Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тәуелсіз елдің ұланымын!

25 маусым 2013, Сейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Мақсаты: Еліміздің тарихы туралы түсінік беру. Өз Отанын сүюге тәрбиелеу. Еліміздің рәміздерін қастерлеуге үйрету. Туған елге деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Өз ана тілін, әдет - ғұрпын, салт - дәстүрін сақтауды бойына дарыту. 1986 жылы желтоқсанда ел азаттығы жолында құрбан болған ұл қыздарымыздың ерліктерін еске алу. Егемендіктің мәнін түсіндіру. Бүгінгі тәуелсіздікке қалай қол жеткізгенін зерделеу. Отанын, елін, жерін, сүюге, қорғауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Қазақстан Республикасының рәміздері. Желтоқсан құрбандары.

Тәрбиеші: Құрметті ұстаздар, ата - аналар, балалар! Бүгінгі ертеңгілігіміздің дүниені дүр сілкіндірген 1986 жылы болған желтоқсан оқиғасына арналады.
«Елімнің еркіндігі – Тәуелсіздік» атты ертеңгілігімізді бастаймыз.

Амандасу.
Армысыз қайырымды Аспан – ата!
Армысыз, мейірімді Жер - ана!
Армысыз, шұғылалы нұрлы күн!
Армысыз, балабақша, дос жаран!
Сәлеметсіздер ме, қонақтар мен апайлар!

Тәрбиеші: Желтоқсан әні
Әлі есімде ар мен намыс пәк мәңгі,
Еш аяусыз аяқасты тапталды.
Саперлердің күрегінен соққы жеп,
Қып - қызыл қан бояп жатты ақ қарды.

Жүректерге шер қатып,
Мұз - қар қонған - Желтоқсан
Кеудедегі күрсініс
Ызғар болған – Желтоқсан
Әділеттік жолында
Ұлың түгел халқым - ау
Құрбандығы қазақтың
Қызың болған - Желтоқсан!

Әлі есімде сұмдығы көп сол алаң,
Өткен күнге өкінішпен оралам
Озбыр күшке қарсы тұрған қаймықпай,
Қайран жастық сен қашанда бол аман

Құлдық ұрып көне берсең ырыққа,
Жер бетінен кетер едік құрып та
Қазақпын деп ойлар болсаң ағайын
Алматының желтоқсаның ұмытпа.

- Балалар, бізге тәуелсіздік оңай жолмен келген жоқ. 1986 жылы 16 желтоқсанда үлкен көтеріліс болды. Ол көтеріліс қазақ халқына кең байтақ жерімізге, жан - жақтан көз тігушілер аз болған жоқ. Оған Қазақстанның жас ұлдары мен қыздары шықты. Өз тілін, өз мәдениетін дамытам деген қазақтарға мүмкіндік бермей шайқас басталды.
Сол жастардың ішінде Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Спатаев Сабира Мұхамеджанова, Ляззат Асановалар болды. Бұлар Отан үшін, Туған жер үшін, ана тіліміз үшін, сендердің болашақтарың үшін үлкен ерлікпен қаза тапты. Өз алдына дербес, еркін мемлекет, ешкімге тәуелді болмай ішкі,
сыртқы мәселелерді өздерінің шеше алатын мүмкіндігі болуды тәуелсіз мемлекет дейміз.
1991 жылы 16 желтоқсанда Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Мемлекеті туралы заң қабылданды.

Шерхан:
- Әнұраным - жан ұраным,
Айтар әнім - сөйлер сөзім,
Туған жерім - сағынарым,
Мәңгі бақи шырқалады,
Республика әнұраны
/Әнұран орындалады/
Динара:
Намысымның шырағындай желтоқсан,
Тәуелсіздік пырағындай желтоқсан
Тарихымда із қалдырып, жаңғырып,
Аңыз болдың жыр – ағындай желтоқсан.
Жазира:
Бірлік түбі - береке
Береке түбі - мереке.
Егеменді ел болдық,
Тәуелсіздікке енді ендік.
Жанерке:
Осындай еркіндікті ел тілесін,
Бақыт құсы бағымызға еркін келсін
Ал енді тәуелсіздік құтты болып,
Көк байрақ мәңгі - бақи желбіресін!
Тәрбиеші:
1986 жылы желтоқсан көтерілісінде еліміздің еркіндігі, азаттығы үшін жандарын қиған Қайраттай ержүрек ағаларымыздың өз көзімізбен көрмесек те олардың шыңдық үшін күрескенін аянбай көз алдымызға елестетеміз.
Тұтқынға түстім жаутаңдай,
Жоламай ешкім қасыма
Бара қалсаң сәлем айт,
Елдегі құрбы – досыма.
Көрініс:
Расул:
Тергеуші:
- Сен 18 - і күні сағат 10 - да қайда болдың?
Имран: Қайрат:
- Жолдастарымен бірге Фурманов көшесінде болдым.
Расул: Тергеуші:
- Жоқ, сен өтірік айтасың, сен Сатпаев көшесінде милиционерді ұрдың! Сен кінәлісің, білесің бе?
Имран: Қайрат:
- Жоқ, мен ешкімді көргенім де жоқ, ұрғаным да жоқ.
Расул: Тергеуші:
- Ақымақ! Әкетіңдер! Көзін құртыңдар! Атыңдар!
Қайрат:
Күнәдан таза басым бар,
Жиырма бірде жасым бар,
Қасқалдақтай қаным бар
Бозторғайдай жаным бар,
Алам десең алыңдар,
Қайрат деген атым бар,
Қазақ деген затым бар.
«Еркек тоқты - құрбандық»,
Атам десең атыңдар!

