Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бала тілі бал

01 қазан 2013, Сейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
«Қазақ тілі апталығына» арналған «Бала тілі бал» тілашар ертеңгілігі

Мақсаты: Балаларға ана тілі туралы түсінік беру, білімін жетілдіру. Өзінің ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, ой өрісін, сөздік қорын дамыту. Туған халқының тілін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу.
Гимн орындалады.

Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті Тіл мерекесіне жиналған қауым! Ана тілі – адамның жан дүниесінің айнасы, өсіп - өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі. Ана тілі халық тарихының барлық кезеңдерін ұрпақтан - ұрпаққа жеткізетін асыл қазына.

Қазақ тілім өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл - қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым дара тілім – дей отырып,

Тіл мерекесіне орай ұйымдастырылған Ортаңғы «Арай», «Бөбек», «Балақай» топтардың арасындағы мерекелік ертеңгілікті бастауға рұқсат етіңіздер.
Балалар құтты болсын тілің бүгін,
Ашатын жан сарайын білімдерің.
Кешегі анаң айтқан, бабаң айтқан,
Тіліне зер салыңдар бұрынғының.
Әр бір тілде сөйле әлемдегі таң қылып,
Ана тілін білу заңдылық.
Өсер балаң, байтақ далаң тұрғанда,
Қазақ тілі жасау керек мәңгілік.
Хор: «Достық» ортаңғы топтар балаларының орындауында

Жүргізуші: Тілім, ділім, самғаған шарықтасын,
Самғаудан еш уақытта жалықпасын.
Өз алдында өмірден теңдік алған,
Ана тілім көгімде қалақтасын.
Балалар, бізге арнайы келген қонағымызды қошеметтеп қарсы алайық. (Музыка әуенімен залға Ару - Ана кіреді)
Ару - Ана: Сәлеметсіңдер ме, балалар, құрметті қонақтар! Мен Ару - Анамын! Сендердің балабақшаларыңда Тіл мерекесі болып жатқанын естіп, сендерге қонаққа келдім. Өздерің қандай керемет әдемісіңдер балалар.
Жүргізуші: Сәлеметсіз бе, Ару - Ана! Біздің мерекеге қош келдіңіз! Жоғары шығыңыз. Біздің бүлдіршіндеріміздің өнерін тамашалаңыз. Бүгін ортаңғы топтарың арасында өлең - тақпақтар жарысы өтейін деп жатыр. Осы балалардың өнерін бағалайтын әділ – қазы мүшелерімен таныстырайын.
1. Тажикенова Алмагул Сейфулинқызы даярлық - «Еркетай» тобының тәрбиешісі
2. Дүйсебаева Жанар Құдабайқызы - балабақша психологы
3. Абдыкаимова Бахытгул Карақойшықызы даярлық «Ақбота» тобының тәрбиешісі.
Ару - Ана: Балалар, сендер ойын ойнағанды жақсы көресіңдер ме? Олай болса мен сендерге бір дорба асығыммен келдім. Енді менің асықтарым жәй асық емес, сиқырлы өйткені қазір өздерің көрсіңдер. Үш топтан бір - бір баланы шақырамын қоржынымнан асықтың түсін және өздерінің белгісін таңдайды.

Асықтар:
№1 - қызыл асық «Бөбек»
№2 - сары асық «Арай»
№3 - көк асық «Балақай» таңдалынып алынады және топтар өз белгілерімен өнерлерін көрсетеді.
Ару - Ана: Қызыл асық алған топтың балаларына тақпақтарын мәнерлеп, анық айтуды тапсырады.
Жүргізуші: Ересек «Айгөлек» тобының бүлдіршіні Жұмақанова Аида «Астана» әнімен қарсы алыңыздар.
Ару - Ана: Көк асық алған топтың балаларына тақпақтарын мәнерлеп анық айтуды тапсырады.
Жүргізуші: Орыс ересек, даярлық топтарынан келген қонақтарының қазақ тілінде оқитын өлең тақпақтарын тамашалайық.
Ересек «Таңшолпан» тобының балалары:

Владик: Ана тілім - елдігім
Ана тілім – ерлігім.
Тілді биік құрметтеп,
Тойлап жатыр ел бүгін.

Дима: Ана тілім – ұраным
Ана тілім – құралым.
Ана тілім болмаса
Болмас енді жыр әнім.
Даярлық «Балдәурен» тобының балалары:
Вероника: Ана тілін қорғайық
Болашағын ойлайық
Ана тілін ұмытқан,
Надан адам болмайық.

Даша: Сүйесің өз тіліңді,
Боласың білімді.
Өз тілін үйретер,
Өнерді ғылымды,
Ардақта тіліңді.
Ару - Ана: Сары асық алған топтың балаларына тақпақтарын мәнерлеп анық айтуды тапсырады.

Жүргізуші: Сахнаны жандандырады биіменен
Саусақтары майысып дөңгеленген
Бір топ қызымыз алдарыңызда
Билейді әсем биді «Береке» деген би тобының биін тамашалаңыздар.

Жүргізуші: Бүгінгі «Бала тілі бал» тілашар сайысының қорытындысын айтуға әділ - қазы мүшелерін шақырамыз. Үш орын белгіленіп, мадақтама сыйлықтары таратылды.
Ару - Ана: Өнерлерің үстем болсын балалар! Әр дайым осындай тату дос болыңдар, өз тілдеріңді құрметтеңдер. Сендердің өнерлеріңе тамсанып, риза болдым. Сендерге ризашылығымды білдіріп тәтті бауырсағымнан дәм татыңдар деп алып келдім. Сау болыңдар. (Шығып кетеді).
Қорытынды: Жалпы би: «Қаражорға»
15 543
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Туған тілім Д. Әбілев
Туған тілім Д. Әбілев
Туған тілім - бабам тілі - өз тілім, Туған тілім - анам тілі - өз тілім.
Тілім менің тұтастығым тәрбие сағаты
Тілім менің тұтастығым тәрбие сағаты
Ана тілі - адам болып жаралғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп - өніп, түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі. Ана тілі жүректінің терең сырларын, халық тарихының барлық кезеңдерін, жанның барлық толқындарын ұрпақтан - ұрпаққа сақтап
Тіл мерекесі
Тіл мерекесі
Қазақ тілім өз тілім, ана тілім Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім. Қастерлейді ұл - қызың мәңгі сені Болашағым, бақытым дара тілім.
Тіл - ұлттың жаны
Тіл - ұлттың жаны
ШҚО, Тарбағатай ауданы, Тұғыл ауылында Ш. Уалиханов мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Мыкиянова Саркыт Турсынгалиевна
Тіл - біздің тірегіміз!
Тіл - біздің тірегіміз!
Қазақ тілім - өз тілім, ана тілім, Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім. Қастерлейді ұл - қызың мәңгі сені,
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×