Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


1-ден 5-ке дейін тура және кері санау

18 тамыз 2015, Сейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы,
Форт - Шевченко қаласы, «Айгөлек» балабақшасы тәрбиешісі
Алипкалиева Тажигуль Ибраевна

Тақырып: 1-ден 5-ке дейін тура және кері санау

Балалар сап түзеп шығу.
Шаттық шеңберіне жиналу. Бір – бірімізге жылы – жылы лебіздерімізді, тілектерімізді айтайық.
Нұржан: Арайлап таң атты!

Ақгүлім: Алтын сәуле таратты!
Аида: Жарқырайды күніміз!
Камила: Жайнай түсті даламыз!

Аружан: Қайырлы таң, балалар!
Ақбаян: Қайырлы таң, апайлар!
Салтанат: Біз ерекше баламыз,
Айтқан тілді аламыз!

Балалар сап түзеп шығу.
Шаттық шеңберіне жиналу. Бір – бірімізге жылы – жылы лебіздерімізді, тілектерімізді айтайық.
Нұржан: Арайлап таң атты!
Ақгүлім: Алтын сәуле таратты!
Аида: Жарқырайды күніміз!
Камила: Жайнай түсті даламыз!
Аружан: Қайырлы таң, балалар!
Ақбаян: Қайырлы таң, апайлар!
Салтанат: Біз ерекше баламыз,
Айтқан тілді аламыз!
Гүлайым: Достарымды көргенде,
Қуана қарсы аламыз!
Аслан: Сәлем! Сәлем! Сәлем!
Ақнұр: Бүгінгі күн сәтті болсын!
Жұмакүл: Әрқашан әдемі болыңыздар!
Гүлдана: Мейірімді болайық!
Ақбота: Балабақшамыз жайнай берсін!
Аружан. Т: Ата – анамыз аман болсын!
Аружан. Қ: Бәрімізде дос болайық!
Тәрбиеші: - Рахмет, балалар! Сіздерге де бүгінгі күндеріңіз сәтті болсын деп тілек айтамын. Олай
болса, орнымызға жайғасайық. Бүгін мен сендермен «1 ден 5 ке дейін тура және кері
санау» тақырыбында ашық сабақ жүргіземін.
Сабақтың мақсаты: 5 санымен таныстыру, 5 санының қатарын ретімен санауға жаттықтыру.
Тәрбиеші: - Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар: - Қазір жылдың көктем мезгілі.
Тәрбиеші: - Көктемде неше ай бар?
Балалар: - Көктемде үш ай бар.
Тәрбиеші: - Көктем айларын кім атайды?
Аслан: - Наурыз, сәуір, мамыр.
Тәрбиеші: - Қазір көктемнің қай айы?
Аружан. Т: - Сәуір айы.
Тәрбиеші: - Көктем туралы кім қандай тақпақтар біледі?
Камила: - Көктем қандай көңілді,
Көктен жаңбыр төгілді.
Мөлдір аспан ашылып,
Күннің көзі көрінді.
Тәрбиеші: - Балалар, біздер бүгін «Ғажайып ғарыш әлеміне» саяхатқа шығамыз.
Балалар, ғарыш айлағы қай жақта деп ойлайсыңдар?
Балалар: - Ғарыш әлемі аспанда
Тәрбиеші: - Аспан әлемінде нелер бар?
Балалар: - Күн, Ай, Жұлдыз, Бұлт.
Тәрбиеші: - Ғарышқа немен ұшады?
Балалар: - Ғарышқа зымыранмен ұшады.
Тәрбиеші: - Ғарышқа қай қаладан ұшады?
Балалар: - Байқоңырдан.
Тәрбиеші: - Ең тұңғыш ғарышқа ұшқан адам кім?
Жасұлан: - Юрий Гагарин.
Тәрбиеші: - Тұңғыш қазақ ғарышкері кім?
Гүлайым: - Тоқтар Әубәкіров.
Тәрбиеші: - Балалар, енді ғарышқа ұшу үшін, бізге зымыран керек. Ол үшін түрлі – түсті
қағаздан зымыран құрастырамыз. Алдымен «Неге ұқсайды?» ойынын ойнайық.
Зымыранның ең үстіңгі бөлігі неге ұқсайды?
Балалар: - Үйдің шатырына, шыршаға.
Тәрбиеші: - Дұрыс – ақ. Бұл – үшбұрыш. Ортаңғы бөлігі неге ұқсайды?
Балалар: - Орамалға, кітапқа, есікке, орындыққа.
Тәрбиеші: - Ол – төртбұрыш. Төменгі бөлігі неге ұқсайды?

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
5 473
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Денсаулық - зор байлық. Бас әріппен жазылатын сөздер.
Денсаулық - зор байлық. Бас әріппен жазылатын сөздер.
Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту.
Он көлеміндегі сандар
Он көлеміндегі сандар
- Балалардың он көлеміндегі сандар туралы білімдерін пысықтау. Тура, кері санау, ауызша есептер шығару дағдыларын қалыптастыру.
Үй жануарлары
Үй жануарлары
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Форт - Шевченко қаласы, «Айгөлек» балабақшасы Алипкалиева Тажигуль Ибраевна
Алтын күз
Алтын күз
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Форт - Шевченко қаласы, МКҚК «Айгөлек» балабақшасының тәрбиешісі Раушан Сисенбаева
Ормандағы аңдарды құтқару
Ормандағы аңдарды құтқару
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, КМҚК №8 - ші «Теремок» балабақшасының тәрбиешісі. Бакеева Фарида Тоқтар қызы
Менің Президентім
Менің Президентім
Шалқар қаласы №6 орта мектебі Төреханова Г. – МАД «А» тобының мұғалімі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×