Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Денсаулық еліне саяхат

16 қаңтар 2019, Сәрсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Тақырыбы: «Денсаулық еліне саяхат»
Білім беру саласы: Денсаулық
Ұйымд. оқу іс - әрекеті: Валеология
Тақырыбы: Денсаулық еліне саяхат
Мақсаты: Балаларға денсаулық сақтау туралы түсінік беру, зейінін тұрақтандыру, ойлау қабілеттерін дамыту, байланыстыра сөйлеуін дамыту. Дене мүшелері
туралы біліп, тазалыққа, ұқыптылыққа үйрету. Өз денсаулығына деген дұрыс көзқарас қалыптастыру.
Ұйымд. әдісі: Ой қозғау, әңгімелеу, сұрақ - жауап, саяхат
Сөздік қор: Салауатты өмір салты, дәрумендер, дене мүшелері
Көрнекіліктер: Суреттер, «Валеология» елі картасы, муляждар,
Ұйымд. түрі: Саяхат

Ұйымд. мотив. қозғ. түрі
Рефлекс. коррекц.
«Шаттық шеңбері»
Армысыздар қонақтар!
Армысыздар достарым!
Болсақ та біз қаршадай,
Ойнау үшін шаршамай!
Құру үшін сән - саулық
Керек жақсы денсаулық!
Басты байлық – денсаулық!

- Балалар, бүгін мен сендерді «Валеология» атты тамаша әлемге саяхат жасауға шақырамын. Бұл салауатты өмір есігін ашатын сиқырлы кілт.
-«Валеология» - деген сөзді сендер қалай түсінесіңдер?
-«Денсаулық» әлемі бізге күш беріп, денсаулығымыз мықты болып өсуімізге көмектеседі.
«Валеология» елі картасымен саяхатқа шығамыз.
Денсаулық сақтау ережесі
Салауатты өмір салтын сақтау үшін біз не істеуіміз керек?
- Балалар сендер Дәрігер атай туралы не білесіңдер?

Суретпен жұмыс
- Мына суретте аюдың қолы, түлкінің аяғы, үйректің қанаты ауырады екен. Олар Дәрігер атайға ем іздеп келіп жатыр. Ал маймыл болса атайдың көмекшісі екен. Ол алдына келген науқастарды рет - ретімен, кезегімен жіберіп көмектесіп тұр екен.
Мақал - мәтелдер
- Денсаулық туралы мақал - мәтелдер білесіңдер ме?
- Жарайсыңдар, балалар. Мақал - мәтелдерді жақсы біледі екенсіңдер
Дәрумендер мекенінде:
- Дәрумендер мекені туралы не білесіңдер?
- Дәрумендерді қайдан аламыз?
Жеміс - жидек, көкөністер қайда өседі?
- Мына жеміс - жидектерді атаңдаршы:
- Мына көкөністерді атаңдаршы:
- Осы жеміс - жидектер мен көкөністерде қандай дәрумендер бар деп ойлайсыңдар?

Ғажайып себет.
Себетте жеміс - жидектер мен көкөністер. Балалар қандай дәрумендер бар екенін айтады.
- Егер денсаулығымыз мықты болсын десең, әрдайым жемістер мен көкөністерді жеп жүру керек.
- Ал, жемістер мен көкөністер туралы қандай тақпақтар білесіңдер?
- Қане, кім айтады?
Балалардың бастарында жеміс - жидек, көкөністердің
тәжін киіп шығады, тақпақтарын айтады.

- Керемет, балалар сендердің сондай тамаша білімді екендеріңді көрдік, жарайсыңдар.
- Осы дәрумендердің арқасында денсаулықтарың мықты, шымыр болып, ойларың, бойларың өсіп, ақылды боласыңдар.

Жұмбақ жасыру:
- Бас мүшелері туралы жұмбақ шеше аласыңдар ма?
1. Көреді бәрін өзгенің,
Көре алмайды өздерін.
2. Екі шырақтың ортасында бір өзім.
3. Күмбір - күмбір қарағым,
Қартайғанша жарадың.
4. Дәу үңгірдің қақпасы
Жабылады ашылып
Жоқ болса да топсасы
- Балалар әрбір бас мүшелерін тақтада қойып орналастырады (сурет бойынша)

Сергіту сәті
Шынығамыз жастай біз!
Жаттығуды бастаймыз!
Тазалықты сақтаймыз!
Біз ешқашан ұрсыспаймыз!
1, 2, 3
Бойымызға жинап күш
Иілеміз оңға бір, иілеміз солға бір,
Секіреміз топ - топ
Шапалақтап көп - көп!

