Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ю дыбысы мен әрпі

22 сәуір 2014, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Ю дыбысы мен әрпі.
Сабақтың мақсаты: 1. Ю ю әрпі және дыбысымен танысу.
2. Ю ю әрпін дұрыс оқи білуге, сөздер
тізбегін мәнерлеп оқуға, мәтіннің мазмұнын
аша білуге дағдыландыру.
3. Үлкендерді сыйлауға, көмек көрсетуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың көрнелігі: суреттер, әріптер, слайдтар, электронды оқулық.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, ойындар, топтық жұмыс.

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Оқу құралдарын түгелдеу.
Психологиялық дайындық: Күннің нұры шуақты
Сергітеді денемді.
Құрдастарым сияқты
Оқушымын мен енді.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

1. Тақтамен жұмыс
А) «Я» әрпі кездесетін сөздерді теріп жазу:
Алаша, қияр, ұят, кітап, пияз, оймақ.
Ә) «Ж» әрпінен басталатын сөздерді теріп жазу:
Жаға, сағат, жастық, жусан, марал, зығыр.
Б) Буынға бөліп сөйлем құра: шаянның суреті.
2. Партадағы оқушылармен жұмыс:
А) Сөздер тізбегін оқыту;
Ә) «Сұр қоян» өлеңін жатқа сұрау;
Б) Кісі аттары мен жер - су аттырын оқыту.

ІІІ. Үй тапсырмасын қорыту.

1. Дыбыстық талдау жасау: баян, мая, таяқ, егіз.
2. Ұйқасын тап ойыны
Қонып алып жарға, Моп - момақан өзі,
Қарқылдайды.... (қарға) Сүп - сүйкімді.... (қозы)
3. Топтық жұмыс
«Кім тапқыр?» ойыны
І топ. Жемістердің суреті. «А» дыбысын тап. (А дыбысы кездесетін жемісті табу)
ІІ топ. Аңдардың суреті. «Қ» дыбысын тап. (Қ дыбысы кездесетін аңдарды табу)
ІІІ топ. Көкөністердің суреті. «З» дыбысын тап. (З дыбысы кездесетін көкөністерді табу)
4. Яя – қосарлы дауысты дыбыс. Й+А= Я
Айтылуы Жазылуы
Тайақ Таяқ
Шайан Шаян
Майа Мая
ІҮ. Сергіту сәті
«Маша мен аю» ертегісін көрсету.
Ү. Жаңа сабақ
- Балалар, біз жаңа қандай мультфильм көрдік?
- Осы мультфильмнің кейіпкерлерін атаңдар.
- Маша, аю.
- Аю сөзінде бізге таныс емес қандай дыбыс естіліп тұр?
- Ю.
- Ендеше біз бүгін Ю дыбысымен танысамыз.
1. Жұмбақ шешу
Қыс бойына жатады,
Тәтті ұйқыға батады. (Аю)
2. Кіріспе әңгіме
Ю дыбысы – дауысты дыбыс.
Қосарлы дыбыс – й+у= ю
Орыс тілінен енген.
Юра, оюлап, азаю.
3. Оқулықпен жұмыс
А) суретпен жұмыс;
Ә) сөздер тізбегін оқу;
Б) «Ою» мәтінін оқу, мазмұнын түсіндіру.
В) «Жақсы көрем» өлеңін оқыту.
4. Дәптермен жұмыс
Ю ю дыбысының баспа және жазба түрлерімен таныстыру.
Тақтада жазу, ауада жазу, дәптерде жазу.
Отыру ережесімен таныстыру.
ҮІ. Жаңа сабақты қорытындылау
1. Мияны жеп қоян,
Атанды ол ноян.
2. Балды жеп аю,
Ұйқыға батты қою.
(Оқушыларға екі рет оқытып, жатқа сұрау)
3. Ол балды жақсы көреді? Ол кім?
4. Атам қандай шай ішеді?
5. Әжемнің сүйікті ісі.
6. Адамзаттан ең бірінші ғарышқа ұшқан кім?
ҮІІ. Үйге тапсырма беру
«Ою» мәтінін оқу.
«Жақсы көрем» өлеңін жаттау.
Жазу қатарындағы үлгіні жазу.
ҮІІІ. Оқушыларды мадақтап, бағалау.
15 489
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
П дыбысы мен әрпі
П дыбысы мен әрпі
П п дыбысы мен әрпін таныстыру. П дыбысы дауыссыз дыбыс екенін ұғындыру
Т дыбысы және әрпі
Т дыбысы және әрпі
Өткен дыбысты қайталату, зейінін аудару. Жаңа т дыбысымен таныстыра отырып, сөздер ойлатып, оларды дұрыс буынға бөлуін қадағалау. Қолдарын әдемі жазуға үйрету және қызығушылығын арттыру. Жазуға қолдарын жаттықтыру.
Ә дыбысы мен әрпі
Ә дыбысы мен әрпі
Жаңа технологияларды қолдана отырып Әә дыбысы мен әрпін таныту, сол арқылы берілген сөздерді оқу мен жазуға, буын және оның түрлерін ажырата білуге үйрету.
Ф дыбысы мен әрпі
Ф дыбысы мен әрпі
Ф дыбысы мен әрпі жайында түсініктерін арттыру, Ф дыбысы бар сөздерді дұрыс оқуға баулу.
П дыбысы мен әрпі
П дыбысы мен әрпі
Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Жаңатаң орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Азиева Нурлыгул Изиметовна
Г дыбысы мен әрпі
Г дыбысы мен әрпі
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Сағыз селосы, №9 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Сахиева Ләззат
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×