Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Аналарға мың алғыс!

12 наурыз 2013, Сейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Тақырыбы: «Аналарға мың алғыс!»
Барысы:
Жүргізуші: Армысыздар ақ жаулықты әжелер, ардақты да аяулы аналар! Мерекелеріңіз құтты болсын! «Аққу» тобы бүлдіршіндерінің «Аналарға мың алғыс!» атты мерекелік ертеңгілігіне қош келдіңіздер!
Музыка ырғағымен ұлдар залға кіріп, жарты шеңбер болып тұрады.
Жүргізуші: балалар бүгін аналардың мерекесі ғой. Бәрі дайын ба? Ешкім кешіккен жоқ па? Әне қыздар да келе жатыр! Қарсы алайық!
Музыкамен қыздар келеді.
Жүргізуші: қараңдаршы біздің қыздарымыз қандай әдемі болып кеткен.
Ұлдар қыздарға басын иіп, гүл береді. Ұлдар тақпақ айтады.
Рамазан:
Мені жақсы көреді
Күндей күліп келеді.
Көп ертегі біледі
Маған айтып береді.
Нұржан:
Аналарды сүйеміз
Сөзін ойға түйеміз
Әжені де ардақтап
Әдеппен бас иеміз.
Жеңісбек:
Әлпештеген баласын
Ана бақыт, ана күн
Әркім сүйіп өзінің
Мақтан етер анасын
Абдулла:
Жамандықтан сақтандырып
Жақсы ісімді мақтан қылып,
Мәпелеген ақ мамамды
Жүрсем деймін шаттандырып.
Жүргізуші: біздің ұлдарымыз қыздарға тосын сый дайындап қойыпты. Бізге қонақтарды шақырыпты. Балалар оларды шақырамыз ба?
Балалар: ия
Залға екі сайқымазақ келеді.
Жүргізуші: Сәлеметсіңдер ме, сайқымазақтар!
Бірінші сайқымазақ: сәлеметсіңдер ме! Менің атым Тили Вили. Мен сендерді құттықтауға сонау Америкадан келдім.
Екінші сайқымазақ: ал менің атым Вили Тили. Менде сендерді құттықтауға келдім. Біз қазір мереке бойы сендерді күлдіріп, көңіл күйлеріңізді көтереміз.
Сайқымазақтар түрлі акробатикалық номерді көрсетпекші болады. Бірақ қолдарынан келмейді.
Жүргізуші: Қой Вили Тили. Сендер қазір жарақаттанып қаласыңдар. Оданда біздің балаларымыздың өнерін тамашалаңыздар.
Ән: «Ақ әжем» Жұмат Абдулла
Жанель:
Әр сөзімді жаттаған
Жүрегімде сақтаған
Анашым деп мақтанам
Айналайын ақ мамам
Айбек:
Мен мұғалім анамның
Өнегесін аламын
Ертең менде анамдай
Оқытушы боламын.
Бекзат:
Айналайын анашым
Әлпештеген баласын
Еміп өскен бөбекпіз
Анамыздың мамасын
Мерей:
Шашымды өріп тараған
Қабағыма қараған
Үлкен кіші демейді
Сыйлайды оны бар адам
Балжан:
Менің Әжем мейірбан
Мені жақсы көреді
Қажетіне жарасым
Жас балаша күледі.
Іңкәр:
Анам менің әдемі
Анам менің тірегім
Анам менің жүрегім
Анамды мен сүйемін
Бірінші сайқымазақ: қандай жақсы балалар. Өнерлі екен. Тағы да тыңдайықшы.
Жүргізуші: жоқ Тили Вили. Біз мерекемізді жалғастырайық.
Осы кезде гуілдеген бір дыбыс естіліп, мыстан бикеш келеді.
Мыстан бикеш: мұнда не қылған мереке болып жатыр? Сендер неге мәз болып жатырсыңдар?
Жүргізуші: сен кімсің? Неге мерекеге кедергі жасайсың?
Мыстан бикеш: мен мыстан бикешпін. Мыстан кемпірдің жалғыз сүйікті немересімін.
Екінші сайқымазақ: ал мыстан кемпірдің өзі қайда?
Мыстан бикеш: ол зейнет демалысында. Мен енді оның орнын басып, барлық мерекелерді бұзамын. Сендердің де мерекелеріңді бұзамын. Қайтыңдар мереке болмайды.
Жүргізуші: қалайша? Балалар бүгін аналарын мерекесімен құттықтауға келді ғой. Сен оданда балалардың өнерін тамашала.
Мыстан бикеш: балалардың қандай өнері бар?
Жүргізуші: біздің балалардың өнері көп. Олар ән айтып, би билейді, тақпақ айтады.
Мыстан бикеш: жарайды көрсем көрейін.
Би: «Балапандар»
Анель:
Баланың да тірегі
Дананың да тірегі
Шаншымасын ешқашан
Аналардың жүрегі
Ажар:
Шай қайнатып берейін
Шекер салып жан әжем
Өзім құйып берейін
Балдай тәтті жан әжем.
