Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақстанның жастары қаншалықты патриот? (дебат)

20 ақпан 2013, Сәрсенбі
Қазтұтынуодағы Қарағанды Экономикалық университеті экономика, бизнес және құқық колледжі
А. Ә. Д пәнінің мұғалімі Жұмабеков Б. Қ.

Дебат
Тақырыбы:«Қазақстанның жастары қаншалықты патриот?»

Дебатымыздың сарапшыларымен таныс болайық:
Директордың тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары Калиева Г. К.
Жалпы білім беретін пәндер (циклдік) коммиссиясының төрағасы Тюмебаева С. Б.
Күндізгі бөлім меңгерушісі: Томашинова Н. Н.

Мақсаты:
• Оқушыларға патриотизм туралы түсінік бере отырып, оқушыларды отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
• Оқушылардың еліміздегі патриоттық бағытта жүзеге асырылып жатырған игі істер мен айтулы шаралар, бағыттар туралы түсініктерін кеңейту;
• Екі жақты позицияда оқушылардың сөз жарасымдарына қатыстыру барысында оларды объективтілік, пікір алуындағы елжандылық, принципшілдік қасиеттерге тәрбиелеу;
• Тақырыпқа байланысты әртүрлі деректер, материалдар, фактілер, статистикалық мәліметтерді саралау арқылы оқушылардың танымдық - эвристикалық қабілеттерін арттыру.

Сабақ әдісі: Пікір таластыру,
Жаңа технология:Проблемалық полемика
Пәнаралық байланыс: Тарих, А. Ә. Д, саясат, экономика, әлеуметтану
Барысы:
«Ән ұран» орындалады
Жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар және бүгінгі дебатқа қатысушылар! «Қазақстанның жастары қаншалықты патриот? атты дебатына қош келдіңіздер!
Патриотизм дегеніміз - Отанға деген сүйіспеншілік, жеке адамның аман - саулығының қоғамдық – мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстылығын сезіну, ал мемлекетті нығайту дегеніміз - жеке адамды күшейту екенін мойындау, қысқасын айтқанда, патриотизм мемлекет деген ұғымды жеке адаммен, яғни оның өткенімен, бүгінгі күнімен және болашағымен қарым - қатынасты білдіреді.
Олай болса, бүгінгі дебаттың мақсаты оқушыларға патриотизм туралы түсінік бере отырып отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Ортаға дебатқа қатысушыларды шақырайық:
Қатысушылар
Парасат» тобы ------«Ақиқат» тобы
Жақтаушы ---------------Даттаушы

Карамулдина Азиза П - 11 Шоратбаева Ақмаржан У - 11
Хабаров Ерқанат П - 12 Тасқынов Еркебұлан Фин - 11

Әрбір спикердің сөйлеу тәртібі уақыт
А1 6 мин.
П3 А1
3 мин.
Алдымен «Ақиқат» тобы
Мақсаты: барлық фактілік дәлелдерді ұсыну арқылы өз позициясына сәйкес конфликтілік жағдайын тудыру.
Міндеті: Әрбір спикердің сөйлеу уақытының шеңберден шықпауын, әдептілік этикасын сақтауын бақылауға алады.
«Парасат» тобы жақтаушы позицияны иеленді.
Бұл бағыт бойынша Қазақстан жастарына елжандылық, отансүйгіштік қасиеттер тән деген пікірді ұстанды.

«Ақиқат» тобы даттаушы позицияны иеленді.
Дәл осы көзқарасқа сәйкес қазіргі заманғы жастарға патриотизм тән емесдеген оппозициялық бағытты ұстаушылар.
Қысқаша топтық резюме:
Екі топ та өздерінің ұстанған позицияларын айқын қорғап шығуға тиісті.
Даттаушы топ өздерінің фактілерін ұсына отырып, нақты бір проблеманы көтеру арқылы оның:
1. Шығу себептерін
2. Шешу жолдарын
3. Туындау нәтижелерін айқын көрсетуге міндетті.

Жақтаушы топ әрбір спикерлері өздерінің алдында қорғап сөйлеп кеткен әр жақтаушы спикері сөзінен кейін, ең әуелі оның кейсіне тойтарыс беріп, содан кейін өз дәйектемелерін ұсынуға міндетті.
Әрбір спикер 6 минут шегінде ой тарқатады.
Сөздерін түйіндейді.

Жүргізуші: Топтар өз ойын жинақтаймын дегенше 16 желтоқсан оқиғасынан көрініс.
Марапаттау
«Үздік топ» және «Үздік спикер» номинациялары беріледі.
Ал енді сарапшылардың ойын тыңдау үшін сөз кезегін ЭБҚ
колледжінің директорына береміз.

Қорытындылау
Жүргізуші: Рахмет! Бүгінгі дебатқа қатысушы оқушыларды ескерткіш сыйлықпен марапаттасақ.
39 348
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ұлы Жеңіске 70 жыл
Ұлы Жеңіске 70 жыл
Ұлы Жеңіске 70 жыл
11 сынып оқушыларына арналған дебат
11 сынып оқушыларына арналған дебат
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы «Бейнеу лицейі» ММ педагог - психолог Алдабергенова Камашат Убайдуллақызы
Қазақстанның экономикасы: өткені, қазіргісі, болашағы
Қазақстанның экономикасы: өткені, қазіргісі, болашағы
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, №17 жалпы орта білім беретін мектептің тарих - география пәні мұғалімі Кылышпекова Карлыгаш Толеубековна
Елім деп соғар жүрегім
Елім деп соғар жүрегім
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу лицейі Нұрболат Милена Нұржігітқызы 7 - сынып оқушысы, Жетекшісі: Шәудірбаева Гүлнар Иманғалиқызы, тарих және құқық негіздері пәні мұғалімі
Мен бала құқығын қорғау конвенциясы туралы не білемін?
Мен бала құқығын қорғау конвенциясы туралы не білемін?
Тақырыбы: “Мен бала құқығын қорғау конвенциясы туралы не білемін?” Мақсаты: Оқушыларды жалпы құқық тәрбиесіне баулу. Міндеті: Оқушының мектептегі құқық тәрбиесіне байланысты іс - шараларға қатыстыру. Оқушы өз міндеттері мен құқықтарын мектепте
Жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу
Жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу
Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің Экономика, бизнес және құқық колледжінің А.Ә.Д. пәнінің оқытушысы Жумабеков Бейбіт Кайыржанович
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×