Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тәрелкені әшекейлеу

21 мам 2013, Сейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Шығармашылық сабақ, Бейнелеу өнері
Ересектер тобы

Білім беру саласы: Шығармашылық
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Бейнелеу
Тақырыбы: Тәрелкені әшекейлеу
Мақсаты: Балаларды өнер әлеміне баулу арқылы өз ойларын көркем жеткізе білуге дағдыландыру. Табиғат әлеміндегі сұлулықты сезіне отырып эстетикалық талғамын, шығармашылық құзіреттілігі мен қиялдау қабілетін дамыту. Бейнеленетін суретті түсіну арқылы іскерлік дағдыларын дамыту.

Әдіс тәсілі: ой қозғау, түсіндіру, сұрақ - жауап, сергіту сәті, бағалау, қорыту.
Көрнекілігі: проектор слайдтар, топтың безендірілуі, папе – маше арқылы жасалынған тәрелкелер, гуашь бояуы, сурет салатын таяқша, сүрткіш.
Алдын - ала жұмыс: клейстер мен қағаз қиындыларын пайдаланып папе – маше жасату.

Сөздік жұмыс: күлтелер.
Сөздік қор: папе – маше, гүл - жапырақ, ернегі, түйіні.
Пәнаралық байланыс: математика, көркем әдебиет, айналамен таныстыру.
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекет түрі: дәстүрлі емес о. і. ә. т.
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекет типі: жаңа білімді меңгерту.

[b]Мотивацялық қозғаушы кезең[/b]: Қараңдаршы, біздің гүл бағымыз қандай керемет, әдемі. Табиғат ана өзінің барлық әдемі ашық түсті бояуларын осы гүлдерге сыйлаған. Ал, сендер осы гүлдерге қарап отырып өздеріңді қалай сезінесіңдер? Көңіл – күйіміз көтеріле ме? Дұрыс айтасыңдар, гүл де адамдар сияқты тіршілік иесі. Гүлдерге қалай күтім жасасаң олар жайқалып құлпырып өседі.
[b]Ізденуші ұйымдастырушы кезең[/b]: Ендеше сендер осы гүлдердің қалай өсіп пайда болатынын білгілерің келе ме?
Экраннан көрсету:
Жер пайда болады, үстіне бір дән тасталынып, жаңбыр жауылады, күн шығып шуағын төгеді. Осыдан кейін гүл жарып шығады.
- Балалар, гүл және басқада өсімдіктер жайқалып өсуі үшін не керек екен? Ендеше бүгінгі бейнелеу оқу іс - әрекетінде сәндік қолданбалы өнердің тағы бір түрімен танысатын боламыз.
- Ал, сендер сәндік өнер түрлерінен қандай ою - өрнектерді білесіңдер?
Олай болса, біз бүгін өсімдіктерге байланысты гүл – жапырақ өрнегін салуды үйренеміз. Кәне, қайталайықшы гүл – жапырақ. Гүл - жапырақ өрнегі өзіміз күнделікті өмірде қолданылатын көптеген заттарда кездеседі екен. Мысалы, экранға назар аударайық.
(слайдтар көрсету)
Гүл – жапырақ өрнегі кілем, текеметтерде, орамалдарда, төсеніштерде, көйлектерде, ыдыстарда да кездеседі екен.
- Иә, балалар өрнектердің түрлері өте көп. Соның ішінде гүл – жапырақ өрнегін өзіміз жасаған тәрелкеде яғни папе-машеде бейнелейтін боламыз.
Папе – маше бірге айтамыз.
Үлгі нұсқаға тоқталып түсіндіру:
Мынау гүлдің – түйіні.
Бұл жерде гүлдің тұқымдарының шоғыры жиналған. Бұл нүкте тәрізді екен. (пішінін айту)
Сол түйіннен күлтелер пайда болған күлтелер қандай пішінге ұқсас? (гүлдің түсіне тоқталу)
Бұл ыдысымыздың ортасында бейнеленген гүл. Ал мынау ыдысымыздың ернегі. Қайталайықшы
Бұл ернегіндегі өрнек түрі ирек деп аталады. Осы ирек өрнегіне жапырақтың суреті салынған екен.
(салу жолын түсіндіру)
Біз бүгін гуашпен және күнделікті өзіміз тазалық үшін пайдаланатын таяқшамен жұмыс істейміз. Тек қана бояудың жылы түстерін пайдаланамыз. Әуелі ыдыстың ортасына дөңгелек пішін гүлдің түйінін саламыз. Мұны нүкте әдісі арқылы бейнелейміз. Күлтелерін төменнен жоғары қарай сопақша етіп төмен түсіріп саламыз. Тағы да төменнен жоғары қарай қайталанады. Енді осы күлтелердің ішін жоғарыдан төмен қарай қиғашынан сызып бояймыз. Енді ернегіне ирек өрнегін жасыл түсті гуашпен саламыз. Сол ирек өрнегімізге жапырақ өрнегін саласыз. Жапырақ қандай пішінге ұқсас? (жағу әдісін пайдалану)
- Балалар, жұмысқа кіріспес бұрын айналамыздағы әдемі гүлдер сияқты тербетіліп жайқалып алайықшы?

