Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бала тәрбиесіне мән берелік

28 маусым 2016, Сейсенбі
Категориясы: Әдістемелік көмек
Ақмола облысы, Атбасар ауданы
Сергеевка орта мектебі тәлімгері
Бохан Силау

Бала тәрбиесіне мән берелік
Бала мектепке келгенде, оның үйде алған тәрбиесінің әсері бірден көрінеді. Ол мектепте не көрсе мектепте соны көрсеткісі келеді. Ата - анамен мектеп мұғалімдерінің негізгі мақсаты оны саналы азамат етіп тәрбиелеп өсіру. Оларды қоғамға өз пайдасын тигізетін, жоғары идеялы, отаншыл, адамгершілігі мол азамат етіп тәрбиелеу. Ата - ана өз баласының жақсы азамат болып өсуі үшін сынып жетекшісімен үнемі кездесіп тұрғаны жөн. Отбасы ішіндегі қарым - қатынастар балаға айырықша ықпал етеді. Сүйіспеншілікпен татулыққа негізделген өзара қарым - қатынастарды байқаған бала өзін бір түрлі тыныш, бақытты сезінеді. Ата - аналардың қандайда болсын мейірімді еркелетуін бала қуана қабылдайды. Ата - ана арасындағы бір – бірін құрметтемеу және ұрыс - керіс балаға кері ықпалын тигізеді. Отбасындағы қарым - қатынастың, үлкендердің жөнсіз әрекетін көрген бала іштей азап шегеді.
Ата - аналардың тәрбиелеу әдістерінде үйлеспеушілік болса, анасы рұқсат етпегенде әкесі рұқсат етсе, немесе керісінше ата - аналардың әрқайсысы балаға әр түрлі тапсырма берсе, тәрбиенің екі жақты арнаға айналғаны. Мұңдай жағыдайда бала өзінің жақтасын ойлап шығарады, қайсынан оңай тапсырма алуын ескеріп, содан сұрауды көздейді. Бала ата - анасының осал жақтарын пайдалануға тырысып, екіжүзділіктің жиіркенішті әдетіне дағдыланады.
Жастың әрбір кезінде ақыл ойдың жетілуін есептеп отыруға тура келеді. Балаға қолынан келмейтін талаптар қоюда, ол әлі жас қой деген сылтаумен оның дамуын қолмен бөгеу дұрыс емес. Бала өсіп ақыл ойы жетіскен сайын оған қойылатын талаптарда өскен жөн. Бала өзі жасаған қылықтарына жауап беруге тиіс, жаспын ғой кешіретін шығар деп күтпеуі тиіс. Мұнымен бірге балалардың атқаратын міндеттері жасымен сәйкес өсіп отыруы керек, бұл олардың жауапкершілік сезімін күшейтеді. Ата - аналардың балаларға тәрбиелік ықпалы толып жатқан жолдармен жүзеге асырылады. Халық «Әкенің балаға деген сезімі таудай биік, ананың сезімі мұхиттан терең», дейді. Ендеше әрбір ата - ана өз баласына сондай терең сезім ұялата білгені дұрыс. Тәрбиеде көтермелеу, тиым салу, иландыру, тіпті кейде керек болған жағыдайда жазалап, бірақ баланың адамгершілік қасиетің қорлап, ұрып - соғу жазасына бармау қажет.
Бала - болашағымыз. Баласының болашағы жаман болса екен,- деп ешкім тілемейді. Сондықтанда одан аяры жоқ, аст - үстіне түседі."Ертелі кеш олай етпе, бұлай етпе деп отырады."Бірақ.... әйтеуір баласы ойлаған жерден шықпайды. Бұл сұраққа ұлы педагог А. С. Макаренконың былай дегені бар: «Ғажайып бала тек бақытты ата - аналарда ғана болады. Сондықтан баламыз жақсы болсын десеңіздер, бақытты болыңыздар». «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер»,- дейді қазақ халқы. Келешек ұрпақ үшін мына ережелерді білу керек деп айту қиын. Бірақ Абай атамыз: «Адам болам десеңіз бес нәрсеге асық бол, бес нәрседен қашық бол» демей ме? Сондағы ұмтылатын нәрсе талап, еңбек, терең ой, қанағат, рахым. Сонда жас өспірім қоғам алдыңдағы парызын терең ұғынар. Уақыттың әр уақытында тоғышар әкелерде, тоғышар балаларда болған, бірақ жақсыдан алар өнеге - жастар үшін, алға ұстар жарық жұлдыз, бала тәрбиесі ата - аналарға көп қиындық туғызса да, егер ол мақсатқа бағытталып шебер де ойлы жүргізілсе, ата - анаға зор бақыт әкеледі. Қазақта «Алдыңғы жақсы артқы жасқа тәлім айтса, ел болғаны қайсы» демейді ме? Бүгінгі балаға аға ұрпақтың игі өнегесін үйрете отырып, өткеннің көзімен қарамай, бүгінгі талап тағылымның биігінен қарайық.
2 446
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Отбасындағы қарым-қатынас мәдениеті және оның балаға әсері
Отбасындағы қарым-қатынас мәдениеті және оның балаға әсері
Отбасындағы қарым-қатынас мәдениетін сақтауға, отбасында бір-біріне деген сый-құрметтер дамытуға ықпал ету.
Жанұя бақыты
Жанұя бақыты
Отбасы тәрбиесіндегі ата – ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру, тәрбиенің ең тамаша жері отбасы екенін, олардың бала тәрбиесіндегі мүмкіндіктерінің жоғары екенін, баламен жақсы қарым - қатынас орнату, бала тәрбиесіне көп көңіл бөлудің
Отбасы - тәрбие мектебі
Отбасы - тәрбие мектебі
Ата - ана перзентінің жақсы азамат болып жетілуі үшін отбасында балаларын тәрбиелеудің заңдылықтарын білуі шарт. Сыйластық, түсіністік, үлкен жауапкершілік сезімдері бар отбасы – бақытты отбасы.
Ананың алақаны - балаға айдынды қоныс
Ананың алақаны - балаға айдынды қоныс
Отбасы - өмірді кемеліне келтіреді, бақыт әкеледі. Отбасы – адам өмірінің тамаша жақтары жүзеге асатын.... адамның ең басты шаттығы болып саналатын, баланың өсіп, өмір сүретін орны.
Сіздің балаңыз – ертеңгі оқушы
Сіздің балаңыз – ертеңгі оқушы
Сіздің балаңыз – ертеңгі оқушы
Отбасындағы тәрбиенің маңызы
Отбасындағы тәрбиенің маңызы
Керекбаева Жұмагүл математика пәнінің мұғалімі Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Сенек ауылы, Қашаған Күржіманұлы атындағы орта мектеп
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×