Дәрігер атайды шақыру
Үй тұрады, балаларға үйге баратын жолға бағыт беріледі.
- Балалар бұл үйде кім тұрады екен?
- Есік қағылады.
Әже шығады:
- Бұл кім? Бұл кім? (көзі көрмейді екен)
- Кәне балалар, әженің көзі көрмейді екен, біз көмекке кімді шақырамыз?
- Дабыл ойнайды. Дәрігер атай келеді.
Әжеге көмектеседі.(сәбізбен емдейді)
- Осы кезде алыста отырған атаны көреміз.
- Жолмен секіріп - секіріп барамыз.
- Балалар, атаға көмектесейік.
- Ойбай, ойбай менің басым ауырып, құлағым қатты музыкадан естімей қалды.
(Дәрігер қырыққабаттың жапырағын басына салады)
- Енді тыныштық сақтайық!
- Ой балалар, сендерге рахмет. Енді мен қатты музыка емес, табиғаттың әдемі дыбысын еститін боламын.
- Әуенмен: құстардың дауысы естіледі)

Дәрігер атай жұмбақ жасырады.
- Балалар, менің сендерге тапсырмам бар, шешіп беріңдер.
1 - тапсырма
Тазалық – денсаулық кепілі
- Тазалық болмаса, денсаулық дұрыс болмайтынын сендер білесіңдер.
- Ертемен күнде сен
Қолыңа сүйкесең.
Кетіп кір ласың,
Тап таза боласың. Бұл не?

- Шомылған баланы
Аймалап алады
Сүртеді қолыңды
Сүртеді жоныңды. Бұл не?
- Балалар, бұл сұраққа жақсы жауап бердіңдер

2 - тапсырма
Тақтада 2 алма суреттері ілінген.
- Диас пен Латифаға 2 алма беріледі.
Біріншісі кір, жуылмаған, ал екіншісі таза, жуылған алма.
- Балалар, қараңдаршы. Диас пен Латифа алманы жегісі келіп тұр. Екеуіне алма беріледі.
- Осы жерде қайсысының әрекеті дұрыс?
- Егер алманы жумай жесеңдер, мына суреттегідей микробтар және түрлі құрттар ішкі ағзаға еніп, түрлі ауру тудырады. Сондықтан әрдайым жеміс - жидектер мен көкөністерді жуып жеу керек.
Дәрігер атай айтады:
- Бұл жерде Латифаның әрекеті дұрыс.
Дәрігер атай қоштасып өз еліне қайтады.
Балалар орындарына отырады.

Адамның дене мүшелері.
Адамның дене мүшелерін құрастырып көрсетеді.
Д/о: «Адамның дене мүшелерін құрастыр»
Шарты: Алдында тұрған ыдыстағы адам денесінің мүшелерін алып, адамның толық денесін құрастыру керек. (бас, кеуде, оң аяқ, сол аяқ, оң қол, сол қол)

Қорытындылау:
- Біздің денсаулығымыз мықты болу үшін балалар тәрбиешімен бірге тазалық ережелерін қайталайды.
Денсаулық ол шыныққан,
Барлық дене мүшесі
Жүйке, тамыр жүйесі.
Денсаулық ол күлуің,
Денсаулық ол жүруің,
Ешбір жерің ауырмай.
Салауаттың кеңесін
Жадымда біз ұстаймыз!
Апайлардың кеңесін
«Қарлығаш» тобы құптаймыз!
- Өте жақсы балалар, бүгінгі «Валеология» елі картасы бойынша саяхатымыз сәтті аяқталды.
Денсаулық еліне саяхат жүктеу
9 430
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ересек топтарға арналған перспективалық жоспар
Ересек топтарға арналған перспективалық жоспар
Валеология» еліне саяхат. Біздің сүйікті досымыз - СӨС (салауатты өмір салты) дәрігері.
Денсаулық еліне саяхат
Денсаулық еліне саяхат
Денсаулық сақтау туралы түсінік беру, зейінін тұрақтандыру, ойлау қабілетін дамыту, сөздік қорын байыту, байланыстыра сөйлеуін дамыту, Отанын, жерін қорғауды түсіндіру, дене мүшелері туралы түсінік беру, тазалаққа үйрету, мейірімділікке, ұқыптылыққа
«Денсаулық еліне саяхат» спорттық сайысы
«Денсаулық еліне саяхат» спорттық сайысы
Балаларға ойындардың мазмұны мен ерекшелігін, ойын түрлерін, ережелерін меңгерте отырып, қимыл – қызығушылығын ескере шапшаңдыққа, ептілікке баулу, дене бұлшықеттерін дұрыс қалыптасуын, спортқа деген қызығушылығын арттыру.
Денсаулық
Денсаулық
Қостанай облысы, Ұзынкөл ауданы, «Бауман орта мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Хаджиева Ж. Қ.
Денсаулық - зор байлық
Денсаулық - зор байлық
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Жетібай ауылы, №3орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Бердіғалиева Рауаш
Денсаулық зор байлық.
Денсаулық зор байлық.
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Шалқар қаласы №5 орта мектебінің өзін-өзі тану пәні мұғалімі Құдабаева Айгүл Болатбайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×