Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


«Күзгі жаңбыр»

03 желтоқсан 2021, Жұма
Категориясы: Бала-бақша
Тақырыбы: «Күзгі жаңбыр»
Мақсаты: Балаларға табиғаттағы көңіл күйді түстер арқылы сезе білуге үйрету. Суық түстерді пайдалана отырып, күзгі жаңбырды бейнелей алу;
«Квиллинг» техникада жұмыс істей алу дағдыларын жетілдіру;
Заттық - дамытушы орта: Табиғат құбылыстар (Жаңбыр, жел, боран, қар, дауыл, найзағай) және т. б. құбылыстар бейнеленген суреттер мен фотосуреттер, дайын қиылған жолақ қағаздар, бұлттың суреті бейнеленген қағаздар, желім, дымқыл қолорамал.
Әдіс - тәсілдер: Түсіндіру, көрсету, сұрақ - жауап, ойын, сергіту сәті.
Билингвалды сыңары: Жаңбыр – дождь - rain, тамшы – капелька - droplet
Оқу қызметін ұйымдастыру:
Шаттық шеңбері
Достар бері келіңдер,
Қолдарыңды беріңдер.
Шаттық толы шеңберге,
Қуанышпен еніңдер!
Балаларды жақсы көңіл күймен орындарына жайғастыру.
Жұмбақ
Жабағыны ұшырдым,
Жерге моншақ түсірдім.
(Жаңбыр)
Балалардың дұрыс жауабынан соң, жылдың осы кейбір мезгілінде жаңбырдың көп жауатыны, әрбір жыл мезгілінің өзіндік табиғи ерекшелігі, өзіндік әсемдігі бар екенін түсіндіру.
- Күз мезгілінің ерекшеліктерін атай отырып, табиғаттағы ауа райы құбылыстарын суреттер қарау арқылы айту.
- Боран, жел, дауыл, қар, жаңбыр, найзағай.
- Ал, осы күз мегзілінде жиі болатын құбылыс қайсы?
- Жаңбыр, дұрыс, айтасыңдар.
- Балалар, бүгінгі жапсыру оқу қызметімізді квиллинг әдісін қолдана отырып, жаңбыр тамшыларын жасаймыз.
Қағазға байланысты әр түрлі қолөнер түрлері бар:
· Квиллинг -(ағыл. «quilling» - құс қауырсыны)
· Киригами -(жапон. Kiru - қию, gamy - қағаз)
· Оригами - (жапон. Origamy - бүктелген қағаз)
· скрапбукинг -(ағыл. Scrapbooking - «құрақкітап»)
· Папье - маше - (фр. papier mâché - шайналған қағаз)
· Аппликация - (лат. Аpplication - жалғау, жабыстыру)
Мұндағы пайдаланылатын негізгі материал - қарапайым қағаз. Квиллинг - жұқа қағаз таспаларын шиыршықтап орай отырып, түрлі бейнелер мен бұйымдар жасауөнері. Оны жасауға арналған арнайы квиллинг қағазы да болады. Қағазды шиыршықтап орау мақсатында құстыңқауырсынын пайдаланған. Қағазды жіңішке әрі ұзыншалап қиып, оны шиыршықтап (спираль тәрізді), түрлі формаға келтіріп жаңа дүние жасайтын қолөнерді квиллинг деп атайды.
Қимылды ойын: «Күн және жаңбыр»
Мақсаты: - Музыка әуені ойналған сәтте балалар қимыл - қозғалыс жасап ойнап жүреді. Әуен тоқтаған сәтте балалар қолшатыр астына тығылады.
Ойын бірнеше рет қайталанады.
- Балалармен жұмыс барысын түсіндіру.
Қайшымен жұмыс істеу ережелері: Қайшыны үстелдің шетіне қойма, ашасын жауып қой. Жұмыс істеу кезінде қайшының кесетін бағытын және сол қолыңның саусақтарын қадағала. Қайшының ұшын жоғары ұстама.
Жолдасыңа қайшы берер кезде жабық күйінде, жұмыс істейтін бөлігін ұстап, сақинасын жолдасыңа қаратып бер.
Желіммен жұмыс жасап болғаннан кейін, міндетті түрде қолыңды жууың керек.
Орындалу барысы: қағаз ораудың кезеңдері.
· Екі саусақпен қағаз жолағын аламыз.
· Ұшы кішкене майысу үшін, жолақтын ұшын басқа қолдын екі саусағымен қысып, үстінен тырнақпен жүргізе отырып, созу.
Майсқан жолақтын ұшы оп оңай бізге оралады. Тығыз ғылып бірнеше рет орау. Оралымның диаметрі 3 - 4 мм жеткен кезде оны бізден алып қолмен орауға болады. Қағаз лента тарқатылмайтындай тығыз дискіні екі қолмен орап саусақтармен ұстап тұру. Енді саусақтарды сәл босанқыратып, спиральге кішкене ашылуға мүмкіндік беру үшін. Жолақтын ұшын желімімен желімдеу. Енді ораманы екі саусағымен қысса, «Тамшы» атты оралым пайда болды. Бұл «тамшы» және «жапырақ» оралымдары деп атайды.
Жұмыс барысын түсінген балалар өздері сурет салуға кіріседі.
Сергіту сәті:
«Хоки - поки» видео арқылы сергіту жаттығуын орындайды.
Қорытынды: тәрбиеленушілердің еңбектерін қарап шығып, жақсы жасалған жұмыстарын бағалау.

Тараз қаласы,
№13 бөбекжай - бақшасының
бейнелеу өнері жетекшісі Касымбекова Маржан
2 308
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Алтын күзде қонақта
Алтын күзде қонақта
Балалардың рухани мәдениетін қалыптастыру. Күз туралы түсініктерін кеңейту. Табиғатты аялауға, қорғауға тәрбиелеу.
Алтын күз әсем айналам, еліме береке сыйлаған ертеңгілігі
Алтын күз әсем айналам, еліме береке сыйлаған ертеңгілігі
Алтын күз мерекесінің кереметтерін күз байлық, күз береке – молшылық күз - шаттық, күз қуаныш екенін бала санасына жеткізу.
Шебер класс "Алтын күз"
Шебер класс "Алтын күз"
Мен айналадағы ағаштар мен жердегі шөптерді әлде қашан күз түсімен бояп тастадым.
Табиғат құбылыстарының ерекшелігі неде?
Табиғат құбылыстарының ерекшелігі неде?
Табиғат құбылыстарын сипаттау (жел, тұман, найзағай, жаңбыр және т. б.)
Күз мереке, күз береке
Күз мереке, күз береке
Күз мезгілінің мерекелі, берекелі екенін ұғындыру, жемістер мен көкөністерді ажырату, пішінін ажыратуға үйрету, күз ерекшелігі туралы түсінігін кеңейту. Сөздік қорын дамыту.
Күз келді
Күз келді
Жыл мезгілдерінің ауысу, ерешеліктерімен танысу. Жыл мезгілдеріне деген қызығушылығын арттыру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×