Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Табиғат - анамыз

12 қыркүйек 2014, Жұма
Категориясы: Бала-бақша
Білім беру саласы: Қатынас.
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Тіл дамыту.
Тақырыбы: "Табиғат - анамыз"
Мақсаты: Қоршаған ортаға деген көзқарасын кеңейтіп, табиғатты сүйюге, қамқор бола білуге, табиғат байлығын, сұлулығын сезіне білуге сурет көрінісін әңгімелеп, бейнелей білуге үйрету.
Көрнекіліктер: Табиғатқа байланысты суреттер, жылдың төрт мезгілі.
Әдіс - тәсілдер: Күтпеген сәт, дидактикалық ойындар, сұрақ - жауап, түсіндіру, оқу, әңгімелеу.
тәрбиешінің іс - әрекеті
Балалар көңіл күйлерің қалай?
тамаша
Жылулық шеңберіне тұрып, жылы сөздер айту.
балалардың іс әрекеті
- Балалар, қуанышымызды бір - бірімізге жеткізейік.
Біз қандаймыз, қандаймыз
Шұғылалы таңдаймыз
Күлімдеген күндейміз
Ренжуді білмейміз
Қуанамын менде
Қуанасын сенде
Қуанайық достарым
Арайлап атқан күнге

Балалар тәрбиешінің көмегімен өлең жолдарын бірге қайталап, қимылмен көрсетеді.
Жарайсыңдар балалар енді бәріміз күнге қарайықшы
- Күн бізге не береді?
Сәуле, жарық, жылу береді
Олай болса күнмен амандасып алайық.
Сәндетіп даламыз
Сәулетті қаламыз
Сәлем күн анамыз!
- Балалар бүгін аптаның қай күні?
Екінші күн, Сейсенбі
- Қазір жылдың қай мезгілі?
Күз мезгілі
- Бір жылда неше жыл мезгілі бар?
Төрт мезгіл, олар: Күз, Қыс, Көктем, Жаз
- Балалар күздің қандай белгілерін байқадыңдар?
- Жапырақтар сарғаяды
- Қандай айлар күз мезгіліне жатады?
- Қыркүйек, Қазан, Қараша
Құстар жылы жаққа ұшып кетеді, жаңбыр жауады, күн салқындайды

Іздену ұйымдастырушы
Жарайсыңдар балалар, біреу есік қаққандай болды ма?
Кім болды екен?
- Ендеше есікті ашып көрейік.
Топқа Дымбілмес келеді.
- Сәлеметсіздер ма? Мен Дымбілмеспін, сендердің сабақтарына қатысуға бола ма?
- Балалар таңырқай қалады.
- Балалар Дымбілмеспен амандасады.
Ия
Мен сендерге мына гүлдерді алып келдім, бұл жай гүл емес, сиқырлы гүл, ішінде бірнеше маған қойылған сұрақтар бар мен сол сұрақтардың жауабын қанша ойлансам да таба алмай келемін, маған көмектесіңдерші балалар?
- Жарайды, Дымбілмес , қош келдің сен де мына біздің балалардың қасына отырып бізге қонақ бол!
- Біздің балалар өз білгендерін аянбай ортаға салады сен де осы балалардан сабақ ал.
- Алдымен балалар мен сендерге табиғат әлеміне байланысты жұмбақтар жасырайын. Осы жұмбақтардың жауабы біздің жаңа оқу іс - әрекетімізге байланысты.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
21 329
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Табиғат – біздің досымыз
Табиғат – біздің досымыз
Қоршаған ортаға деген көзқарасын кеңейтіп, табиғатты сүйюге, қамқор бола білуге, табиғат байлығын, сұлулығын сезіне білуге үйрету. Балаларды табиғатты аялауға баулу, экологиялық тәрбие беру.
Табиғат құбылыстары
Табиғат құбылыстары
Балаларға табиғат құбылыстары туралы түсіндіру
Бізді қоршаған орта
Бізді қоршаған орта
Шымкент қаласы, № 97 «Ақмарал» бөбекжай - балабақша тәрбиешісі: Кеутаева Жаннат Әшірәліқызы
Балабақшаға арналған жоспар топтамасы
Балабақшаға арналған жоспар топтамасы
Атырау қаласы, №6 «Гүлдер» бөбекжай – балабақшасының тәрбиешісі Жұмағалиева Ақмарал Сәмиқызы
Тірі табиғат (экология)
Тірі табиғат (экология)
Қарағанды қаласының № 42 «Тілек» балабақша тәрбиеші –педагогы Сакенова Калкен Сериковна
Қыс ( сурет бойынша әңгіме)
Қыс ( сурет бойынша әңгіме)
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №7 «Балдырған» балабақшасының тәрбиешісі Сүйінтаева Айжамал
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×