Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бұл - біздің көк туымыз желбіреген!

14 тамыз 2015, Жұма
Категориясы: Ақын-жазушылар
Авторы:
Ғабиден ҚОЖАХМЕТ,
Қызылорда қаласы

Бұл - біздің көк туымыз желбіреген!

Көнбестен бодандықтың тұсауына,
Айналған азаттықтың нышанына.
Танытқан өрлігің мен елдігіңді,
Сыйғызып тыныштықты құшағыңа.
Күллі әлем содан білер сені танып,
Баланған еркіндіктің мысалына.
Жиһанға еңсе тіктеп көз салғызған
Бұл - біздің көк туымыз желбіреген!

Өзгеге үстемдігін танытпаған,
Дегендей жерім де - кең, алып - далам.
Алтын күн аясында нұрға оранып,
Қыран құс биікте ұшып қалықтаған.
Көзіңе оттай ыстық басылатын,
Қараудан ұл мен қызы жалықпаған.
Қараған жанда әсері тұнып тұрған
Бұл - біздің көк туымыз желбіреген!

Танытқан жігер күшті ертеңіңнен,
Ол барда, өзгемен ел тең көрінген.
Күмбезді аспан түстес тұтастығы
Ұлтыңның оюымен көмкерілген.
Беретін жас балаға шалқар шабыт,
Сол ұрпақ ән ғып айтқан өр көңілден.
Тәлімін көп сіңірген сәбиіне
Бұл - біздің көк туымыз желбіреген!

Келісім әр кез жанжал бастатпаған,
Әскері құрмет етіп қас қақпаған.
Барғанда өз ел басшың шет сапарға
Сол елдің аспанында асқақтаған.
Сені еркін мемлекет деп мойындатқан,
Жүзіңді төмендетіп, жасқантпаған.
Бүтін бір ел атынан сөйлеп тұрған
Бұл - біздің көк туымыз желбіреген!

Күткізбей саңлағыңнан бекер үміт,
Ұл - қызың сыннан талай өте біліп.
Тұрғанда жеңіс - шыңның тұғырында,
Аспандап бара жатқан көтеріліп.
Асқақ үн әнұранның егізіндей,
Көрген жан болмысыңдай кетер ұғып.
Сондағы қуанышыңмен толқынданған
Бұл - біздің көк туымыз желбіреген!

Бойында ұлт мінезі өрілетін,
Ел десе, жүректен жас төгілетін
Әр жанға алуан Тудың арасынан
Биіктеп ерекше, ыстық көрінетін.
Байқалған Даламыздың белгісіндей,
Таққызбас өзгелерден еліңе сын.
Тарихтан талай мысал түйіндеткен
Бұл - біздің көк туымыз желбіреген!

Ұрпақтың қастер болып ұғымында,
Айналып әр бөлігі ұлы ұғымға.
Көк туың елдігіңнің көрінісіндей,
Желбірей берсін асқақ тұғырында!
Қастерлі Тәуелсіздік жаршысындай
Мақтаныш болсын қыз бен бүгін ұлға.
Сан жүрек ұлықтаған ұлы байрақ
Бұл - біздің көк туымыз желбіреген!
5 621
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мемлекеттік рәміздер – тәуелсіздік символы
Мемлекеттік рәміздер – тәуелсіздік символы
Елтаңба, Ту, Әнұран туралы түсініктерін нығайту. Рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсініктерді дамыту.
Менің Отаным – Қазақстан
Менің Отаным – Қазақстан
Балаларға Қазақстан Республикасы туралы білім беру. Балалардың тіл байлығын, сөзді байланыстырып сөйлеу қабілетін дамыту, туған елін, жерін сүюге тәрбиелеу.
Эссе. Ел ертеңі - есірткісіз болашақ
Эссе. Ел ертеңі - есірткісіз болашақ
Бүгінгі ХХІ ғасыр біздің ұрпаққа яғни болашақ жастарға бұйырған бақыт. Еліміз егемендік алып, көк туымыз көк аспаның астында желбіреп ашық аспан аясында желбіреп тұр.
Азаттық
Азаттық
Азаттық жайлы сен де ұқтың, Әлемге ол даңқын жаяды. Кешегі ол өткен ерліктің Бүгінгі нүкте, баяны.
Мақтанышым – мемлекеттік рәміздер
Мақтанышым – мемлекеттік рәміздер
Орал қаласы, М.Б.Ықсанов атындағы № 36 орта жалпы білім беретін мектеп мұғалімі Ильясова Гүлбаршын Шарафудиновна
Рәміздерім-мақтанышым
Рәміздерім-мақтанышым
№35 мектеп-гимназиясының физика пәнінің мұғалімі Баймуханова Гульназым Куанышевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×