[b]Рефлексивті корекциялау[b]: Балалар жұмысы.
Балаға жеке көмек.
Ал, енді жұмысымызды болсақ, ас үйдегі шкафтың сөрелеріне тәрелкелеріңді әдемілеп орналастырайық.
- Балалар, ас үйіміз одан әрі әдемі болып кеткен сияқты.
Жұмыстарын талдау.
Ал енді балалар сендер папе – маше ыдысына әдемі гүл – жапырақ өрнегін салдыңдар. Маған да ұнады. Мен осы оқу іс - әрекетін бір шумақ өлеңмен қорытындылайын:
Көркем гүл, әдемі гүл
Әдемі ыдыста тұр
Маған да ауа беріп
Өзі де тыныстап тұр.
Ал, балалар біздің гүл бағымыздан қонақтарға гүл сыйлайық.

Күтілетін нәтиже: Қарапайым пішіндерде (сопақша, дөңгелек) өрнектерді құрастыра отырып, гүл бейнесін суреттей біледі.
Меңгеруі: Гүл – жапырақ өрнегін салуды, өсімдіктер элементтерінен өрнектерді ырғақпен орналастыруды (ирек сызық, нүктелер) меңгереді.
Жасай алуы: Қойылған міндеттерге сәйкес өз жұмысының нәтижесін бағалай біледі.
13 709
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
1 - 5 сандары
1 - 5 сандары
5 - ке дейін санауды бір саны және цифрымен таныстыру;
Мектеп жасына дейінгі балалардың эстетикалық тәрбиесі
Мектеп жасына дейінгі балалардың эстетикалық тәрбиесі
Баланың қоғамдық өмірде, еңбекте, табиғатта көркем өнерде бар әсемдікті сезіне білуге үйрету, тәрбиелеу деген сөз. Эстетикалық тәрбие балаға қоршаған ортаның көркемдігін, адамның рухани сұлулығын терең түсіндіре білу, сөйтіп оларды ойлау, қиялдау,
Көбелектер
Көбелектер
Қоршаған ортадағы сан алуан түстердің кереметтігі жөнінде айту. Білімдерін кеңейту, бекіту. Тақырып бойынша өз ойларын толық жеткізуге дағдыландыру. Балалардың жадында түстердің жатталып, ажырата білуіне дағдыландыру.
Алжапқыш
Алжапқыш
Балалардың алжапқыш туралы түсініктерін жетілдіру. Алжапқышты ұлттық ою - өрнектермен әшекейлеуді үйрету. Іскерлік дағдыларды қалыптастыру, алжапқышты әдемілеп әшекейлеу арқылы эстетикалық талғамын дамыту.
Аквариумдағы балықтар
Аквариумдағы балықтар
Балабақша тәрбиешісі: Орынбасарова Мейрамгүл Асқарқызы
Қыс бейнесі
Қыс бейнесі
Тогузбаева Гулмира Жаксылыковна №30 «Ұрпақ» МДҰ тәрбиешісі Ақтөбе қаласы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×