Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақстан - біздің үйіміз

09 маусым 2013, Жексенбі
Категориясы: Бала-бақша
Іс - әрекет тақырыбы: «Қазақстан ортақ үйіміз»

Мақсаты: Балаларға туған елінің, отанының Қазақстан Республикасының белгілерімен таныстыру. Өз ұлты мен басқа ұлт өкілдері жайында түсініктерін молайту. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру. Өз ұлтына тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру. Ардақтай білуге тәрбиелеу.
Керекті құралдар: Қазақстан Республикасының рәміздері. Ұлттық заттар, киімдер. Топқа күзгі жапырақтар шашып тастау.
Әдіс - тәсілдер: Әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ - жауап, өлең тақпақтар айту.
Сөздік қоры: «Қазақстан Республикасының рәміздері»
Олар: Әнұран, Көк ту, Елтаңба
Ұлт өкілдері: Орыс, қазақ.
Іс - әрекет барысы: Балалар қолында әдемі, гүлденген қорапшалармен кіреді...
Шаттық шеңбері: Амандасу.
Табиғатым тамаша,
Көз тоймайды қараса.
Табиғатты аялап,
Жүрейінші жараса.
Сәлем саған жер ана!
Сәлем саған нұрлы күн!
Аман - есен болайық
Бейбітшілікті қалайық.

Ой, балалар тоңып кеткен жоқсыңдар ма? Мен тоңып кеттім.
- Мына жапырақтар қайдан түскен?
- Ағаштан.
- Түсі қандай?
- Сары.
- Бұл қай мезгіл?
- Күз мезгілі.
- Күзде күн салқындайды, аспанды бұлт торлайды. Жиі - жиі жаңбыр жауады. Адамдар жылы киінеді. Қане балалар кім күз туралы тақпақтар біледі.

Ақмаржан: Алтын, сары, қызыл, көк,
Алуан - алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.

Аман: Қарашы күз келді, күз келді,
Жапырақ жауыпты іздерді.
Құс біткен керуен тізеді,
Қара бұлт қабағын түйеді.

Өте жақсы балалар.

Тәрбиеші: - Балалар бізбенен бірге кірген кім?
- Қай тілде сөйлеп тұр.
- Орыс тілінде.
- Біздермен ойын ойнады.
- Енді біз қонақпен қоштасайық.

Бұрыштарға барып қазақ елін бейнелейтін бұрышты тауып алып.

Тәрбиеші:
- Балалар біз қай елде өмір сүріп жатырмыз?
- Қазақстан.
- Бас қаламыз Елордамыз қалай аталады?
- Астана
- Біздің ұлтымыз қандай?
- Қазақ
- Біз қандай тілде сөйлейміз?
- Қазақ тілінде.

Тәрбиеші: Балалар мынау кең байтақ Қазақстан жерінде көп ұлт өкілдері тұрады.
Олар: Орыстар т. б. ұлт өкілдері тұрады.

Санжар:
Ана тілің арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.

Өте жақсы. Қане балалар шеңберге тұрайық.
Біз көп ұлтты мекенбіз
Ортақ біздің үйіміз.
Ортақ біздің жеріміз.
Жаса Қазақстаным
Жасасын қазақ еліміз.

Тәрбиеші:
- Балалар әр елдің өз белгілері болады. Мынау біздің Қазақстан Республикасының белгісі. Бұны балалар – Рәміздер деп атаймыз.
- Әнұран, елтаңба, көк ту.
- Елбасымыз кім?
- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Бәйтеректі көрсету. Астана, Бәйтерек туралы әңгімелеу.

- Балалар Астанаға барғандарың бар ма?
- Онда не көрдіңдер?
- Санжар мен Астанаға бардым. Онда бәйтеректі көрдім. Төбесінде дөңгелегі бар. Қасына суретке түстім.

Әнұранды орындау. Рәміздер туралы тақпақтарды еске түсірейік. Аяулым елтаңбаның қасына тұрып,
Көк аспандай көкпеңбек
Қазақстан жалауы
Көк емес ол тектен - тек
Елдің ашық қабағы.

Рамазан:
Абай туған, Сәкен туған
Құрметте досым қазақтың жерін
Қамбаға жылда алтын дән құйған
Қазақстан Республикам менің!
Балалар қазір ойын ойнаймыз.

Ойынның аты: «Өз түсіңді тап»
Ортаға шеңбер, жан - жағына түрлі - түсті ленталар тағылған. Сендер өздеріңе ұнаған лентаны ұстай бастаңдар. Тәрбиеші бақан болып көтерген кезде киіз үй сияқты болып шығады.

Шаңырақты көтеріп
Уықтарды құрайық
Өрімдей болып өріліп,
Киіз үй болып тұрайық.

Балалар қуанып шаттанады. Енді бұл киіз үйде не болуы керек. Сандық, көрпе, дөңгелек үстел. Ойынымызды серуенде жалғастырамыз.
Қорытындылау сұрақтары:
- Балалар біз қандай елмен таныстық. Қай ел туралы айттық?
- Рәміздер қалай аталады?
- Бізге кім қонаққа келді?

Жақсы жауап берген балаларды бағалау.
20 109
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
6 шілде Астана күні!, Жайнай берсін, Астана!
6 шілде Астана күні!, Жайнай берсін, Астана!
Балаларға еліміздің бас қаласы - Астана туралы мәлімет беру.
1 - қыркүйек – білім күні
1 - қыркүйек – білім күні
Балаларға 1 - қыркүйек күні – білім күні жайында түсінік беру. Өз туған елдеріне, жерлеріне, балабақшасына сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Байланыстырып сөйлеуге, сөйлем құра білуге үйрету.
Қазақстан – менің мақтанышым
Қазақстан – менің мақтанышым
Қазақстан – біздің Отанымыз. Еліміз үлкен, бейбіт, тәуелсіз мемлекет. Қазір көп ұлт өмір сүреді: қазақ, орыс, неміс, украин т. б. Ал, Назерке Республика туралы тақпақ біледі екен, бәріміз тыңдайық!
Ана тілім – бал тілім!
Ана тілім – бал тілім!
Туған елі, Отаны, Қазақстан Республикасының Рәміздері, ана тілі туралы білімдерін кеңейту, сөздік қорларын байытып, тіл мәдениетін жетілдіру. Туған тіліне, ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру. Отанымыздың патриоты болуға тәрбиелеу.
Көк тудың желбірегені
Көк тудың желбірегені
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Форт - Шевченко қаласы МКҚК «Айгөлек» балабақшасының тәрбиешісі Раушан Сисенбаева
Жайнай берсін, Астана!
Жайнай берсін, Астана!
Астана туралы мәлімет беру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×