Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған.

01 қыркүйек 2019, Жексенбі
Категориясы: Бала-бақша
Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған.
Балалар күзгі әуенмен залға кіреді.
Жүргізуші: Қарсы алайық бәріміз,
Жасымыз бен кәріміз.
Қырдан кепті қыдырып,
Алтын күзге бізге нұр төгіп.
Тілегім аман болсын ел іргесі,
Алтын күз қайта келді берекесі.
Молшылықтың жаршысы бола білді,
Алтын күз - ырыс, береке, бірлік ала келді.
Армысыздар ата - аналар, қадірлі қонақтар! Бүгін біз жыл мезгіліндегі ең тамаша -«Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!

1 - Елхан: Алтын, сары, қызыл, көк
Алуан - алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.

2 - А. Амина: Түсті алтын жапырақ,
Ағаштан үзіліп.
Ұшты ұзақ сапарға,
Тырналар тізіліп.

3 - Айсұлу: Алқаптан бидайды,
Қоймаға ел жинайды.
Тырнасы тізілген,
Ұнатам күзді мен.

Жүргізуші: Ал, балалар, балалар,
Енді бері қараңдар
Бізге қонақ келмекші
Сендерді бір көрмекші
Әуелі жұмбақ жасырам
Қулығымды асырам.
Таба алсаңдар шешімін
Қонағымды ортаға шақырамын.
Бұлттар төгіп жерге шөгіп,
Дымқыл тұман басады,
Шөп сарғайып, өңі тайып,
Дала сұры қашады.
Бой жаза алмай, ойнай алмай,
Денең мұздап тоңады,
Бөбектерім айтыңдаршы
Бұл қай кезде болады?
- Жарайсыңдар, ендеше қонағымызды қарсы алайық!
Күз ханшайымы: Сәлем менің достарым,
Өмірге көп қосқаным,
Күз сыйлығын алыңдар
Сыйлығына қаныңдар.
Молшылыққа кенеліп,
Шаттық әнге салыңдар.

Жүргізуші: - Ал, балалар өнерімізді көрсетіп, мерекені тойлайық.

4 - Әмірхан: Сарғайды тоғай,
Сап - сары маңай.
Соңғы әнін айтып,
Құс кетті қайтып.

5 - Нұрсұлтан: Жапырақ ұшты,
Суық та түсті.
Сонда да бізге,
Қызық көп күзде.

Жүргізуші: Ән салыңдар күліңдер
Жайнап гүлдей жүріңдер
Күздің тойын тойлайық
Би билейік, ойнайық.

Ән: « Күзге сәлем» қабыл алыңыздар!
Күз ханшайымы: - Рахмет, балалар.
Жүргізуші: Күз ханшайымы, біздің балалар көкөністерді жемістерден қалай тез ажырата алатынын білесіз бе?
Күз ханшайымы: Білмейді екем...
Жүргізуші: Ендеше тамашалаңыз.(Ойын «Көкөністерді ажырат» )
Жүргізуші: -- Жарайсыңдар, балалар! Көрдіңіз бе, Күз ханшайымы, біздің балалар қандай епті, жылдам.
Жүргізуші: Кезегімізді өлең шумақтарға берейік.

6 - Айлин: Берекесін сыйлауға,
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға,
Шақырады біздерді.

7 - Аңсар: Ай жапырақ - сары алтын
Айналаның бәрі алтын.

8 - Мадина: Қуандырып біздерді,
Өлкемізге күз келді.

9 - Ж. Әмина: Кел, жемісті алтын күз,
Қуансын еліміз.

10 - Алинұр: Жемісі мол теретін,
Күз дос екен бізбенен.

11 - Санжар: Бәрін тауып беретін,
Жомарт екен күз деген.

12 - Айзере: Күзде жауын, бұлт, тұман,
Сары жапырақ жауады!
Сары боран ұйытқыған,
Сапырады ауаны.
Жүргізуші: Табиғат - Ана ғой.
Тағдыр ғой күз деген.
Тыныштық бұзылма,
үмітті үзбеген.
- Балалар, бұл не дауыс? Қане, тыңдайықшы
Ортаға бұлт келеді.
Жүргізуші: Әсем әуен салдырған
Сәбилер де алғыр жан
Бал дәуреннің қызығын
Есте қалар балдырған.
Ән: «Жаңбыр»
Жүргізуші: Бүлдіршінмен бәріміз,
Отбасындай бір ұямыз
Береміз ендеше
Би өнеріне кезегін.
Бұлт, сізге арнап балалар би билеп береді.
Би: «Көңілді полька»
Ойын: «Күн мен жаңбыр!»
Күз ханшайымы: Керемет! Қандай әдемі! Балалар, менің басқа балабақша бүлдіршіндеріне баратын уақытым болыпты. Мен енді кетейін, сау болып тұрыңдар! Келесі кездескенше аманшылық болсын!

Жүргізуші: Күз ханшайымының сыйы - жемістерден дәм тататын кез келген сияқты, тобымызға баруға жиналайық.
Құрметті қонақтар, ата - аналар бүгінгі «Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған» - атты ертеңгілігімізді аяқтай отырып, күз берекелі, астықты болсын демекпіз.
«Берекелі бақ дәулет, арта түссін тойланып
Сау болыңдар қонақтар, келгенше жыл айналып».
4 495
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Алтын күз әсем айналам, еліме береке сыйлаған ертеңгілігі
Алтын күз әсем айналам, еліме береке сыйлаған ертеңгілігі
Алтын күз мерекесінің кереметтерін күз байлық, күз береке – молшылық күз - шаттық, күз қуаныш екенін бала санасына жеткізу.
Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған
Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған
Қарсы алайық бәріміз, Жасымызбен кәріміз. Қырдан кепті қыдырып, Алтын күз бізге нұр төгіп.
Аяулы күз, алтын күз!
Аяулы күз, алтын күз!
Мұнда назар салайық Мерекесі халықтың Алтын күзге арналған Ертеңгілікті бастайық.
Саңырауқұлақ саясында
Саңырауқұлақ саясында
Құрметті ата - аналар балалар. Сіздерді «Алтын күз» атты ертеңгілігімізді тамашалауға шақырамыз.
Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған
Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған
Армысыздар ұстаздар мен ата - аналар, қадірлі қонақтар! «Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Алтын күз, әсем айналам, еліне береке сыйлаған!
Алтын күз, әсем айналам, еліне береке сыйлаған!
Күздің ерекшеліктері туралы алған білімдерін толықтыру. Тақпақтарды мәнерлеп айтуға жаттықтыру. Би элементтерін нақты орындауға жаттықтыру
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×