Тәрбиеші: - Иә, бұл жазықсыз құрбан болған қазақ
азаматы Қайраттың соңғы сөзі еді. Елі үшін құрбан болған ержүрек аға - апаларымызды еске алып бір минут тұралық.
Раушан:
Жастық жырын желтоқсанда самғаттым,
Бұлбұл құсым үнін асқақ сайраттың,
Егеменді ел боп алдың бүгінде,
Рухына бас иемін Қайраттың.
Гүлім:
Қан төгілді қара жерге қаншама
Қайғылы жай белгісі ғой баршаңа.
Егеменді ел боп алдың бүгінде,
Қуанышым менің мәңгі тарқама!
Мадияр:
Тәуелсіздік оңайлықпен келмейді,
Бізге бұны ешкім аяп бермеді.
Тәуелсіздік – Қайрат, Ляззат, Ерболдың
Тас көшеде тас - талқан боп өлгені.
Ән: «Ел қорғауға әзірміз»
Тәрбиеші:
Егеменді ел болудың белгісі.
Басқа жұртпен тең жұлдызы тең күші
«Егемендік» деген сөздер естілер
Ата жұрттың арғысы мен бергісі.
М. Аружан:
Туған жерге нұр шашып, жарық берген,
Қуаныш пен мол бақыт алып келген
16 - шы желтоқсан шуақ болып,
Тәуелсіздік еліме алып келген.

Би: «Қара жорға»
Т:- Балалар, Қазақстан қандай ел?
Б:- Егеменді, Тәуелсіз мемлекет.
Т: Тәуелсіздігіміздің арқасында ұлттық рәміздер пайда болды.
- Еліміздің рәміздерін кім атап береді?
Б: Ту, Елтаңба, Әнұран.
Т:- Елордамыз қалай аталады?
Б:- Астана қаласы.
Т:- Қазақ елін кім басқарады?
Б:- Н. Назарбаев
Т:- Қазақстанда қандай ұлт өкілдері тұрады?
Б:- Орыс, неміс, қытай, өзбек, шешен. т/б.

Саламат:
Намысымның шырағы да – Тәуелсіздік
Сұрқай өмір сынағы да - Тәуелсіздік,
Жігіттіктің ұрпағы да – Тәуелсіздік,
Жаңа күннің шуағы да - Тәуелсіздік

Мерует:
Тәуелсіздік мерекесі – ел мерекесі тасыған,
Қазақ деген қайран жұрт бәрін кешті басынан.
Естісін ел үніңді, дүние түгел естісін,
Көтер биік тәуелсіздік туынды!

Нұрбек:
Жастай сүйіп аңсаған,
Тәтті күй мен кәусар ән.
Ол - біздің Қазақстан.

Ән: «Менің Отаным»
Альбина:
Көк байрақ иілмесін жығылмасын,
Көзге жас, кеудеге өксік тығылмасын
Тұрғанда көкшіл туың көкті тіреп,
Қазағым, сен қашанда тұғырдасың
Ән: «Балдырғандар»
Балалар болашақта қандай азамат, азаматша боламыз?
Балалар хормен:
Елімізді өркендететін,
Қазақ тілін көркемдететін
Бабаларға тағзым ететін.
Аналарға бас иетін,
Балалардан бар жақсылығын аямайтын
Туымен тұғырлы,
Елтаңбасымен еңселі.
Әнұранымен айбатты.
Біз қазақ елінің болашағымыз.
Тәрбиеші:
Тарихым жатыр тасыма
Тіл қатып келер ғасырға
Азаттық дейтін ұғымның,
Желтоқсан тұр басында.

Кешіміз өтіп жатыр салтанатты,
Төгілген күн нұрының шапағаты
Халайық қаттырақ қол соғыңыздар,
Әншіміз бар біздің де, Жанерке атты.
Ән: «Егеменді ел»
Осымен «Елімнің еркіндігі - Тәуелсіздік» атты ертеңгілігімізді аяқтаймыз.
Барлығыңызға Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын.
Халқымыз аман болсын. Елімізде бейбітшілік болсын
- Келесі кездескенше сау - сәлеметте болыңыздар!
Б:- Сау болыңыздар қонақтар!
47 773
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Желтоқсан қаһармандары
Желтоқсан қаһармандары
Оқушыларға еліміздің тәуелсіздік алғанына 18 жыл толуына байланысты Қазақстан туралы білімін кеңейту. Отанды сүюге, байлығымызды қорғауға, болашақта Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адамдар керек екенін түсіндіру.
Тәуелсіздік – ата бабам аңсаған
Тәуелсіздік – ата бабам аңсаған
Жезқазған қаласы, №10 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Батаева Зағира Карабековна
Тәуелсіздік – тұғыры
Тәуелсіздік – тұғыры
Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Суықбұлақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Матина Жанар Ескендровна
Тәуелсіздік - қазақтың сан ғасырлық арманы
Тәуелсіздік - қазақтың сан ғасырлық арманы
Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, №132 орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Мұхамеджанов Мейіржан Оразханұлы
Тәуелсіздік - ел тілегі
Тәуелсіздік - ел тілегі
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, ГКС-12 орта мектебінің мектепалды даярлық тобының мұғалімі Тулебова Назира Джеткергеновна
Елімнің еркіндігі - Тәуелсіздік
Елімнің еркіндігі - Тәуелсіздік
Астан қаласы, №63 балабақшасының ән күй жетекшісі Ізмаханова Құралай Еламанқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×