдістемелік көмек
Тақырыбы: «Кәсіптік орта оқу орындарында ағылшын тілін оқытудағы интербелсенді әдіс - тәсілдер»
Мақсаты: Кәсіптік білім беретін орта оқу орындарында ағылшын тілін оқытуда қолданылатын тиімді әдіс - тәсілдерді талқылау, сараптау. Оқытушылар арасында қарым - қатынасты нығайту, жағымсыз көңіл – күйден арылу, күш - қуат жинау, өзін - өзі тану, құрметтеу, өзін еркін сезінуге көмектесу. Өзара тәжірибе алмасу.
Барысы:
1. Ашылуы (таныстыру, топқа бөлу )
2. «Идеялар жәрмеңкесі»Ықшам сабақ (микро урок )
3. Сапалық сараптама дөңгелек үстел (пікір алмасу )
4. «Тәуелсіз сарапшылар» анкета алу
5. Қорытынды. марапаттау.
Жүргізуші: Құрметті әріптестер және қонақтар, сіздерді бүгінгі өткізілгелі отырған «Кәсіптік орта оқу орындарында ағылшын тілін оқытудағы интербелсенді әдіс - тәсілдер» атты семинар – тренингімізге қош келдіңіздер!!!
Қазіргі таңда шетел тілі ретінде ағылшын тілін оқытуды жаңа сатыға көтеру – педагогикадағы іргелі міндеттерінің бірі. Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың
«Үштұғырлы тіл» мәдени жобасын дамыту басымдыққа айналып, соның ішінде жаңғыру жағдайында әлемдік интеграцияға кірігу тілі ретінде ағылшын тіліне мән беріліп отыр.

1. Ашылуы
Алғы сөзді Колледж директорының оқу – ісі жөніндегі орынбасары

Жүргізуші: Әлемдік білім алу кеңістігінде (шетел тілін оқыту) интеграциялық үрдістердің тереңдеп кең қанат жайған жағдайында шетел тілін оқыту өзекті. Біліктілігі жоғары, білімі жағынан бәсекеге түсе алатын, өзін халықаралық еңбек жәрмеңкесінде еркін сезініп жүре алатын маман даярлау – басты педагогикалық міндеттердің бірі.
Осы орайда біз ағылшын тілі пәнінің оқытушылары ойласа келе семинар – тренинг ұйымдастырайық деп шештік.

2. Семинар - тренингтің мақсаты, жоспарымен таныстыру.
1. Таныстыру, топқа бөлу (10 минут)
2. «Идеялар жәрмеңкесі» Ықшам сабақ (микро урок ) (5 - 7 минут)
3. Сапалық сараптама дөңгелек үстел (пікір алмасу )(5минут)
4. «Тәуелсіз сарапшылар» анкета алу(5минут)
5. Жүректен жүрекке (тренинг) (5минут)
6. Қорытынды (марапаттау). (10 минут)

Мақсаты:
Кәсіптік білім беретін орта оқу орындарында ағылшын тілін оқытуда қолданылатын тиімді әдіс - тәсілдерді талқылау, сараптау. Оқытушылар арасында қарым - қатынасты нығайту, жағымсыз көңіл – күйден арылу, күш - қуат жинау, өзін - өзі тану, құрметтеу, өзін еркін сезінуге көмектесу. Өзара тәжірибе алмасу. Жеке тұлғаға бағытталған білім беру жүйесіне көшуде мұғалімдерге көмек ретінде интербелсенді әдістерді ұсыну;

1. Тапсырма: Әрбір қатысушыға жеміс – жидектің және көкөністердің суреттері беріледі. Сол сурет бойынша қатысушы өздерін ағылшын тілінде таныстырады.
An apple, an orange, grape, cherry, lemon, banana, strawberry, cabbage, tomato, cucumber
2. «Идеялар жәрмеңкесі» Қатысушы оқытушылар өз ықшам сабақтарын көрсетеді
3. Сапалық сараптама дөңгелек үстел.
Көрсетілген әдіс - тәсілдер бойынша пікір алмасу.
1. Мен үйрендім (жасыл алма)
2. Мен әлі де үйренуім керек (қызыл алма)
Тапсырма: Алмаларды себетке жинау керек.
4. «Тәуелсіз сарапшылар» анкета алу. Көрермендерден көрсетілген ықшам сабақтар бойынша анкета алынады
5. Қорытынды.(тренинг)
Қатысушылар және көрермендер тарапынан тілек - лебіздер білдіріліп, сол арман тілектеріміз орындалсын деп әуеге шарларымызды ұшырамыз.
6 400
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Focus on Britain (Ағылшын тілі пәнінен 10 - сынып факультатив сабағының бағдарламасы)
Focus on Britain (Ағылшын тілі пәнінен 10 - сынып факультатив сабағының бағдарламасы)
Ағылшын тілі пәнінен 10 - сынып факультатив сабағының бағдарламасы, тақырыптық-күнтізбелік жоспары.
Қазақстандағы тілдердің үштұғырлығы
Қазақстандағы тілдердің үштұғырлығы
Қазіргі таңда шетел тілі ретінде ағылшын тілін оқытуды жаңа сатыға көтеру – педагогикадағы іргелі міндеттердің бірі.
We dance and play and sing and say
We dance and play and sing and say
Мектепке дейінгі жас – ағылшын тілін оқытуға өте қолайлы кезең, себебі бұл жастағы балалар тілдік құбылысты қабылдау қабілеттілігімен ерекшеленеді: оларда өзінің сөйлеу тәжірибесін, тіл құпияларын байқау қызығушылығы пайда болады.
Ағылшын тілі пәнін оқытуда жаңа инновациялық технологиялардың қолданылуы
Ағылшын тілі пәнін оқытуда жаңа инновациялық технологиялардың қолданылуы
Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Осы орайда, ақпараттық – коммуникативтік технологияны қолдану заман талабына сай мұғалімдерге педагогикалық тәжірибе жинақтауға,
Ағылшын тілі пәнінен факультатив сабағының күнтізбелік - тақырыптық жоспары
Ағылшын тілі пәнінен факультатив сабағының күнтізбелік - тақырыптық жоспары
ШҚО, Ұлан ауданы, Мамай батыр ауылы, М. Ломоносов атындағы орта мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Абраимова Еркежан Мураткановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×