Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ғажайып математика

24 сәуір 2015, Жұма
Категориясы: Бала-бақша
Тақырыбы: «Ғажайып математика»
Мақсаты: 5 көлемінде сандарды есептеуге үйрету. Сандарды тура және кері санау, Балалардың тілін дамыту жұмыстарын жалғастыру, геометриялық пішіндер туралы ұғымдарын тиянақтап, түстерді ажыратуға, қарым - қатынас, көмек көрсету, сыйластықты қалыптастыру. Балаларды тапқырлыққа, ізденімпаздылыққа тәрбиелеу.
Әдіс тәсілі: түсіндіру, сұрақ - жауап
Құрал жабдықтар: суреттер, шар, геометриялық пішіндер, сандар, үлестірмелі материалдар

Балалар шеңберге тұрып шаттық шеңберін жасайды.
Біз әдепті баламыз
Айтқан тілді аламыз
Алдыменен қонақпен
Амандасып аламыз.
Балалар мен сендерге қазір жұмбақ жасырамын шешуін табамыз.
1. Ұйқымыздан тұрамыз,
Беті – қолды жуамыз.
Әкемізге ереміз,
Бақшамызға келеміз.
Бұл қай кезде, балалар? Таңертең
2. Біз тәртіпті баламыз,
Сабақты да оқимыз.
Серуенге шығамыз, қыдырамыз.
Бұл қай кез, балалар? Түс
3. Күн батады қызарып,
Мамамызды күтеміз.
Бұл қай кез, балалар? Кеш
4. Үйлерде шам жанады,
Дем алады бар әлем,
Деп әлдилер ақ әжем. Түн
- Жарайсыңдар, балалар, енді тыңдайықшы есік қағып біреу қонаққа келе жатырған сияқты.
Сайқымазақ: Балалар мен сендерге құр қол келген жоқпын өзіммен бірге мына шарларды ала келдім.
- Бір жылда неше мезгіл бар?
- Төрт мезгіл. Кәне, атап шығайық... (қыс, көктем, күз, жаз)
Бұл шарлардың түсі де сол төрт мезгілді белгілейді.
Мына шардың түсі қандай?(ақ)
- Бұл шардың түсі қай мезгілді білдіреді?
Қыс. қыста жер қандай болады (ақ)
Сары шарды көрсету
Бұл түс қандай жыл мезгілін білдіреді.(күз)
- Себебі күзде ағаштардың жапырақтары сарғайып жерге түседі.
Жер беті сары кілемге ұқсайды.
Жасыл шарды көрсету.
Бұл түс шөптердің түсі сияқты.
- Табиғат көктемде оянып, жер беті жасыл шөпке толады..
Ағаштар бүршік жара бастайды.(көктем)
Қызыл шарды көрсету.
- Қызыл түс қандай жыл мезгілін білдіреді.?
Қай уақытта гүлдер қызыл түске боялады?.(жаз)
- Балалар, түстерін білдік, енді сиқырлы шардың ішінде не бар екенін білгілерің келе ме?
Бұл сиқырлы шарлар тапсырмалар ала келіпті. Ендеше орнымызға отырайық жыл мезгілдердің тапсырмасын орындаймыз. Қазір бізде күз мезгілі, ендеше күз мезгілінің тапсырмасын орындайық.
1 - тапсырма. 1 - ден 5 - ке дейін тура және кері санау
Балалар енді мына суретке қарайықшы, бізде қоян нені жақсы көреді?
- Сәбізді
Ендеше қоян сәбізін ала алмай тұр екен, қоян сәбізіне жету үшін не қажет?
- Саты
Ол сатыны неден жасаймыз?
- Сандардан, қатар етіп қойып

Қыстың тапсырмасы
2 - тапсырма. Түстерді пішіндермен сәйкестіру
Дьенеш блогі

Көршісін тап
... 2...... 4...

СЕРГІТУ СӘТІ
1 дегенде тұрайық,
2, 3, 4 – алақанды соғайық,
Оң жаққа бұрылып,
Сол жаққа бұрылып,
Бір отырып, бір тұрып,
Біз жүгіріп алайық.
5 дегенде асықпай,
Орнымызды табайық.

Көктем мезгілінің тапсырмасы
3 - тапсырма.
Жазықтықта кеңістікті бағдарлау

Жаз мезгілінің тапсырмасы (қызыл түсті шар)
4 - тапсырма Геометриялық пішіндерден ойыншықтар құрастыру
Машина, робот, қоян, үй
Қорытынды:
Балалар бүгінгі сабақта қандай тапсырмалар орындадық?
1 - ден 5 - ке дейін тура және кері санадық.
Қоянға көмектестік
Геометриялық пішіндерден ойыншықтар құрастырдык
Сандардың көршісін таптық
Түстерді пішіндермен сәйкестендірдік
Сайқымазақтың тапсырмаларын орындап берген үшін сендерге риза болып жатыр.
- Жарайсыңдар, балалар, бәріміз келген қонақтармен қоштасайық.
Көріскенше күн жақсы,
Сау саламат болайық.
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: геометриялық пішіндерді ажыратуды
Игеру керек: сандарды тура және кері санау, түстерді пішіндермен сәйкестендіруді
Меңгеру керек: жазықтықта кеңістікті бағдарлауды
4 105
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
1 - ден 5 - ке дейінгі сандар.
1 - ден 5 - ке дейінгі сандар.
5 - ке дейін реттік санауды бекіту, тура және кері санауды меңгерту. Балаларға негізгі бес түстерді топтастыруға үйрету: ақ, қызыл, сары, көк, жасыл.
Бауырсақпен саяхат
Бауырсақпен саяхат
Бауырсақпен бірге орманға саяхатқа шығайық. (Бауырсаққа ұқсап домалап жүреміз)
Ашық сабақ «Математика еліне саяхат»
Ашық сабақ «Математика еліне саяхат»
Мақсаты: Балалардың тез санау, цифрларды атау және сандарды ретімен қою біліктерін бекіту. Уақытты бағдарлау жөніндегі білімдерін (таңертең, күндіз, кеш, түн) тереңдете түсу. Апта күндерін атап білу.
Дос болайық бәріміз
Дос болайық бәріміз
Мақсаты: Балалардың арасында жағымды қарым - қатынас орнату, бір - бірін сыйлауға, адал дос болуға және қоршаған ортамен дос болуға үйрету. 3 көлемінде сандық есептеуге үйрету.
Ғажайып математика
Ғажайып математика
Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Жаңабұлақ ауылы Жаңабұлақ ОЖББМ жанындағы «Қарлығаш» балабақшасының тәрбиешісі Аухатина Гүлжайна Айғалиқызы
Тапқырларға тапсырма
Тапқырларға тапсырма
Жалпы білім беретін № 6 орта мектептің шағын орталық тәрбиешісі Ержанова Айжан Базарбайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×