Айша:
Ана көркі көгімнің
Ана нұры жерімнің
Ана бағы баланың
Мақтанышы елімнің
Дильнара:
Менің әжем, гүл әжем
Алтын әжем күн әжем
Анам үшін, мен үшін
Нағыз ана тілі әжем
Ару:
Бүгінгі көктем күнінде
Барлық адам қуанар
Аналарды мейраммен
Құттықтайды балалар
Динара:
Ананың біз гүліміз
Ана біздің күніміз
Ұландарды қуантып
Ұзақ өмір сүріңіз
Жүргізуші: мыстан бикеш саған ұнады ма?
Мыстан бикеш: ой балалар билерің мен тақпақтарың қандай тамаша! Маған ұнады. Менде әжем мыстан кемпірді осылай құттықтауым керек екен ғой. Мен енді соған кетейін. Сендерге рахмет. Маған осыны түсінуге көмектестіңдер.
Осы кезде ортаға бір бала шығып: «Ендеше мыстан бикеш мына гүлді біздің балалардың атынан мыстан кемпірге апарып бер»
Мыстан бикеш: рахмет сендерге балалар! Сау болыңдар!
Мыстан бикеш кетеді.
Жүргізуші: мыстан бикештің түсінгені қандай жақсы болды. Енді мерекемізді жалғастырайық.
Ән: «Апатайым анашым» Нуридин Бағдәулет
Жансұлу:
Әжем менің әлі де
Ұқсамайды кәріге
Шай қайнатып береді
Қажет болса бәріне
Айсана:
Өзің мені өсірген
Айналайын ақ әжем
Тентек болсам кешірген
Шөлдедің бе дана әжем
Әсем:
Менің әжем жыр әжем
Ұл мен қыздың бағы әжем
Ертегі айтап бер десең
Айтап берер тағы әжем
Фариза:
Анашым деп мақтанам
Айналайын ақ мамам
Қасиет:
Бүгін наурыздың сегізі
Сұлулықтың сегізі
Әдемі сөз адамның
Анаға айтар лебізі
Ердос:
Сене өскен балалар
Батырлар мен даналар
Құттықтаймыз мейраммен
Құрметті аналар!
Бірінші сайқымазақ: қандай тамаша балалар!
Жүргізуші: Тили Вили бүгін аналар мен қыздардың ғана мейрамы емес сонымен қатар әжелеріміздің де мейрамы. Біздің балаларымыз әжелеріне жылы сөздерін айтқысы келеді екен.
Ойын: ортаға екі әже шығып орындыққа жайғасады. Ал немерелері әжелеріне жетем дегенше әжелеріне арнаған жылы сөздерін айтып барып, бастарына орамал тағады.
Мөлдір:
Менің әжем бұл әжем
Айтқан сөзі дәл әжем
Аман болса көреді
Қызығымды әлі әжем
Ақбала:
Менің әжем нар әжем
Көп жасаған кәрі әжем
Ауырғанда мен үшін
Әр сүйгені дәрі әжем
Нұрлыбек:
Әжем өрнек тереді
Сырмақ сырып оюлап
Басы аура береді
Шай ішпесе қоюлап
Бірінші сайқымазақ: жарайсыңдар балалар! Балалар менің сендерге көрсететін бір сиқырым бар. Бір гүлді қорапқа салып: «қазір осы гүл басқа түске боялады». Шығарса боялмайды.
Екінші сайқымазақ: сен білмейсің. Сиқырлы сөздер айту керек қой. Балалар қандай сыйқырлы сөздер білесіңдер?
Балалар: Фокус – мокус
Бірінші сайқымазақ: қараңдаршы балалар гүл кәмпиттерге айналып кетті.
Балаларға кәмпиттер тарқатылып беріледі.
Жүргізуші: осымен біздің мерекеміз аяқталды. Қымбатты да аяулы аналар! Мерекелеріңіз құтты болсын! Дендеріңіз сау, көңілдеріңіз шат болсын, әрқашан аман болайық. Сау болыңыздар!
15 941
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ертеңгілік: Шуағын шашқан - аялы алақан
Ертеңгілік: Шуағын шашқан - аялы алақан
8 – наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Көктемнің шуақты күндерімен қатар келіп жатқан төл мерекелеріңіз құтты болсын!
Аяулы анашым! 8 - наурыз аналар мерекесіне арналған ертеңгілік
Аяулы анашым! 8 - наурыз аналар мерекесіне арналған ертеңгілік
Сіздерді көктемнің алғашқы айында еліміздің барлық жерінде тойланатын 8 - наурыз әжелер, аналар, қыздар мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!
Ана бақыты баламен.
Ана бақыты баламен.
Балаларға 8 - наурыз халықаралық мейрамы екенің ұғындыра отырып, аналарын ешқашан ренжітпеуге, қолғанат болуға, әрқашан құрметтей білуге тәрбиелеу.
Ана - өмір шуағы
Ана - өмір шуағы
Көктемнің алғашқы мерекесі 8 - наурыз аналар мерекесін тойлауға жиналып отырмыз. Мерекелеріңіз кұтты болсын!
8- наурыз мейрамына арналған ертеңгілік сценарий
8- наурыз мейрамына арналған ертеңгілік сценарий
Құрметті әжелер, аналар! Сіздерді келген 8 - наурыз мерекесімен құттықтаймыз.
Балабақшаға арналған сабақтар топтамасы
Балабақшаға арналған сабақтар топтамасы
Ақтөбе обылысы, Ойыл ауданы, «Асанәлі»балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны тәрбиешісі Калниязова Айнур Кудайбергеновна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×